Тренинг сағаттың барысы
Тренингтің мақсаты
Бұл тренингтің негізгі мақсаты — әр қатысушының өзіндік «Менін» тереңірек тануына жағдай жасау, қызығушылығын ояту, адамгершілік мінез-құлықтарына баға беруге көмектесу және өзіне деген сенімділігін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелесу
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Интерактивті әдістер
Көрнекіліктер
- Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер
- Жіп
- A4 қағазы
- Слайд тақтасы
Тренинг форматы
Қатысушылар көп жағдайда шеңбер құрып отырады. Бұл формат қауіпсіз атмосфера құрып, ашық пікір алмасуға және бір-бірін қолдауға көмектеседі.
Тренинг барысы
Төменде мұғалімдерге арналған тренингтің құрылымы мен әр бөлімнің мақсаты, нұсқаулығы және талдау сұрақтары берілген.
1) «Аялы алақан»
Жылылық · Сенім · ЕркіндікМақсаты: жылылықты сезіну, сенімділік деңгейін арттыру және еркін қарым-қатынасты дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. Жүргізуші: «Бүгінгі тренингтен не алғыңыз келеді, нені көргіңіз келеді?» деген сұрақ қойып, жауаптарды тыңдайды. Бастапқы қатысушы көршісінің қолын ұстайды, шеңбер бойымен жалғасады. Тренинг соңында барлық қатысушылар қайтадан дөңгеленіп, қол ұстасады.
2) «Көрші»
Топқа тиесілік · ҚолдауМақсаты: әр қатысушының топтың бір мүшесі екенін сезіндіру, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық: қатысушылар қимыл-қозғалыс арқылы мәтінді қайталайды:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысында
Біз — үлкен отбасы.
3) Сенімді, сенімсіз және агрессивті мінез-құлық
Ажырата білу · Өзін-өзі дамытуМақсаты: сенімді мінез-құлықтың мәнін түсіну, өзіне деген сенімділікті дамыту және үш мінез-құлық түрін бір-бірінен ажырата білу.
Жүру барысы: әр қатысушыға жағдаят жазылған парақ беріледі. Қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық арқылы сахналап көрсетеді.
Жағдаят
Досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын қайтаруды ұмытып кетті.
Агрессивті әрекет
Сахналауға арналған нұсқа
Сенімсіз әрекет
Сахналауға арналған нұсқа
Сенімді әрекет
Сахналауға арналған нұсқа
4) «Психогеометриялық фигура»
Байқағыштық · ҮйлесімМақсаты: қатысушылардың байқағыштығын дамыту және топ мүшелері арасында үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер құрып отырады, көздерін жұмады. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі, жіп барлық қатысушыларға жалғастырылады. Жүргізуші санап, фигураны айтады: «1, 2, 3 — төртбұрыш» (немесе үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін қатысушылар көздерін ашып, нәтижені бірге қарайды.
Талдау сұрақтары
- Тапсырманы қиындықсыз орындадыңыз ба?
- Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
- Қандай әсер алдыңыз?
5) «Ойлы болсаң, тауып көр!»
Логика · ШығармашылықМақсаты: ойлау деңгейін және шығармашылық әлеуетті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушыларға қағаздан қиылған бөлшектер ұсынылады. Сол бөлшектерден «Т» әрпін құрастыру қажет.
6) Балалық шақтан қызықты оқиға
Эмпатия · ТыңдауМақсаты: эмпатияны дамыту, бір-бірін тыңдау мәдениетін күшейту.
Нұсқаулық: қатысушылар қорапшадан билет суырады. Егер билетте «Балалық шақтан қызықты оқиға» деп жазылса, сол қатысушы өз балалық шағынан есте қалған қызықты оқиғаны айтып береді.
Талдау
Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?
7) «Әнді жалғастыр!»
Көңіл күй · БірлікМақсаты: қатысушылардың көңіл күйін көтеру және жағымды эмоция қалыптастыру.
Нұсқаулық: жүргізуші өлеңнің 1-жолын айтады, қатысушылар келесі жолын жалғастырады. Келесі топ 3–4-жолын әнмен орындайды. Жүргізуші басқа өлең бастағанда, келесі топтар кезекпен 2-жолын және 3–4-жолын жалғастырады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады.
8) «Сен білесің бе?»
Тану · РефлексияМақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тануына, өзара бөлісуіне және кейде мән берілмей жүретін қасиеттерді байқап, түсінуге мүмкіндік жасау.
Нұсқаулық: қатысушылар қоржыннан бір билет алады. Билетте жануарлар, құстар немесе жәндіктердің атауы жазылады. Әр қатысушы өз билетіне назар аударып, көршісінің бойынан сол жануарға тән қасиеттерді тауып, бөліседі.
9) Қорытынды
Жабу · РухтандыруҚорытынды бөлімде қатысушылар бірге «Әріптестер, алға, қанаттарың талма» әнін орындайды.
Автор
Ботагөз Есенова Серікболқызы — Қазалы қаласы, №17 Ғ. Мұратбаев атындағы мектептің педагог-психологы.