Ұлы суретшілердің туындыларымен, пейзаж жанрымен таныстыру

Технологиялық карта

Орны

Ақтөбе қаласы, Кеңес Нокин ауылы

Білім беру ұйымы

Благодар орта мектебі

Тәрбиеші

Жайтуғанова Нұрлыгүл Шауқымқызы

Топ

Мектепалды даярлық тобы

Білімдік саласы

Шығармашылық

Бөлімі

Сиқырлы саусақтар

Тақырыбы

Табиғат әсемдігі

Мақсаты

Таныстыру

Ұлы суретшілердің туындыларымен және пейзаж жанрымен таныстыру.

Қызығушылықты арттыру

Шығармалардағы әсемдікті сезіндіру, балалардың сурет салуға деген қызығушылығын ояту.

Эстетикалық тәрбие

Әсемдікке баулу арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Қостілділік компонент

Табиғатприрода

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

  • Балаларға табиғат туралы суреттер бойынша түсінік беру.
  • Пейзаж ұғымымен алғашқы таныстық жүргізу.
  • Ұлы суретшілердің есімдерін атап, пейзаждық суреттерді көрсету.

Пейзаж дегеніміз не?

Пейзаж — француз тілінен енген ұғым; ол ландшафт пен табиғатты бейнелеуді білдіреді.

Бұл жанр дербес бағыт ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа да Шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада кеңінен дамыған.

Неліктен пейзаж маңызды?

Пейзаж белгілі бір жерді дәл көшіріп салу ғана емес. Онда суретшінің сезімі, ойы және табиғатқа деген көзқарасы көрінеді.

Адам өмірімен салыстырғанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты әсер қалдырады, ал пейзаж өнері осы мәңгілікті әр қырынан танытады.

Пейзаждың алуан түрі

Нақты көрініс

Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар, нақты көрінісін бейнелейді.

Қиялдан туған образ

Кейбір шығармалар суретшінің қиялынан туып, табиғатты жаңа қырынан ашады.

Мінез-құлықты беру

Қай түрі болмасын, суретшілер табиғаттың мінезін, көңіл күйін айқын жеткізуге тырысады.