Ана тіліТақырыбы

Ана тілі

Тақырыбы

А. Байтұрсынов: «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы.

Жалпы мақсаттары

  • Өлең (мысал) мазмұнындағы негізгі ойды оқушының өзіне тапқызып, оны өз сөзімен жеткізуге үйрету.
  • Оқушыларды бірлік пен ынтымақтастық сияқты жақсы қасиеттерге баулу, мысал мазмұны арқылы теріс қылықтардан жирендіру.

Оқыту нәтижелері

  • Жаңа ақпарат алады.
  • Топпен жұмыс істейді.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы жеке қабілеттері ашылады.

Негізгі идея

Мысалдағы негізгі ойды түсіндіру және өмірмен байланыстыра отырып қорытынды шығарту.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Сыныппен амандасу.
  • Тренинг өткізу.
  • Сурет қималары арқылы сыныпты топтарға бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып

«Қауын мен қарбыз» әңгімесі.

Диалогтік әдіс: сұрақтар

  • Ертегі қалай басталады?
  • «Дән — қауынның жүрегі» дегенді қалай түсінесің?
  • Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай күйде болдың?
  • Бұл ертегіден қандай қорытынды шығардың?

Ой қозғау

Топтық тапсырмалар

  • I топ: А. Байтұрсынұлының өмірі.
  • II топ: А. Байтұрсынұлының мысалдары.
  • III топ: А. Байтұрсынұлының өлеңдері.

Тыңдалым

«Аққу, шортан һәм шаян» мысалын үнтаспадан тыңдату.

Ассоциация құру

Тыңдалған мәтін бойынша кілт сөздер мен ойларды жинақтау.

Мағынаны тану кезеңі

Жеке жұмыс

  • «Өзіммен-өзім» жұмыс.
  • Түртіп алу (маңызды тұстарды белгілеу).

Жұмыс түрлері мен стратегиялар

Дәптермен жұмыс

Негізгі ойды жоспарлап жазу, мысалдан дәлел келтіру.

Тренинг

Ынтымақтастықты нығайтатын қысқа тапсырмалар.

Жазу стратегиясы

Ойды жүйелеп, өз сөзімен қорытынды жазу.

Рефлексия және бағалау

Жұмыс нәтижесін саралау, кері байланыс беру.

Тапсырмалар мен дереккөздер

Тапсырмалар

  • Үй тапсырмасын сұрау.
  • Диалогтік әдіс.
  • Ой қозғау.
  • Мағынаны тану кезеңі.
  • Дәптермен жұмыс.
  • Тренинг.
  • Жазу стратегиясы.
  • Рефлексия.
  • Бағалау.

Дереккөздер

1, 2, 3, 4, 5 және оқу модульдері.

Автор туралы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №202 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Сапаралиев Урал.