Ескен Елубаевтың өлеңіТөбеден шаншылып, БәріңеӘн салып береді бозторғай

Ескен Елубаевтың өлеңі

Төбеден шаншылып,
Бәріңе
Ән салып береді бозторғай.
Одан да
Жоғары
Әріде
Ұшады тырналар жезтаңдай.
Әрменде
Бұлттар тұр
Түнеріп
Қабағы түксиген қап - қара.
Сол маңды
Мекендеп
Жүреді
Жаңбырда, бұршақ та, ақ қар
Одан да
Жоғары
Биікте
Ақ шаңқан самолет ұшып жүр,
Ішінде
Ұшқыш бар,
Білікті:
Ол да бір, самғаған құсың бір.
Көгілдір
Кеңістік
Айнала,
Сүйеді ол қашан биікті
Өмірін
Ерлікке
Арнаған
Ұшқышқа кең аспан сүйікті.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері



Ұқсас жұмыстар

Кесте және көркемдеп тігу
Ақ боз үй трилогиясындағы тарихи шындық
Кесте және көркемдік тігу
Балалар бағдарламасы қандай болуы керек?
Сәкен Сейфуллин шығармашылығы
Ата заңым айбыным
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
Сағи Жиенбаев лирикасының көркемдік ерекшеліктері
Өрмек және ши тоқу өнері
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Аспанмен тілдескен тау
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫ
Кіндік кескен жерін қымбат
Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер
Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты
Кешкілік одан басқа қуыршақ солдаттардың бәрін қорапшаға қайта салып, адамдар қалың ұйқыға шомды
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады
Бір көк кептер ұяға екі балапан салыпты, бұл екі балапан қанат, құйрығы жетіліп, ұшар мезгілі келгенде, біреуі - біреуіне айтыпты: - Әй, шырақ, енді біздің қанат, құйрығымыз жетілді, ұшып дүниені кезіп, сауық қылып келелік, - дейді
Датұлы Сырым (1712 - 1802) - Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен