Әрбір сабақ
Сабақ тақырыбы: «Араша» (Қастек Баянбаев)
Бұл ашық сабақ 4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәніне арналған. Сабақ барысында оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтайды, кейіпкерлердің әрекетіне баға береді және өз пікірін еркін жеткізуге үйренеді.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, математика
Көрнекілік
Слайд (жануарлардың анимациялық суреттері), карточка, кесте
Сабақтың мақсаттары
Оқу дағдысы
- Өлеңді жүргізіп, мәнерлеп және түсініп оқу дағдыларын жетілдіру.
- Негізгі ойды табу, түсіну.
- Кейіпкерлер әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндау.
- Диалог туралы білімді кеңейту.
Тәрбиелік бағыт
- Әлсізге әлімжеттік жасамауға үйрету.
- Қайырымдылыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
- Достық пен бірлікті бағалауға баулу.
Дамытушылық бағыт
- Сөздік қорын байыту, тілін дамыту.
- Логикалық, жүйелі ойлау қабілетін жетілдіру.
- Шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту әдістері
Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Ашық сабақ болғандықтан, қонақтармен сәлемдесіп, төмендегі ұранды бірге айту.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Оқушылар құрастырған мысалдарын оқып береді.
- Жақсы жұмыстар мадақталады, кемшіліктер болса, түзетіледі.
III. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау: ребус шешу
Тақтада ара (құрал) және шана суреті көрсетіледі. Ребустың шешуі: «АРАША». Оқушылар «араша» сөзінің мағынасын түсіндіріп, мағынасы жуық сөздерді атайды: қамқор, көмек.
2) Автор туралы қысқаша мәлімет
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1971–1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
3) Өлеңді мұғалімнің оқуы
Өлеңді мұғалім оқиды, оқу барысында слайд арқылы көріністер көрсетіледі.
4) Сөздік жұмысы
Мағынасы
- Бүлік
- — төбелес
Көркем сөздер
бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, маубас.
5) Оқушылардың тізбектей оқуы
Оқушылар өлеңді кезекпен оқып шығады. Дыбыстау, екпін, пауза және мәнерлеуге назар аударылады.
6) «Сәйкестендір» ойыны
Шарт: тақтадағы қима қағаздағы сөздердің қай жануарға қатысты екенін анықтап, суретінің тұсына орналастыру.
| Жануар | Сипаттамалар |
|---|---|
| Шыбын | бөрткендей дәндей әлсіз жәндік |
| Торғай | кәдімгі ашулы бейшара |
| Мысық | мұртын талдап тараған, үстін сәндеп жалаған, шапшаң әрі епті, маубас |
| Төбет (ит) | жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, ашуы қысқан арландай |
| Құнан (ат) | құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, жымиған қос құлағы |
7) Сергіту сәті
Слайдпен бірге қимыл-қозғалыс жасай отырып, жаттауға арналған шумақтар айтылады.
Торғай, торғай, торғайсың, таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал, сонда аязға тоңбайсың.
Бар менің мысығым, көрсең оның пысығын.
Қақпалақтап ойнайды, ол әжемнің ұршығын.
Секіріп өт ордан да, секіріп өт жолдан да.
Күшік қуса жетпессің, машина басып кетпесін!
Атқа ерін саламын, секіріп мініп аламын.
Жүйрік желдей шабамын, бәйгеден мен озамын!
8) Қосымша мәлімет: жануарлардың өмір сүру ұзақтығы
Шыбын
3 апта
Мысық
15–20 жыл
Ит
15–20 жыл
Жылқы
30 жыл
Торғайдың өмір сүру ұзақтығы тіршілік ету жағдайына байланысты: қала/ауыл ішінде орташа 2–3 жыл, ал жабайы табиғатта 10 жылға дейін.
9) Талқылау сұрағы
«Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?» — оқушылардың пікірлері тыңдалып, ортақ қорытынды жасалады.
10) Диалог туралы
Диалог ұғымының анықтамасы жазып алынады.
Диалог — екі немесе одан да көп адамның кезектесе сөйлесуі арқылы құрылатын әңгімелесу түрі.
11) Рөлге бөліп оқу
Оқушылар өлеңді кейіпкерлерге бөліп, рөлмен оқиды. Дауыс ырғағы мен мінез ерекшелігін беруге назар аударылады.
IV. Қорытынды және бекіту
Бекіту кезеңінде слайдтан ұяшықтар көрсетіледі. Оқушылар ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар
- Өлең неге «Араша» деп аталған?
- Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата.
- Ақты төгіп-шашқан кім? Аққа қатысты тыйым сөздерді айт.
- Төбетке қатысты сөз тіркестерін еске түсір.
- Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата.
- Диалог дегеніміз не?
Қорытынды мақал-мәтелдер
- Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
- Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.
V. Үй тапсырмасы
- Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
- Өлең мазмұны бойынша сурет салу және шағын буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыру.
VI. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, барлық оқушының жұмысы бағаланады.