Бөбек республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру

ШҚО, Аягөз қаласы, №5 орта жалпы білім беру мектебі

Тәрбие сағатын жүргізген: Фаткулина П.М.

Тәрбие сағаты | Тақырыбы: «Жетімді жебеп, қолдаған жан»

Мақсаты

  • «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева туралы мағлұмат беру.
  • Балалардың мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.
  • Оқушыларды мейірбандыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

Үнтаспа Дәптер

Шаттық шеңбері

Мұғалім балаларға шеңбер құрып тұруды ұсынады: «Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар».

Өлең жолдары

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді)

Қарады маған да (қолдарын кеудесіне қояды)

Күлімдеп күн бүгін (қасындағы балаға қарайды)

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.

Түйін

Бұл жаттығудың мақсаты — жылы қарым-қатынас орнатып, бір-біріне ізгі ниет білдіру, сабаққа көтеріңкі көңіл күймен кірісу.

Сабақ тақырыбына кіріспе

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

«Бүгінгі сабақта балаларға қамқор жан — Сара Алпысқызы Назарбаева туралы айтамыз. Сонымен қатар, адамның ең жақсы қасиеттерінің бірі — мейірімділік туралы әңгімелесеміз».

Қысқаша дерек

1-жүргізуші

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы, Қызылжар ауылында дүниеге келді. 1962 жылы Н. Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты. Үш қызы, немерелері және шөберелері бар.

2-жүргізуші

Кейде адам қытымыр қыстан жалығып, шуағы мол көктемді аңсайды. Көктемнің күн сәулесі көңілге жылу сыйлайды: сергисің, жігерленесің, тіпті қанат біткендей әсерде боласың.

Мен жүзінен нұр төгіліп, иман нышаны сезілетін жақсы адамдарды көгілдір көктемге ұқсатамын. Жылы сөзін тыңдаған сайын жаның сүйсінеді, игі ісі жігеріңе жігер қосады. Сол кезде жүрегіңде ізгілік бүр жарып, мейірімділік бағы жайқала бастайды.

12 ақпанда 70 жасқа толатын Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева — осындай жандардың бірі.