Білімдерін дамыту

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Өрнек құрастыру дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу мен математикалық тіл байлығын арттыру; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау мен зейінді жетілдіру; есеп шығару дағдыларын бекіту.

Тәрбиелік

Экономикалық тәрбие беру; тазалыққа, ұқыптылыққа, ептілікке баулу.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

Диалог + бақылау

Интерактивті тақтадағы ақша суреттеріне назар аударылады. Оқушылармен қысқаша әңгіме жүргізіледі:

  • Ақшаның тағы қандай түрлерін білесіңдер? (доллар, рубль және т.б.)
  • Біздің қазақстандық ақша қалай аталады?
  • Теңгенің мерейтойы туралы қысқаша мәлімет айтылады және сабақ тақырыбымен байланысы көрсетіледі.

Ұлттық валюта — қазақстандық теңге. «Теңге» атауы орта ғасырдағы түркітектес халықтар қолданған күміс тиындардың «денге» немесе «таньга» деген сөзінен шыққан. Алғашқы ұлттық ақша айналымға 1993 жылғы 15 қарашада енгізілді.

II. Мағынаны тану және білімді дамыту

Ойын + есептеу

Оқушылардан: «Ақша бізге не үшін керек?» деген сұрақ қойылады. Мұғалім ақша және тауар құны туралы күнделікті тұрмыстық түсініктерін нақтылайды (оқушылардың дүкенге өздері барып көрген тәжірибесін сұрау және т.б.).

Жаңа тақырып «Дүкен» ойыны арқылы түсіндіріледі: мұғалім алдын ала тауарлар мен олардың бағаларын дайындайды, сөреге орналастырып, бағаларын іледі. Бір оқушы сатып алушы болады және оған тауар сатып алу тапсырмасы беріледі.

«Дүкенге бару үшін сиқырлы ақша керек». Оны табу үшін төмендегі есептеулер орындалады:

6 + 9
15 − 8
8 + 9
11 − 2
13 − 8
14 − 7
11 − 4
7 + 9
5 + 9
6 + 7
13 − 6
9 + 9
17 − 9
16 − 8
9 + 8
8 + 7

Одан кейін мұғалім оқушылардың назарын заттың қанша тұратынына аударады және бұл — баға екенін түсіндіреді. Екі оқушыдан тақтадағы заттарды «сатып алуға» шақырылады. Алған заттарының бағалары қосылып, барлық сатып алынған заттарға төленген жалпы ақша заттың құны екені айтылады.

Қорытынды: барлық сатып алынған заттар бағаларының қосындысы — құн.

Сергіту сәті

Қолөнер

Еңбек сабағында үйренген әдіспен музыка ырғағына сай балалар бүктеу тәсілі арқылы әмиян жасайды. Дайын әмиянға партаның үстіндегі «ақшаларын» салып қою тапсырмасы беріледі.

Тапсырмалар

Есеп шығару

Қарлығаш бірінші дәптерді 9 теңгеге, екіншісін 6 теңгеге сатып алды. Барлығы неше теңге төленді?

№6. Кесте бойынша өрнек құрастыр

Кесте бойынша өрнектер құрастырып жаз. Олардың мәнін тап. Интерактивті тақтада өрнектер жазылып, оқушылар өз жұмыстарын дауыстап оқиды.

№7. Құрастыру жұмысы

Геометриялық фигуралардан жануарлардың бейнесін құрастыр.

III. Ой толғау

Қорытынды

Қорытындылау

Сабақ соңында негізгі ұғымдар (баға, құн, теңге) қысқаша қайталанып, оқушылардың жауаптары талданады.

Мадақтау және бағалау

Белсенді қатысқан оқушылар мадақталады. Жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.