Тәуелсіздік туралы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Бұл сабақтың негізгі мақсаты — 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру, ұлттық рәміздердің мәнін түсіндіру және халқымыздың өткені мен бүгінгі күніне қысқаша шолу жасау.
Тәрбиелік бағыты
Тәуелсіздікке жету жолын таныту, оқушылардың еліне және жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Дамытушылық бағыты
Сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, алған білімін тереңдету.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдістері
- Көрнекілік, әңгімелеу
- Көрнекіліктер
- Тәуелсіздік монументі, мемлекеттік рәміздер, ел басшыларының суреттері және қосымша материалдар
Сабақтың барысы
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау және өткен тақырыпты еске түсіру:
- Әңгіме кейіпкері неліктен «Аппақ бала» атанды?
- Жуынып, таза жүрудің денсаулыққа қандай пайдасы бар?
- Сымбатты болу үшін не істеу керек?
Мағынаны тану
Сұхбат арқылы жаңа тақырыпқа шығу: — Қазір қай ай? — Желтоқсан айы. — Желтоқсанда қандай мерекелер бар? — 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні. — Тәуелсіздік деген не? — Елдің еркіндігі, өз тағдырын өзі шешуі.
Кіріспе сөз: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
1986 жылы 16 желтоқсанда таңертең Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 5-пленумы өтті. Пленумды СОКП Орталық комитетінің хатшысы Разумовский жүргізді және ол бар болғаны 18 минутқа созылды. Д. Қонаевтың орнына, Разумовскийдің ұсынысымен, бұған дейін СОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған, республикаға мүлдем бейтаныс адам — Колбин тағайындалды.
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы қазақ қоғамында ұлттық сана мен намысты алға шығарған жаңа, қайсар буынның келгенін айқындады. Сол күндері жастар, әсіресе студенттер, әділетсіздікке қарсы наразылық білдіріп, алаңға шықты. Өкінішке қарай, көтеріліске шыққан жастарға күш қолданылып, көпшілігі соққыға жығылып, азап шекті.
Ерлік есімдері
Тәуелсіздік жолындағы бұл қадамның символына айналған боздақтардың есімі халық жадында:
Қайрат
Ерлігімен, қайсарлығымен танылған жас батыр.
Сәбира
Намыс пен әділдік жолында құрбан болған өр мінезді ару.
Ербол
Жастардың рухын көтерген қайратты жігіт.
Ләззат
Өжеттігімен ел есінде қалған өнерлі жас.
Олардың арманы ақиқатқа айналды: Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Алайда бүгінгі азат күнді көре алмаған боздақтардың тағдыры — жүрекке өкініш, ұрпаққа аманат.
Оқулықпен жұмыс
- а Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- ә Оқушыларға іштей оқыту.
- б Дауыстап, мәнерлеп оқыту.
Сұрақтарға жауап
Өлең не туралы?
Тәуелсіздік туралы.
Эвристикалық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмалар
- Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесің?
- Ақын өлең арқылы қандай өсиет айтады?
Т. Молдағалиев
Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін,
Тәуелсіздік туынды
Биік көтер, жас ұлан!
Шығармашылық жұмыс
Тәуелсіздік мерекесіне арналған сурет салу. Оқушылар мерекеге алдын ала дайындалады: бұл күні демалыс жарияланып, қалада немесе ауылда мазмұнды мерекелік шаралар өтеді.
Тәуелсіздік жылдары — ел тарихындағы жаңғыру кезеңі. Тәуелсіздіктің қадірін білу — әр азаматтың парызы.
Суреттермен жұмыс
- Тәуелсіздіктің белгісі: Алтын белгі, барыс.
- Буклет: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- 1991 жылдан бергі Қазақстанның жетістіктері туралы материалдар.
Ой толғаныс
Бүгін нені үйрендік? Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздіктің бастауы — Желтоқсан оқиғасы. Тәуелсіздік — құдіретті әрі ардақты ұғым. Ата-баба ерлігі — халықтың мұрасы, тарихы және мақтанышы.
Сабақты бекіту
Тербетіп тұрса болды жер бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа,
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күнің!
Бағалау және қорытынды
Оқушылардың белсенділігі бағаланады. Сабақ Әнұранмен аяқталады.