Күй атасы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Негізгі мақсат
Дәстүрлі күйшілік өнер туралы оқушыларға нақты әрі жүйелі мағлұмат беру.
Міндеттер
-
Білімділік
Күйшілік өнерді таныстырып, күй тыңдау арқылы музыканы сезінуге және түсінуге баулу.
-
Тәрбиелік
Әсемдікті сезінуге, халықтың музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу; өнер иелерін үлгі тұтып, қастерлеуге баулу.
-
Дамытушылық
Ән айту дағдыларын қалыптастыру, музыкалық қабілеттерін арттыру және шығармашылық белсенділігін дамыту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, музыка.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
Оқушылар сыныпқа «Адай» күйімен кіреді.
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеу.
- Сыныпты 3 топқа бөлу:
- 1-топ: домбырашылар
- 2-топ: қобызшылар
- 3-топ: сыбызғышылар
Диалог
Мұғалім: Сәлемет пе, балалар?
Оқушылар: Сәлеметсіз бе, апай.
2) Үй тапсырмасы: қайталау
«Қазақ халқының музыкасы туралы не білдік?» тақырыбындағы сұрақтарға әр топ жауап береді.
- Дәстүрлі ән айту өнері дегеніміз не?
- XIX ғасырдағы әнші-композиторларды атаңдар.
- Дәстүрлі әншілік өнер айтылу ерекшелігіне қарай қандай мектептерге бөлінеді?
- Халық әндерін жеткізуші дарынды әншілерді атаңдар.
- Музыка зерттеуші ғалымдарды атаңдар.
- Ақан серінің әндерін атаңдар.
- Абайдың әндерін атаңдар.
- Біржан салдың әндерін атаңдар.
- М. Мералыұлы ел арасында қандай атаққа ие болды?
- Гамма дегеніміз не?
- Арпеджио дегеніміз не?
- Альтерация белгісі дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
Дауыс жаттығулары: «Ән әуенін тап»
Әр топ бір шумақтан орындайды.
- 1-топ: «Қараторғай»
- 2-топ: «Ақбақай»
- 3-топ: «Қараңғы түнде тау қалғып»
Ойлан да тап: «Аспаптарды ата»
Әуеніне қарап аспапты анықтау және түрін айту.
1-топ: Домбыра қандай аспап? (Ішекті)
2-топ: Қобыз қандай аспап? (Ысқышты)
3-топ: Сыбызғы қандай аспап? (Үрмелі)
1-топ: Сазсырнай қандай аспап? (Үрмелі)
2-топ: Жетіген қандай аспап? (Көп ішекті)
3-топ: Шаңқобыз қандай аспап? (Тілшікті)
3) Жаңа сабақ: «Дәстүрлі күйшілік өнер»
Ой-қозғау
Аспаптық музыка дегеніміз не?
Аспаптық музыка — музыкалық аспаптарда орындалатын шығармалар.
Күй дегеніміз не?
Күй — домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық аспаптарда орындалатын әуендік шығарма.
Негізгі ұғымдар
Ең көне күйлердің бастауы күй атасы атанған Қорқыт есімімен байланысты.
Күй — мазмұны бағдарлы, көркемдігі жоғары аспаптық жанр: онда түрлі оқиғалар мен құбылыстар музыкалық тілмен суреттеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңы кезеңінде жоғары деңгейге көтерілді, күйшілік дәстүрдің кең өрістеуіне ірі тұлғалар үлес қосты.
Домбыра күйлері
Орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай екі ірі түрге жіктеледі.
Қобыз күйлері
Ең көне күйлердің көпшілігі қобызға қатысты; дәстүр Қорқыттан кейін де жалғасын тапты.
Сыбызғы мен шертер
Бұл аспаптарда да күйлер сақталған. Сыбызғышы-күйші Сармалай (1835–1885) есімі ел есінде. Шертерде шертпе күйлер әсерлі орындалады.
4) Тыңдалым: «Ақсақ құлан»
Халық күйі «Ақсақ құлан» тыңдалып, мазмұны талданады.
Талқылау сұрақтары
- Күй қандай көңіл күйде орындалады?
- Қандай аспапта орындалады?
«Ақсақ құлан» күйінің шығу тарихы
Ертеде Жошы хан өмір сүрген екен. Жалғыз баласы әкесінің сөзін тыңдамай, нөкерлерін ертіп аңға шығады. Құлан аулап жүріп, тым ұзап кеткенін байқамай қалады.
Кең жазықта бір топ құланның ішінде атуға болмайтын киелі құлан болады. Хан баласының оғы сол киелі құланға тиіп, құлан қарсы шауып келіп, баланы теуіп өлтіреді.
Хан жүрегі сезгендей: «Кімде-кім балам өлді десе, көмейіне қорғасын балқытып құямын», — деп жарлық етеді. Сонда нөкерлері елге әйгілі күйші Кетбұғаға барып, қаралы хабарды естіртуін өтінеді.
Кетбұға хан ордасына келіп күй тартады. Хан болған жағдайды күйдің тілі арқылы ұғып, қайғылы хабарды қабылдайды. Баласының қазасын естіген хан домбыраның шанағына қорғасын балқытып құйдырған деседі.
5) Ән үйрету: «Домбырасыз ән қайда»
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ — домбыра.»
Авторлар
Әні: И. Нүсіпбаев
Өлеңі: Х. Талғаров
Талдау сұрақтары
- Ән қандай көңіл күйде орындалады?
- Ән не туралы?
- Қандай альтерациялық белгі бар?
- ♭ нені білдіреді?
- Қандай ноталар жазылған?
- Өлшемі қандай?
- Әуенін үйрену (әуенді меңгерту).
6) Қорытынды және шығармашылық тапсырмалар
1-топ
Күй туралы төрт жол өлең (шумақ) құрастыру.
2-топ
Аспаптардың суретін салу.
3-топ
Эссе жазу: «Бүгінгі сабақтан алған әсерім».
Жалпылау сұрақтары
- Бүгінгі тақырып не туралы болды?
- Қандай күй тыңдалды?
- «Ақсақ құлан» кімнің күйі? Халық күйі.
Сөзжұмбақ: «Ақсақ құлан»
- Ішекті аспап. (Домбыра)
- Ысқышты аспап. (Қобыз)
- Үрмелі аспап. (Сыбызғы)
- Тілшікті аспап. (Шаңқобыз)
- Ең көне күйлердің атасы. (Қорқыт)
- Қорқыттан кейін қобыз дәстүрін жалғастырған күйші. (Ықылас)
- Күй атасы. (Құрманғазы)
- Сыбызғышы-күйші. (Сармалай)
- Құрманғазының шәкірті. (Дина)
- Көп ішекті аспап. (Жетіген)
7) Үй тапсырмасы
88–89-беттерді оқу.
8) Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен орындау белсенділігі бойынша бағаланады.