Cабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Найзағайдай жарқ еткен жасын ғұмыр

Ұлыларды ұлықтау — ұрпаққа аманат

Қазақтан шыққан ұлылар аз болмаған. Біз Абай десек — тұтас қазақ әдебиетін елестетіп, соны биіктетеміз. Ахмет Байтұрсынұлы десек — қасиетті қазақ тілін айтып, оның мәртебесін ту етеміз.

Ал Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани туралы сөз болғанда, неге жастар жиі ауызға алынбайды? Жастар мәселесі неге кеңінен көтерілмейді? Әлде бұл мәселені түгел шешіп қойдық па? Жоқ, әсте олай емес.

Кеше мен бүгіннің арасы

Біз ХХ ғасыр басында жаңа дәуірге «Алаш» деп ұмтылған жалынды күрескер Ғани мен ХХІ ғасыр басындағы жаңа заманның «қазақ» деп шыққан жас күрескерлерін әлі де толық бауырластырып, табыстыра алмай келеміз. Ұрпақтар сабақтастығы — тек еске алу емес, ортақ мұрат пен жауапкершілікті жалғау.

Ғанидың тұлғалық болмысы

Ғани аса талантты жан еді. Толық білім алмағанына қарамастан, ол әрдайым ізденіс үстінде болды. Лениндік қарт гвардияның саяси тәжірибесі мен дәстүрін ықыласпен үйреніп, қысқа уақыт ішінде қоғамдық қайраткер ретінде қалыптасты.

Ол өз қызметінде марксизм-ленинизм идеяларынан айныған жоқ, ал тапсырылған істі партия нұсқауларын жүзеге асыру жолында оттай лапылдап атқарды.

Жасын ғұмырдың жыры

Жан еді жөргегінде жаны қызған,

Кезеңде қайғысы көп, азабы мың,

Ұлы боп туып едің Қазалының.

Жарқырап жұлдыз болып шыға келіп,

Көгінен ағып өттің қазағымның.