Наурыз жұмбақ

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым графикалық редактор. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты

Бұрын алынған теориялық білімдерді жүйелеу және графикалық редакторда жұмыс істеуге қажетті практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру.

Білімділік

Өткен тарау бойынша білімді нығайту, жүйелеу және қорыту; теорияны практикамен ұштастыру. Редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалану және командаларды орындай алу дағдысын бекіту.

Тәрбиелік

Халықтық педагогика негізінде жауапкершілікке, өздігінен жұмыс істеуге, нәтижеге ұмтылуға, ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу; қазақтың салт-дәстүрін және қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Білім аясын кеңейту, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін шыңдау, өздігінен жұмыс істеуді дамыту.

Ұйымдастыру мәліметтері

Пән аралық байланыс
Бейнелеу өнері, математика.
Сабақтың түрі
Қайталау, білім бекіту, сайыс сабағы.
Көрнекі құрал-жабдықтар
Компьютер, слайдтар, электронды тақта, суреттер.

Сабақ жоспары

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    «Бояулар сыры» психологиялық ойыны.

  2. II. Наурыз көже

    Қайталау сұрақтары.

  3. III. Наурыз жұмбақ

    Электронды тақтада сурет салу.

  4. IV. Сергіту сәті

    Қысқа белсенді үзіліс.

  5. V. Наурызнама

    «Селтеткізер» логикалық тапсырмалар.

  6. VI. Наурыз тілек

    Шығармашылық жұмыс.

  7. VII. Наурыз бата

    Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы.

I. Ұйымдастыру кезеңі: «Бояулар сыры»

Бүгінгі сабағымызды «Бояулар сыры» атты психологиялық ойынмен бастаймыз. Алдарыңыздағы түрлі-түсті қарындаштардың ішінен өзіңізге ұнайтын түсті таңдап, жоғары көтеріңіз. Таңдаған түстеріңізге қарай шағын мінездеме берейін.

Сап-сары және жасыл

Дархандық.

Ашық көк және қызыл

Білімге құштарлық.

Ақ және күлгін (көгілдір реңк)

Баянды бақыт.

Көгілдір және қып-қызыл

Қабілеттілік.

Ақ және күрең қызыл

Ержүректік.

Ашық көк

Сенім, рухани тұрақтылық.

Жасыл, ақшыл реңк

Шыдамдылық.

Қоңыр

Ақылдылықтың белгісі.

Ортамызда еріншектік, қызғаншақтық, өтірік айту немесе жабырқаңқылық сияқты жат мінездер жоқ деп сенемін. Ендеше сабағымызды дархандықпен, шынайылықпен, ержүректікпен, қабілетпен және білімге құштарлықпен бастайық.

II. «Наурыз көже»: қайталау және практикалық жұмыс

Наурыз туралы қысқаша мәлімет

Электронды тақтада Наурызды бейнелейтін суреттер беріледі. Оқушылардан Наурыз мейрамы туралы мәліметтер және оның басқа мерекелерден айырмашылығы сұралады.

Наурыз — шығыс халықтарының бүкілхалықтық мейрамы, яғни Ұлыстың ұлы күні. Ол мыңдаған жылдар бұрын жыл басы ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өткен. «Наурыз» атауы парсы тіліндегі «нау» (жаңа) және «руз» (күн) сөздерінен шығып, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.

Наурыз көженің тағылымы

Наурыз көже — Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Әр үй оны жеті түрлі дәмнен дайындайды: сүт (немесе айран), су, ет, тұз, тары, құрт, жеміс және өзге де сыйлы дәмдер.

Бұл дәстүр адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулық пен бірлікке шақырады.

Практикалық тапсырма: Paint-та «ойша Наурыз көже пісіру»

Paint графикалық редакторында Наурыз көже дайындауды бейнелейміз: сұраққа дұрыс әрі нақты жауап берген оқушы көженің бір «дәмін» электронды тақтада салады (ыдыстың суретін салып, сыртына атауын жазады). Соңында тағамды пісіру үшін қазан мен оттың суретін қосамыз.

Бидай Күріш Ет Тұз Тары Айран / сүт

Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар

  1. 1. Редакторды іске қосу жолдарын көрсет.
  2. 2. Салынған суретті сақтау үшін қандай мәзір тармақтары орындалады?
  3. 3. Тұйық контурдың ішін бояу үшін қандай құралды пайдаланамыз?
  4. 4. Берілген құралдың атқаратын қызметін түсіндір.
  5. 5. Бояулар тақтасын жұмыс алаңына шығару қандай әрекет арқылы орындалады?
  6. 6. Жұмыс үстеліндегі суретті бірден жою қандай пәрмен арқылы орындалады?
  7. 7. Бояулар тақтасындағы түстерді өзгерту қандай мәзір тармақтары арқылы орындалады?
  8. 8. Жаңа бетті қалай ашамыз?

III. «Наурыз жұмбақ»: сурет арқылы шешу

«Наурыз жұмбақ» — табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақ түрі. Ертеде ақындар мен қыз-жігіттер осы құбылыстарды өлеңмен жұмбақтап, айтыс түрінде жеткізген.

Төмендегі жұмбақтардың шешуін электронды тақтада сурет арқылы көрсетеміз.

Жұмбақ 1

Біреудің бір ұлы бар және қызы, Біледі ол екеуін дүние жүзі. Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз, Жүргенде білінбейді басқан ізі.

Жауабы: Күн мен түн

Жұмбақ 2

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. Күніне талай жерді кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.

Жауабы: Бұлт