Көпшіліктің көмегімен бір жұмысты бітіру асар Өзенге құятын екінші өзен сала Жылқының түсі құла Қалың сөзінің антонимі жұқа Молда, имам
«Біздің Елбасы» танымдық ойыны
Бұл танымдық ойын оқушылардың Елбасына деген құрметі мен азаматтық сезімін күшейтуге, сөз құдіретін терең түсінуге, салт-дәстүрді тануға, ойлау қабілетін дамытуға және өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.
Ойынның бөлімдері мен шарттары
- Сұрақ-жауап: тарихи-танымдық сауалдарға жауап беру.
- Аңдап айтып, анық сөйлеу: берілген сөздерді дұрыс дыбыстап айту және тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру.
- Тарихи тұлғалар: топ жетекшісі тұлғалар туралы қысқаша таныстырады.
- «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»: мәлімдемелердің дұрыстығын анықтау.
- Әріптер қозғалысы: оқушыға екі әріп беріледі, сол әріптермен жауап құрастырады.
- Салт-дәстүрді білеміз бе? ұлттық дәстүрлер туралы сұрақтар.
- Көнерген сөздер: көнерген сөздердің мағынасын ашу.
І айналым: Сұрақ-жауап
1-сұрақ
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президенті болып қай жылы, қай айда сайланды?
Жауабы: 1991 жылы 1 желтоқсан.
2-сұрақ
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
Жауабы: 1940 жылы 6 шілде, Алматы облысы, Шамалған ауылы.
3-сұрақ
Ол өзіне таяу құрылыстардан 300 метр қашықтықта, биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр. Ұшар басында жер шары бейнеленген, одан жоғарыда қанатын жайған қыран бар. Бұл қандай ғимарат?
Жауабы: Ақорда.
4-сұрақ
Биіктігі 97 метр. Үш бөліктен тұрады: жер асты бөлігі, діңгегі және алып шар. Бұл не?
Жауабы: Бәйтерек.
5-сұрақ
2006 жылдың қыркүйегінде бой көтерген. Биіктігі 62 метр. Ашық сұр гранитпен көмкерілген көлбеу қабырғалары көгілдір шыны қаптырмалармен астасып, тәуліктің әр сәтінде алуан түске боялады. Бұл қандай нысан?
Жауабы: Бейбітшілік пен келісім сарайы.
6-сұрақ
Бұл кешен 2003 жылы пайдалануға берілген. Мұнда тұщы су мен көлдер, коралл әлемі түрінде жасалған жабық айдындар бар. Негізгі ерекшелігі — акрилді туннель. Бұл қай орын?
Жауабы: «Думан» ойын-сауық орталығы.
Ән-жұмбақ
«Атамекен»
ІІ айналым: Аңдап айтып, анық сөйлеу
Дұрыс дыбыстау үшін сөздер
А тобы
- Тәуелсіздік
- Бейбітшілік
- Қазақстан
- Конституция
Б тобы
- Егемендік
- Президент
- Парламент
- Республика
Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру
- Мұзға отырғызып кетті
- Аузына қақпақ болу
- Қас қаққанша
- Құрақ ұшу
- Күн құрғатпай
- Аты шу
Ән-жұмбақ
«Сарыжайлау»
ІІІ айналым: Тарихи тұлғалар
Бұл бөлімде топ жетекшісі әр тұлға туралы қысқаша мәлімет беріп, негізгі еңбегі мен ел тарихындағы орнын түсіндіреді.
Талқыланатын тұлғалар
- Ахмет Байтұрсынов
- Абай Құнанбаев
- Нұрсұлтан Назарбаев
- Тоқтар Әубәкіров
- Меруерт Өтекешова
- Мұхтар Әуезов
- Бердібек Соқпақбаев
- Абылай хан
- Әбілқайыр хан
- Ыбырай Алтынсарин
- Қайрат Рысқұлбеков
- Құман Тастамбеков
Ән-жұмбақ
«Елім менің»
IV айналым: «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
Мәлімдемелер
1960 жылы еңбек жолын Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастағанына сенесіз бе?
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы екеніне сенесіз бе?
Еуропалық Қауымдастықтың ынтымақтастық ұйымына мүше екеніне сенесіз бе? Жауабы: Жоқ (бас төраға емес)
Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі — ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен марапатталғанына сенесіз бе?
1995 жылы 29 сәуірдегі жалпы халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Президентінің өкілеттілігі 2005 жылға дейін ұзартылғанына сенесіз бе? Жауабы: Жоқ (2000 жылға дейін)
«Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл» кітаптарының авторы екеніне сенесіз бе?
Ән-жұмбақ
«Қазақ жігіттері»
V айналым: «Әріптер қозғалысы»
Оқушыға екі әріп беріледі. Сол әріптерді пайдаланып, сұрақтың жауабын құрастырып жазады.
Тапсырмалар мен жауаптар
-
«Арам» сөзінің антонимі
Адал
-
«Абай — дана, Абай — ...»
Дара
-
Майдың түсі
Сары
-
«Ананың ойы — балада, баланың ойы — ...»
Дала
-
Көпшіліктің көмегімен бір жұмысты бітіру
Асар
-
Өзенге құятын екінші өзен
Сала
-
Жылқының түсі
Құла
-
«Қалың» сөзінің антонимі
Жұқа
-
«Молда, имам ...»
Қожа
-
Жұмысты дұрыс орындай алмайтын адам
Олақ
-
Темір, тас дәуірі. Тағы қандай дәуір?
Қола
-
«Проект» сөзінің қазақшасы
Жоба
Ән-жұмбақ
«Қазақстаным»
VI айналым: «Салт-дәстүрді білеміз бе?»
1-жағдаят
Бұл дәстүр бүкіл қазаққа ортақ. Жарыса көшкен ауылдардың бірі озып, бірі қалып отырады. Бұрын қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп, маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа шақырып, қонағасы береді. Бұл қандай дәстүр?
Жауабы: Ерулік.
2-жағдаят
Біреуді сөзбен жеңіп, орнынан тұрмастай етіп өлең шығарып немесе өткір әзілмен ұялтқанда, ұтылған адам бұл сөз басқаға тарамасын деп бірдеңе береді. Ал алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек. Бұл қандай дәстүр?
Жауабы: Ауызбастырық.
Ән-жұмбақ
«Қазақ елі»
VII айналым: Көнерген сөздердің мағынасын ашу
Ереже
Екі топ бір-біріне алдын ала дайындап келген көнерген сөздерді жасырып, қарсы топ сол сөздердің мағынасын табады және түсіндіреді.
Қорытынды
Қазылар алқасы ойын нәтижесін қорытындылап, ұпай санын есептейді және жеңімпаздарды анықтайды.