Әке мен бала, Жаман жолдас әңгімелері бойынша талдау жұмыстары

Алматы облысы, Іле ауданы, №20 орта мектебі МКМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Оманова Гүлзат Төребекқызы

Пәні: Қазақ әдебиеті • Сыныбы: 10

Сабақ тақырыбы: Ыбырай шығармаларындағы еңбек тақырыбы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарын түгендеу.
  • Үй тапсырмасын сұрау.
«Ы. Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді. Ол қараңғы, көшпелі өз халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты», — деп жазды орыс достары.
Дереккөз: «Оренбурский листок» газеті

II. Үй тапсырмасын бекіту: «Деректер сөйлейді»

1841

Ыбырай Алтынсариннің туған жылы (Қостанай облысы, Затобол ауданы).

1850

Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.

1857

Мектепті үздік бітіреді.

1859

Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады.

1860

Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу жоспары шыққанда (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы), өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады.

1864

Қаңтар айында мектеп ашылды; қабылданған бала саны — 14.

1876 1879

Петербург, Қазан қалаларына барады.

Н. Н. Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым», — деп жазады.

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі; хрестоматия Орынборда басылып шығады.

1881

Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1883

Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1887

Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырады.

1889

Қайтыс болған жылы.

III. Жаңа сабақ: Ыбырай және еңбек идеясы

Балалар әдебиетінің атасы

Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаған ағартушы. Ол бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнады: мектеп ашты, оқу құралдарын жазды, тәрбиелік мәні жоғары шығармалар ұсынды.

Оқулық жазудағы ұстанымы

«Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...»

«Қазақ хрестоматиясы» алғысөзінен

Негізгі түйін

Ыбырай шығармаларындағы өзекті арқау — еңбекті сүю және қадірлеу. Автор оқырманын Отанын құрметтеуге, талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелей отырып, жалқаулық, надандық, зұлымдық, тәкаппарлық сияқты жағымсыз әдеттерден аулақ болуға үндейді.

Ыбырай Алтынсарин шығармалары: тақырыптық бағыттар

Білімге шақыру

  • «Кел, балалар, оқылық!»
  • «Өнер, білім бар жұрттар»

Әлеуметтік теңсіздік

  • «Залым төреге»
  • «Әй, жігіттер»

Табиғат тақырыбы

  • «Жаз»
  • «Өзен»

Ел ішіндегі келеңсіздіктер

  • «Азған елдің билері, хандары, байлары»
  • «Залым төреге»

Өз еңбегімен күн көру

  • «Әй, достарым!»

Адал еңбек пен шындық

  • «Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен»

Аудармалары

Ыбырай орыс педагогтері мен қаламгерлерінің таңдаулы туындыларын қазақ оқырманына жақындатты: К. Д. Ушинскийден «Үнді әңгімесі», «Сауысқан мен қарға», «Теке мен түлкі»; Л. Н. Толстойдан «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы», «Үш ұры»; И. А. Крыловтан «Қарға мен түлкі» мысалы.

Еңбек тақырыбындағы әңгімелері

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш Бай баласы мен жарлы баласы Дүние қалай етсең табылады? Әке мен бала Жаман жолдас Қыпшақ Сейтқұл Таза бұлақ Бақша ағаштары Талаптың пайдасы Мейірімді бала Шеше мен бала

Талдау жұмыстары: «Әке мен бала», «Жаман жолдас»

«Әке мен бала»: кейіпкер сипаты

Әке

  • Үлкен кісі
  • Тағаны алады
  • Ақылды
  • Шие сатып алады
  • Еңбектенеді

Бала

  • Жас бала
  • Алғысы келмейді
  • Ақылсыздық танытады
  • Сатып алмайды
  • Еңбектенбейді

«Жаман жолдас»: мінез бен әрекет

Жақсы

  • Ауру жігіт
  • Жерге құлайды
  • Аю иіскейді
  • Жерден тұрады
  • Жауап береді

Жаман

  • Сау бала
  • Ағашқа шығады
  • Аюдан қорқып қашады
  • Ағаштан түседі
  • Сұрайды

Мақал-мәтелді талдау

«Жақсымен жолдас болсаң — жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа».

Талқылау сұрағы

Қандай жолдаспен дос болу керек? Дәлел келтіріп пікір білдіріңіз.

Тілдік жұмыс

Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасау (қазақ тілімен байланыстырып, математикалық тәсілмен дауысты дыбыстарды талдау).

IV. Жаңа сабақты бекіту

«Таза бұлақ» әңгімесі бойынша сұрақ-жауап және мазмұндық талдау жүргізіледі. Оқушылар негізгі идеяны анықтап, еңбек пен адамгершілік құндылықтарының байланысын дәлелдейді.

V. Қорытынды

Мұрасы

  • Ы. Алтынсарин атында көшелер мен мектептер бар.
  • Алматыда Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми ұйымдар жұмыс істейді.
  • Ы. Алтынсарин атындағы медаль тағайындалған.

Сабақты аяқтау

«Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінің соңғы шумағымен қорытындыланады:

Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды,
Өнер — жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...

Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.

VI. Үй тапсырмасы

Ы. Алтынсариннің әңгімелерін оқу; шығармалардың тәрбиелік мәніне ерекше назар аудару.