Жолда жүру ережелері туралы айту

Ересек «Гүлдәурен» тобындағы балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклограммасы

Өтпелі тақырып: Жануарлар әлемі
Кезең: 15.01.2018 – 19.01.2018

Мақсаты

  • Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
  • Қыс мезгіліндегі аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттай білуге үйрету (мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы, кейбір аңдардың қысқы ұйқыға кетуі, ұя салуы, көбеюі).
  • Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы

Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы әңгімелесу және көтеріңкі көңіл күй орнатуға бағытталған ойындар ұйымдастыру.

Апталық жоспар

Дүйсенбі • 15.01.2018

Тақырып: Қыста ұйықтайтын жануарлар

Қыста ұйқыға кететін жануарлар туралы әңгімелесу. Суретпен жұмыс жүргізу.

Дидактикалық ойын: «Қай аңның ізі?»

Мақсаты: танымдық белсенділігін арттыру.

Сейсенбі • 16.01.2018

Тақырып: Жыл мезгілі, ай, апта күні

Балаларды әңгімеге тарта отырып, жыл мезгілін, айды және апта күнін анықтау: қыс мезгілінде неше ай бар, қазір қай ай, бүгін апта күні қандай?

Дидактикалық ойын: «Қай мезгіл? Сипатта»

Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сәрсенбі • 17.01.2018

Тақырып: Үстел үсті ойындары

Үстел үсті ойындары: құрастыру, «Сыңарын тап» тапсырмалары.

Мақсаты

Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Бейсенбі • 18.01.2018

Тақырып: Жолда жүру ережелері

Қыс мезгілінде жол тайғақ болады, тұман түседі, боранды күндер кездеседі. Осындай жағдайларда жолда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін түсіндіру.

Дидактикалық ойын: «Жол ережесі»

Мақсаты: жол ережелерін еске түсіру.

Жұма • 19.01.2018

Тақырып: «Менің сүйікті жануарым»

Әңгімелесу: кім қандай жануарды жақсы көреді және не себепті ұнатады?

Дидактикалық ойын: «Ғажайып дорба»

Мақсаты: сипап сезу арқылы затты сипаттау.

Материалдар

  • Циклограмма (балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру) — жүктеу.
  • Циклограмма — жүктеу.