Сын тұрғысынан ойлау сабағы

Астана қаласы

№53 мектеп-лицей, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қабыл Динара Төлендіқызы

Сабақтың тақырыбы

Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар

Сабақтың түрі

Сын тұрғысынан ойлау сабағы

Әдіс-тәсілдер

  • Топтастыру
  • Ой-толғау
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Тақтаға ілінген сызба-нұсқалар
  • Ұлағатты сөздер жазылған плакат
  • Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы

Сабақтың мақсаты

Білімділік мәні

Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырларды оқытып, меңгерту.

Тәрбиелік мәні

Жаңа ғасыр ұрпағын дені сау, рухы мықты, ұлтжанды, ана тәрбиесін бесіктен көрген азамат етіп тәрбиелеуге бағыттау.

Дамытушылық мәні

Халықтық тәлім-тәрбие тұрғысынан кешегі мен бүгінгіні салыстыруға, баспасөз материалдары арқылы жаңаны танып, өз бетінше қорытынды шығаруға үйрету.

Сабақ барысы

Сабақ басталғанда тақтаға «Бала тәрбиесі — бесіктен» деген плакат ілінеді. Сонымен қатар Көмек Ыбыраевтың төмендегі өлеңі ұсынылады.

Қайта оралмас жас күнің,

Бұл — атам сөзі күндегі.

Қазақтың салтын, дәстүрін,

Жалғастыр, балам, ілгері.

Көмек Ыбыраев

Сын тұрғысынан ойлау құрылымы

Оқыту мен үйрету үдерісі үш деңгей бойынша ұйымдастырылады: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.

1) Қызығушылықты ояту

Тақтаға төрт жолды өлең жазылады. Оқушылар өлеңнің мазмұнына қарай оның қандай тұрмыс-салт жыры екенін анықтайды. Талқылаудың түйіні: бұл — бесік жыры, яғни ананың балаға деген мейірімі мен тілегі.

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Айналайын шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жағамдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым,

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Талқылау сұрағы: Бұл кімнің махаббаты?

2) Топтастыру: «Бесік жырының тілегі»

Оқушылар бесік жыры арқылы берілетін тілек-мақсаттарды топтастырып, негізгі құндылықтарды ажыратады.

Азаматтық-елдік бағдар

  • Еліңді жаудан қорғай білу
  • Елін қорғайтын азамат болу

Еңбек пен кәсіп

  • Мал бағу
  • Кәсіп қуу
  • Еңбекті сүю

Өнер-білім

  • Өнер үйрену
  • Өнерлі болу

Денсаулық

  • Дені сау болу

3) Мағынаны тану: «Жигсо» әдісі

Әр топқа тақырыпшалары бар парақшалар таратылады. Оқушылар бос орындарды бірлесе толтырып, кейін топ жетекшісі шығып қорғайды. Талқылау өзегі — балаға қатысты салт-дәстүрлердің кезең-кезеңімен орындалуы.

Балаға қатысты дәстүрлер тізбегі

  1. 1 Нәресте дүниеге келгенде: азан шақырып ат қою
  2. 2 Шілдехана, «жарыс қазан», қалау
  3. 3 12–14 айлық: тұсау кесу
  4. 4 1–1,5 жас: тілашар тойы
  5. 5 4–5 жас: атқа мінгізу тойы

«Түртіп алу» жүйесі

Білемін

  • Шілдехана
  • Тұсау кесу

Білдім

  • Тілашар туралы
  • Атқа мінгізу туралы

Білгім келеді

Бұдан басқа ырым-тыйымдар мен салттарды тереңірек білгім келеді.

Ескерту

Мұнда оқушылардың өздік ізденісі күшейтіледі: ақпаратты табу, талдау, салыстыру және қорытынды жасау.

4) Ой толғаныс

Топтарға рөлдер мен тапсырмалар беріледі. Мақсат — салт-дәстүрдің мәнін өз сөзімен пайымдап, шығармашылық тұрғыдан жеткізу.

I топ

«Мен — анамын»

II топ

«Салт-дәстүрді жеткізушімін»

III топ

Кубизм стратегиясы бойынша салт-дәстүрлерді сипаттау

IV топ

Ырымдарды сипаттап жазу

Ой-толғаудан үзінді

Мен ұлттық дәстүрді насихаттаушы боламын. Шыққан тегім — халық. Қазақ халқының салтын, ырымын қорғаушы десем де болады. Жас сәби шыр етіп дүние есігін ашқанда, оның бойына ұлттық қазынаны құямын. Ұлттық мәңгүрттіктен сақтап, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді мол білуге үйретемін. Тілің барда салт-дәстүрің де салтанат құрады. Оған бар күш-жігеріңді салсаң болғаны!

Оқушының «Салт-дәстүрді жеткізушімін» тақырыбындағы жұмысы

5) Кері байланыс және үй тапсырмасы

Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша айтып, қандай ой түйгенін бөліседі.

Үй тапсырмасы

1–2 топ

«Салт-дәстүрді білу — ескіліктің белгісі емес пе?» тақырыбында өз ойыңды жазып кел.

3–4 топ

«Бұл ырымдарды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» тақырыбында пікірталас сұрақтарын дайында.