Оқушы шығармасынан үзінді
Сабақтың мақсаты
- Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру.
- Елбасының өмірі мен еңбек жолын үлгі ете отырып, оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу.
- Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы мен құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс-тәсілдер
Сабақтың түрі
Көрнекілігі
«Ұлы достықта», «Ел және Елбасы», «Астана – жаңа қала» атты стендтер, Елбасының портреті, ҚР рәміздері, карта, оқушылардың шығармалары.
Сабақтың барысы
Атмосфера
Үнтаспадан «Елім менің» әні баяу естіліп тұрады.
Мұғалім
Балалар, Қазақстан Республикасының Ата заңының 3-бөлім, 40-бабында Президент туралы былай делінген...
Миға шабуыл: сұрақтар
- ҚР-да Президент сайлауы қай жылдан басталды?
- Соңғы сайлау қай жылы өтті?
- ҚР-ның қандай рәміздерін білесің?
Үй тапсырмасы
Жауаптар алынған соң, оқушылар «Менің Президентім» тақырыбындағы шығармаларынан үзінді оқиды. Үздік деп танылған жұмыстар марапатталады.
Оқушы 1: шығармадан үзінді
«Менің Президентім»Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н. Ә. Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен-ақ, әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл бергеніңе рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын» — деуден жаңылмайды.
Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін. Ал қазір тарих пәнін тереңірек оқыған сайын, әжемнің сөзінде үлкен мағына жатқанын түсініп келемін.
Расында да көпұлтты республиканың тынышын бұзбай ұстау, әр ұлт өкілінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату қатынас орнату — үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы — әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға.
Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбішұлына денсаулық тілеймін.
Оқушы 2: шығармадан үзінді
«Менің Президентім»Қазақ халқының ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, бұл қасиет біздің Президентіміздің бойында да бар. Соңғы жиырма жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші: белгілі саясаткерлер, президенттер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар мен өнер адамдары.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала — Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп, жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала.
Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан әлем таныған әсем Астананы жасаған Елбасының ақыл-ойына кім бас имес? Мен Президентімізді жақсы көремін және соған ұқсағым келеді.
Қорытынды сұрақ
Мұғалім: Шығармада айтылғандардан бөлек, Елбасын тағы қандай қырынан танисыңдар?