Саяхат сабағы Математика еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы
Жай бөлшектерді қосу.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларды бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосуға үйрету, бөлшектерге қатысты ережелерді тиімді қолданып есептер шығаруға машықтандыру.
2) Дамытушылық
Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін жай бөлшектерді қосуда, сондай-ақ өрнектерді ықшамдауда қолдана білу дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары мен форматы
Көрнекіліктер
- «Математика елі» картасы
- Сөзжұмбақ, ребустар
- Сызбалар, үлестірмелі карточкалар
- Слайд материалдары
Сабақтың түрі
Саяхат сабағы: «Математика еліне саяхат».
Сабақтың барысы
- I Ұйымдастыру кезеңі.
- II Өткен материалды қайталау.
- III «Математика еліне саяхат» бөлімі.
Өткен материалды қайталау
1) Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қайсысы үлкен?
Бөлімдері бірдей екі бөлшектің алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.
2) Алымдары бірдей бөлшектердің қайсысы үлкен, қайсысы кіші?
Алымдары бірдей екі бөлшектің бөлімі кіші болса, сол бөлшек үлкен; ал бөлімі үлкен болса, сол бөлшек кіші болады.
3) Координаталық сәуле бойында сандар қалай кескінделеді?
Координаталық сәуледе үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделеді.
«Математика еліне саяхат»
Балалар, бүгін біз сабағымызда «Білім еліне» саяхатымызды жалғастырамыз. Бізді Математика елінің тұрғындары күтіп отыр. Олар қызықты деңгейлік есептер, сөзжұмбақтар және ребустар дайындаған.
Саяхатқа дайынсыңдар ма? Ендеше, бәріміз көзімізді жұмып, өзімізді үлкен зымыранда отырмыз деп елестетейік.
Міне, Математика еліне де келдік. Сендерге табыс, сенім және жеңіс тілеймін!
1-аялдама: Тарихи мәліметтер елі
Математика еліне келген соң, оның мекендерін аралап шығайық. Алдымен «Тарихи мәліметтер еліне» қысқаша аялдап, бүгінгі тақырыпқа қатысты негізгі ережені еске түсірейік.
Негізгі ереже
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда, олардың алымдарын қосып, нәтижені алым етіп жазады да, бөлімін өзгеріссіз қалдырады.
Әріптер арқылы жазылуы
a/c + b/c = (a + b)/c