Тауға мені апарды, Талай қайттық гүл теріп
Сахналық көрініс
Ортада қыздар гүл болып отырады. «Көктем» билеп кіреді. Гүлдер мен аралар (ер балалар) ортаға билеп келіп, жартылай шеңбер болып тұрады.
Көктемнің сөзі
Көктем
Наурыз күні — Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
Балабақша меңгерушісі Бағым Шарапқызына сөз беріледі.
Көктем
Көкте құстар сайраған,
Беткейде гүлдер жайнаған.
Қызыл-жасыл дүние,
Құлпырады айналам.
Шашылып алтын шуақты,
Көктем келіп қуантты.
Алақайлап бұлақтар,
Сықылықтап су ақты.
Хор
«Көктем»
Өлеңдер: балалардың құттықтауы
Қадыржан
Көктем келіп қуантты,
Күн шуағы нұрланды.
Аналарға келеміз,
Құшақ-құшақ гүл алып.
Ғалия
Жарқыраған қызыл гүлдей,
Әсем болсын өміріңіз.
Сәуле шашқан көркем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз.
Ғалия
Қадірлі аналар, көңіліңіз
Көктемдей жайнап, гүл ашсын.
Бақытқа толып өміріңіз,
Шаттыққа шаттық ұлассын.
Ән
Ғалияның орындауында: «Әніміз бар — тамаша»
Ән
Алтынай мен Аяжан: «Көкек»
Бағжан
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрқашан,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Әнел
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Аружан
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Ауырмашы, әй әжем.
Гүлсезім
Жақсы көрем апамды,
Жүремін ылғи еріп бірге.
Тауға мені апарды,
Талай қайттық гүл теріп.
Бейбарыс
Алтын анам — ол менің,
Мені жақсы көреді.
Үйретеді өлеңін,
Ертегі айтып береді.
Ақниет
Еркелесем — күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп мені,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Нұрболат
Сырымды ұғатын — өзіңсің,
Қуатымсың сен менің.
Күнімсің сен шығатын,
Айымсың сен туатын.
Музыкалық нөмірлер
Жеке ән
«Біз — өмірдің гүліміз»
Орындаушылар: Ақниет, Бейбарыс, Нұрболат.
Би
Испан биі
Орындаушылар: Әнел, Перизат, Ғалия, Алтынай.
Ата-аналармен тренинг
Аналар балаларымен қарама-қарсы тұрып, берілген шарттарды орындайды.
Балалар (хормен)
Күлімдеп күндей,
Жайнаған гүлдей.
Аман-сау болшы,
Ақ мамам менің.
Жылы сәт
- Балалар аналарына жүрекшелер ұсынады.
- Өздері дайындаған сыйлық гүлдерін табыстайды.
Ән
Бағжан мен Жадыра апай: «Анашым»
Би
Балалар аналарымен бірге билейді
Хор
«Ақ мамам»