Қазақшаңыз қалай
Сабақ туралы мәлімет
- Мекеме
- Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
- Тақырып
- «Қазақшаңыз қалай?»
- Түрі
- Танымдық ойын
- Көрнекілігі
- Суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Мақсаты
-
1
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін кеңейту және білім деңгейін көтеру.
-
2
Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тіл байлығын, ойлау қабілетін және қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдысын дамыту.
-
3
Мемлекеттік тілге қызығушылықты арттыру; Отанды, туған жерді, елді сүюге және халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.
II. Негізгі кезең
Сайыс кезеңдері арқылы тапсырмаларды орындау және бағалау.
III. Қорытындылау
Нәтижені жариялау, тіл құндылығы туралы түйін сөз.
Жүргізушілер сөзі (үзінді)
1-жүргізуші
Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгін «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Мақсатымыз — басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметін күшейту, сондай-ақ қазақ тіліндегі телехабарларға қызығушылығын арттыру.
2-жүргізуші
Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілі бір шаңырақтың астында татулық пен сыйластықта өмір сүріп келеді. Қазақстанда тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және қастерлеу — қасиетті борыш екенін сезінуі қажет. Осы мақсатпен мектебіміздің 3-сыныптары арасында өтетін «Қазақшаңыз қалай?» сайысын бастаймыз.
Сайыс кезеңдері
-
1) Таныстыру
Әр топ өзін таныстырып, ұранын айтады.
-
2) Дода
Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Жауап — тоқтаусыз, дұрыс және жылдам.
-
3) Сөз мәйегі — мақал
Отан, тіл, достық тақырыптарындағы мақал-мәтелдер сайысы.
-
4) Кім жылдам?
Шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру.
-
5) Әріптер сайысы
Таңдалған әріптен басталатын сөздермен сұрақтарға жауап беру.
-
6) Сен білесің бе?
Алты ұяшықтағы сұрақтарға ойланып жауап беру.
-
7) Кім тапқыр?
Топ басшылары суреттерді ым-ишара, іс-қимыл арқылы түсіндіреді.
-
8) Өнерпаз болсаң… (үй жұмысы)
Оқушылар дайындап келген өнерін ұсынады.
I кезең. Таныстыру
I-топ: «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын —
Тобымыз біздің «Жасқыран».
II-топ: «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен —
Тобымыз біздің «Топжарған».
Әділқазылар алқасы
Сайыскерлердің білімін таразылап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырылады.
Жүргізуші жыр жолдары
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
Тіл туралы үндеу
Әрбір тілде сөйле — әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасай берсін мәңгілік!
II кезең. Дода (10 сұрақтан)
I топқа сұрақтар
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Қыста не жауады?
- Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?
- Күздің бірінші айы қайсы?
- Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?
- Абай Құнанбаевтың шын аты кім?
- Бір тәулікте неше сағат бар?
- Наурызда пісірілетін басты тағам қандай?
- Қазақстан туының түсі қандай?
II топқа сұрақтар
- Абай Құнанбайұлы кім?
- Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
- Қыс айларын ата.
- Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
- Тұрлаусыз мүшелерді ата.
- Тышқаннан қорқатын аң қандай?
- Тамақты бұзбайтын салқын жәшік қалай аталады?
- Бір жылда неше күн бар?
- Жүз жасаған ақын кім?
- Сөйлем неден құралады?
III–VI кезеңдер: тапсырмалар
III кезең. «Сөз мәйегі — мақал»
Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақал-мәтелдерді кезекпен айтады.
IV кезең. «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру керек.
1-тапсырма
Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.
Дұрыс жауап: Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген.
2-тапсырма
Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың.
Дұрыс жауап: Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді.
V кезең. «Әріптер сайысы»
Топтың әр мүшесі әріп таңдайды да, сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
I топ: әріптер
а, е, т, о, с
- Қазақ тілі пәні саған ұнай ма?
- Досың кім?
- Әдемі адамның арманы не?
- Бүгін қандай күн?
- Көзің қандай?
- Жігіттер сырға таға ма?
- Бала оқытатын адам кім?
- Бос уақытыңда не істейсің?
- Қандай тағамдар ұнайды?
- Жасың нешеде?
II топ: әріптер
ә, б, м, н, қ
- Мақал білесің бе?
- Есімің кім?
- Аспанда не бар?
- Мектеп мұғалімдері қандай?
- Қар қай кезде жауады?
- Алма тәтті ме?
- Кім болғың келеді?
- Адамдар неден қорқады?
- Сыныбыңда неше оқушы бар?
- Қандай қалаларды білесің?
VI кезең. «Сен білесің бе?»
Тақтада алты ұяшықта сұрақтар беріледі. Ойланып, дұрыс жауап берейік.
1) Қазақтың үш биін ата.
2) Наурыз көже қалай жасалады?
3) Тұсаукесер нені білдіреді?
4) «Қыз қуу» ойыны туралы не айта аласың?
5) «Арқан тартыс» ойынын қалай түсінесің?
6) Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
VII–VIII кезеңдер және бағалау
VII кезең. «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді ым-ишара және іс-қимыл арқылы түсіндіреді.
VIII кезең. «Өнерпаз болсаң…»
Оқушылар алдын ала дайындап келген өнерлерін ортаға салады (өлең оқу, ән айту, көрініс және т.б.).
Қазылар алқасына сөз
«Қазылар орнықтырар әділдікті, кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», — деп, сайыскерлерді бағалау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.
Қорытынды сөз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл — әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де бар. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Сау болыңыздар!