Сандуғашы сөзіне талдау

«Ана тілінің үздік оқушысы» — презентациямен өтетін танымдық сайыс. Негізгі ұстаным: «Ана тілің — асыл қазынаң».

Мақсаты

  • Теориялық дайындығы жоғары оқушыны анықтау.
  • Оқушылар арасында білім бәсекелестігін арттыру.
  • Білік пен дағдыны қалыптастыру.
  • Сөйлеу мәдениетін, талдау машығын жетілдіру.
  • Үздік оқушының сынып алдындағы беделін арттыру.

Сайыс кезеңдері

1-кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»

Тақырып: «Қазақ тіліне тән дыбыстар»

Қатысушылар тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып, тілдік қорын және сөйлеу мәнерін көрсетеді.

2-кезең: «Қызықты грамматика»

Блиц-сұрақтар

Әр қатысушы қысқа уақыт ішінде сұрақтарға жауап береді. Тапсырмалар төмендегідей бөлінеді:

1-оқушы

  1. Мәтін деген не?
  2. Лексика нені зерттейді?
  3. Дауысты дыбыстар қандай түрге бөлінеді?
  4. Зат есім туралы айт.
  5. «Қарлығаш» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

2-оқушы

  1. Омонимдер деген не?
  2. Дыбыс үндестігінің түрлері.
  3. Сөйлем дегеніміз не?
  4. Сын есім нешінші сөз табы?
  5. «Аққулар» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

3-оқушы

  1. Синоним деген не?
  2. Қазақ тілінде әріп нешеу, дыбыс нешеу?
  3. Буынның түрлері.
  4. Көнерген сөздердің қандай түрлері бар?
  5. «Бұлбұлдай» сөзіне талдау жаса.

4-оқушы

  1. Дауыстылар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
  2. Табу сөздер.
  3. Түбір мен қосымша.
  4. Эвфемизм деген не?
  5. «Сандуғашы» сөзіне талдау жаса.

5-оқушы

  1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
  2. Екпіннің неше түрі бар?
  3. Диалект деген не?
  4. Орфография мен орфоэпия деген не?
  5. «Шағалам» сөзіне талдау жаса.

3-кезең: «Кім көп біледі?»

Жаңылмай 10 ырым-тыйым сөз айту.

4-кезең: «Кейіпкерлер елінде»

Қазақ әдебиеті бойынша жылдамдық сұрақтары:

  1. Кемпір мен шалға аң мен құстың етін қақтап, үйіп береді де, ол жолға шығады. …
  2. Сондай күшті болыпты. Алысқанын жығыпты, аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті. …
  3. Мұздан төсек, жерден жастық, қардан жамылғы қып жата қалсам, жылы төсекте өлген адамдай ұйықтаппын да қалыппын. …
  4. Ол шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өтіп, Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты. …
  5. Бір дегеніміз — бірлігі кеткен ел жаман, Екі дегеніміз — егесіп өткен ер жаман. …
  6. Бізді осы араға тастасаң, ит-құсқа жем боламыз ғой. Бізге кім пана болады? Ащы күннің аптабына қалай шыдаймыз? …
  7. Тағы да бір сауалым: көп жауады қайда жауын? …
  8. Ал, балам, әжең екеумізді қажай беруші едің ғой. Әңгіме-жырдың дүкені, міне, жаңа келді. …
  9. Біздің ауыл қыстауға көшеді. Сен осында қаласың ғой, енді аман бол! …
  10. Уәделескен он бес тиынды әкел. Мен бай кісі емеспін, ол маған тамақ болады. Жетпіс тиынды ауылдағы әжеме жіберемін. …

5-кезең: «Шешендіктің сәні — сөз»

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өлеңмен немесе қара сөзбен әңгімелеу:

  • «Қонақжай қазағым»
  • «Жақсы дос үшін жан — пида»
  • «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
  • «Жігітке жеті өнер де аз»
  • «Көктемді қондырып қанатына»

6-кезең: «Ұшқыр ой»

Логикалық сұрақтарға жауап беру:

  1. Жұмулы көзбен нені көруге болады?
  2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?
  3. Теңізден қандай тастар табылмайды?
  4. 31 ақпанда не болды?
  5. Күзетшінің бөркіне торғай қонса, ол не істеп отыр?
  6. Дүниедегі ең шапшаң не?
  7. Мұрныңа төніп тұр, бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не?
  8. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады?
  9. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша сан бар?
  10. Қандай бөшкеге су құюға болмайды?

7-кезең: «Кім жылдам?»

Қатысушылар берілген әріптерден басталатын сөздерді жылдам айтады:

Е Қ М О Ш

8-кезең: «Өнерлі бала — сүйкімді»

Әр қатысушы өз өнерін көрсетеді (ән, күй, мәнерлеп оқу, сахналық көрініс және т.б.).

Қорытынды

Соңғы сөз — қазылар алқасында. Қазылық етушілер сайыс нәтижесін шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}