Балалар сендерге көп рахмет

Жоба туралы қысқаша мәлімет

Білім беру саласы
Қатынас
Бөлім
Жоба
Тақырыбы
«Мұздақ ертегісі»
Әдіс-тәсілдері
Тәжірибе жасау, ертегі айту
Көрнекілігі
Стакандағы су, мұз текшелері

Мақсаты

  • Балаларды судың бір күйі ретінде мұздың сапасы мен қасиеттерімен таныстыру.
  • Алған ұғымдар негізінде қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру.
  • Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.

Қостілділік компонент

Мұз
лед
Мұздақ
сосулька

Әрекет кезеңдері

1) Мотивациялық қозғаушы

Психологиялық жаттығу: «Мөлдір су»

«Үлкен-кіші бәріміз дос болайық, сумен біз!» — деп балалар алақандарын түйістіріп, бір-біріне жылу сыйлайды, күлімсіреп көңіл күйін көтереді.

2) Ұйымдастыру-іздестіруші

Ғажайып сәт

Су сылдыры естіліп, әуен ойнайды. Топқа Су ана келеді.

Су ана:

«Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер мен туралы көп нәрсе біледі деп естідім. Сондықтан өзіммен бірге тапсырмалар алып келдім.»

Тәрбиеші:

«Қош келдіңіз! Бүгін біз балалармен сіздің отбасыңыз туралы әңгімелесеміз.»

Сұрақ-жауап

  1. 1. Қандай жыл мезгілдерін білеміз?
  2. 2. Қазір жылдың қай мезгілі?
  3. 3. Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Қауіпсіздік ережелері (мұз және мұздақ)

Мұздақты ауызға салуға болмайды

Себебі ол суық, тамақ ауырып қалуы мүмкін.

Мұздақты лақтыруға болмайды

Себебі ол қатты: сынып кетіп, адамға тисе жарақаттауы мүмкін.

Көктемде өзендегі мұздың үстімен жүруге болмайды

Себебі күн жылынған сайын мұз жұқарып, опырылып кетуі мүмкін.

Бұл — мұздың зиянды жақтары. Ал бүгінгі жобада біз мұздың пайдалы жақтарымен танысып, «Мұздақ ертегісін» тыңдаймыз.

Ертегі

Балаларға «Мұздақ ертегісі» екі рет мазмұндап айтылады (тыңдау, түсіну, қайта айтуға ынталандыру).

Сергіту сәті

«Австриялық жаңбыр» (әуен арқылы қимыл-қозғалыс жасау).

3) Жаңа оқу іс-әрекетін бекіту (тапсырмалар)

1-тапсырма: Мұз текшелерін сипаттау

Бақылау

Балалар мұздың қасиеттерін айтады: суық, қатты, мөлдір.

Тәжірибе

«Мұздақ — Су ананың қызы» екенін дәлелдейік: мұз текшелерін жылы суы бар стаканға саламыз. Мұз жылы жерде еріп, қайтадан суға айналады.

2-тапсырма: «Су ма, су емес пе?»

Ойлану

Балалар әр заттың суға қатысын талқылайды: сұйық су, мұз, бу — барлығы судың әртүрлі күйі екенін қорытындылайды.

3-тапсырма: Мұздақтың суретін салу

Шығармашылық

Тәрбиеші орындау тәсілін түсіндіріп көрсетеді. Балалар жұмыстарын аяқтаған соң, бір-бірінің ұнаған суреттерін таңдап, тақтаға іледі.

Балалардың белсенділігі мадақталып, қол шапалақталады. Суреттер Су анаға сыйға тартылады.

4) Рефлексия және қорытынды

Су ана:

«Балалар, сендерге көп рақмет! Сендер менің отбасым туралы көп нәрсе білетіндеріңді көрсеттіңдер. Мен де құр қол келмедім — сендерге сыйлығым бар.»

Су ана алғысын айтып, сыйлығын береді де, балалармен қоштасады.