Балалар шыршамыз неге жабырқаулы
Мерекелі кештің шымылдығы
Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлайтын мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер. Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Жүргізушінің тілек-өлеңі
Кел, Жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан — бәрімізге.
Ал енді, құрметті қауым, сөз кезегін мектебіміздің басшысына береміз.
Сахна сәні: би мен ән
Мектебіміздің бишілерін шақырайық — қошеметпен, құрметпен қарсы алайық. Әуен ырғағымен көңіл көтеріп, қол соғып, биік шабытқа самғайық.
Келесі номер
1-сынып оқушыларының үнді биін ортаға шақырамыз.
Мерекелік көңіл-күй
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Ертегі кейіпкерлері сахнада
Қоян
Мен қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын.
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.
Аю
Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы келмес ешкім маған.
Қысқы ұйқымды қиып бүгін,
Ортаңызға келіп тұрмын.
Шырша жыры
Қоян: Ал, Аю аға, бастайық, асықпайық, саспайық!
Аю: Ендеше, Қоян, тұрмайық, шырша жырын жырлайық!
Ән: «Шырша жыры» (хор)
Күлкі мен күтпеген сиқыр
Қоян: Аюжан, сен қалай ойлайсың, бүгінгі мерекелік думанымызға жылдағыдай Мыстан кемпір келіп, тойдың шырқын бұзбай ма екен?
Аю: Қоянжан, мыстаннан қорқатын біз емес. Оның түріне де, сөзіне де әбден тойдық. Қазір заман өзгерді ғой.
Қоян: Дәл солай! Сыпырғышын сүйретіп жүреді, ұша да алмайды. Жұрт сыпырғышын тастап, шаңсорғыш пайдаланғалы қашан?!
Аю: Түрін айтсаңшы: шашы жалбыраған, беті-аузы мыжырайған, көзі сығырайған, тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба… (күледі)
Қоян: (күледі)
Мыстан кемпірдің сиқыры
Сол сәтте Мыстан кемпір келіп, екеуін сиқырлап жібереді:
«1, 2, 3! Сиқырлы күш, мына екеуін лезде өзгерте ғой!»
Содан соң ол балалардың арасына барып отыра қалады.
Ақшақардың келуі
Сол кезде Ақшақар келіп, екеуіне жасалған сиқырды қайтарады.
Ақшақар: Армысыздар, оқушылар мен ата-аналар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулық жылы болсын.
Балалар, шыршамыз неге жабырқаулы?