Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету
Сабақтың тақырыбы
Paint графикалық редакторының құралдары (презентация).
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтарды, тік төртбұрыштарды және дөңгеленген тік төртбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін және практикалық дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі
Практикалық сабақ.
Қолданылатын көрнекі құралдар
- Компьютер
- Оқулық
- Жұмыс дәптері
- Интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы
- 1 Оқушыларды ұйымдастыру.
- 2 Үй тапсырмасын тексеру.
- 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 4 Тапсырмаларды орындау.
- 5 Тест арқылы сабақты бекіту.
- 6 Үй тапсырмасын беру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Құралдармен және фигуралармен сурет сала отырып, олардың мүмкіндіктерімен толығырақ танысайық. Жұмысқа қажеттінің бәрі Жолақта (Лентада) орналасқан.
Негізгі тіркеме бетіндегі топтар
Құралды таңдау
Қажетті құралды таңдау үшін оны тышқанмен бір рет шертсеңдер жеткілікті. Құралдар мен фигуралардың параметрлерін өзгертуге болады.
- Қарындаш: қалыңдығы мен түсін таңдауға болады.
- Фигуралар: контур және бояу (заливка) түстері бапталады.
Өшіргіш (Eraser)
Суреттің шағын бөлігін тазалау қажет болса, Өшіргіш құралын қолданыңдар.
Кеңес: қателікті толық өшірмей, дәл керек жерін ғана түзету үшін өшіргіштің өлшемін (қалыңдығын) алдын ала таңдаңдар.
Түзу сызық сызу қадамдары
- 1 Линия батырмасын шертіңдер.
- 2 Құралдар панелінің астындағы жақтаудан сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар.
- 3 Маус нұсқағышын сызық басталатын орынға апарыңдар.
- 4 Маустың сол жақ батырмасын басып тұрып, сызық аяқталатын орынға дейін сүйреп апарыңдар.
- 5 Маус батырмасын жіберіңдер.