Төбелердің төбесінде - көк айдар

Мұқағали Мақатаев

Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде - құрбылармен алысқам,
Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.
Алба - жұлба ақша бұлттар жарысқан,
Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан,
Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан,
Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің төбесінде - көк айдар.
Ақ сағыммен араласып, аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры,
Бәрі таныс - кісінеген құлыны
Ін аузында шаңқылдаған суыры.
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Қазақ халқының дәстүрлі шаш қою мәдениеті
Графтар мен ағаштар
Леонард Эйлер циклы
ГРАФТАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Графтардың байланысу критериі
Әйел киімдері
Алакөл ойпатының географиялық орналасуы
Графтардағы тиімділеу есептерін шешу әдістері
Информатиканың негізгі түсініктері
ағдарламалау тілдері теориясы және орындалуы
ТОНЫКӨК
ДУЛАТ ХҰСАЙЫНҰЛЫ МҰХАММЕД ХАЙДАР
КӨКІҰЛЫ ЕСЕТ
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Көкшетауға саяхат
«ТОНЫКӨК»(ТОНИҚҰҚ) ЕСКЕРТКІШІНІҢ АУДАРМАЛАРЫН САЛЫСТЫРА ҚАРАҒАНДА
Көк - құстың еркін мекені
Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты
Күлтегін және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, көк түркінің көк семсері атанған атақты батыры