Ішек безі

7 мен 8 нұсқа
1. Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі:
A) Гүлсерігінде.
B) Тамырында, тұқымда.
C) Жапырағында.
D) Сабағында.
E) Тостағаншада.
2. Гүлшоғырдың биологиялық маңызы:
A) Қоректік заттар жинау.
B) Тозаңданып ұрықтануға.
C) Органикалық зат түзу.
D) Тұқым мен жеміс көп беру.
E) Минералды зат өткізу.
3. Қарапайымдар типіне жататын жәндіктер:
A) Кенелер
B) Кірпікшелі кебісше
C) Көбелектер
D) Кірпікшелі құрттар
E) Шаршылы өрмекші
4. Былқылдақденелілер типіне жататын класс:
A) Талшықтылар
B) Сорғыш құрттар
C) Кірпікшелілер
D) Бауыраяқтылар
E) Ішекқуыстылар
5. Бауыр, ұйқыбезінің өзектері ашылатын мүше:
A) Қарын.
B) Ұлтабарұшы.
C) Ауыз.
D) Тоқ ішек.
E) Өңеш.
6. Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны -
A) Күл.
B) Шымтезек.
C) Саңғырық.
D) Көң (қи), қарашірік.
E) Құм.
7. Бір тұқымжарнағы бар өсімдік

A) Үрмебұршақ
B) Қараған
C) Асбұршақ
D) Соя
E) Бидай
8. Талшығынан арқан жіп, себет тоқылады:
A) Зығыр.
B) Аспарагус.
C) Сарымсақ.
D) Інжугүль.
E) Қызғалдақ.
9. Сиыр цепенінің көзі:
A) Жай көз.
B) Күрделі көз.
C) Дамымаған.
D) Жақсы дамыған.
E) Нашар дамыған.
10. Өзен шаянының жүрегі:
A) Төрт бөлікті.
B) Бір бөлікті.
C) Бес бұрышты қалта.
D) Екі бөлікті.
E) Сақина тәрізді жүрекше.
11. Жүрегі төрт бөлікті жорғалаушы:
A) келес
B) тасбақа
C) жылан
D) қолтырауын
E) кесіртке
12. Бұлшықеттің жұмысына энергия көзі болып саналатын:
A) органикалық заттар
B) витаминдер (дәрумендер)
C) ферменттер
D) су
E) минералды заттар
13. Эмоциалық еске жатпайды
A) Өтірік айту
B) Кісімсу
C) Наздану
D) Өкпелеу
E) Ренжу
14. Ақуыз (нәруыз) құрамына кіретін:
A) Эфир майы
B) Су
C) Май
D) Аммиак
E) Аминқышқылы
15. Жасыл мүктің топырақтан минералды заттарды сіңіретін мүшесі:
A) Жапырағы.
B) Сабағы.
C) Қауашағы.
D) Тамыры.
E) Ризоидтары.
16. Қына денесін құрайтын жасушалар тобы:
A) денесінің сыртқы қабат жасушалары.
B) денесінің үзінділері.
C) зеңсаңырауқұлақ жасушалары.
D) тек балдыр жасушалары.
E) саңырауқұлақ және балдыр жасушалары.
17. Жабын ұлпасының түрлері
A) эпителий талшық тәрізді кірпікшелі
B) борпылдақ, тығыз, безді, кірпікшелі
C) шеміршек тығыз борпылдақ
D) май шеміршек талшық тығыз
E) тығыз сүйек шеміршек
18. Ағзаның тіршілік ортасының жағдайына бейімделуі байланысты
A) жүйке жүйесіне
B) зәр шығару жүйесіне
C) ас қорыту жүйесіне
D) қан айналу жүйесіне
E) тыныс алу жүйесіне
19. Тыныс алу мүшелеріне жатпайды
A) бүйрек
B) өкпе
C) аңқа
D) көмей
E) кеңсірек
20. 1 гр ақуыз ыдырағанда бөлінетін жылу мөлшері:
A) 17, 6 кДж
B) 16, 8 кДж
C) 16, 0 кДж
D) 17, 2 кДж
E) 17, 0 кДж
21. Адамның дене t0 - нан жоғарғы t0 - лы жерде тіршілік етуіне әсер ететін:
A) Лүпілдің баяулауы.
B) Тыныс алудың артуы.
C) Тердің көп бөлінуі.
D) Терідегі май бездерінің саны.
E) Тыныс алудың баяулауы.
22. Жыныс жасушасы
A) зигота
B) нейрон
C) ұрық
D) гамета
E) сома
23. Агрономиялық әдіске жатпайды
A) себу мерзімін білу
B) канал салу
C) мол түсімді іріктеме таңдау
D) себу тереңдігін білу
E) органикалық тыңайтқыш себу
24. Тірі ағзалар жиынтығы жер бетінде құрайды
A) ғаламшар биомассасын
B) құрлық биомассасын
C) ауа биомассасын
D) орман биомассасын
E) су биомассасын
25. Ішекқуыстылардың еркін жүзетін, кірпікшелі дернәсілі
A) Жұмыртқа
B) Имаго
C) Планула
D) Итшабақ
E) Қуыршақ
26. Қанның ұйығыштығы:
A) эритроциттердің бұзылуынан
B) лейкоциттердің бұзылуынан
C) тромбаға айналуынан
D) ақуыз талшығының фибринге айналуынан
E) қылтамырдың тарылуынан
27. Заттың пішіні мен түсін ажырататын көздің...
A) ақ қабықшасы.
B) көз бұршағы.
C) қасаң қабықшасы.
D) тор қабықшасы ішіндегі құтыша.
E) нұрлы қабықшасы.
28. Кроссинговер дегеніміз:
A) гомологтық хромосомалардың бөліну кезінде айқасуы
B) жасушаның айқас бөлінуі
C) жыныс жасушаларының пайда болуы
D) хромосоманың спиральды ширатылуы
E) гомологиялық хромосоманың бір - бірімен тығыз жанасуы
29. Анд (Оңтүстік Америка) орталығы … отаны.
A) майлы тағамның
B) күріштің
C) картоптың
D) орамжапырақтың (қырыққабат)
E) жүзімнің
30. Адамдағы атавизм белгілері -
A) Үшінші қабақ.
B) Адам қаңқасындағы құйымшақ.
C) Қалың түктілігі.
D) Соқыр ішек өскіні.
E) Құлақ қалқаны.

8 нұсқа

1. Астық тұқымдас өсімдіктер тамыры:
A) Жанама
B) Кіндік
C) Негізгі
D) Қосалқы
E) Шашақ
2. Тұқым себетін топырақ:
A) Тығыз болу қажет.
B) Ауа еркін өтетін болу қажет.
C) Өте құрғақ болған тиімді.
D) Өте дымқыл болуы қажет.
E) Батпақты болу қажет.
3. Сырттан қарағанда жәндіктен де өсімдікке көбірек ұқсайтын көпжасушалы ағза:
A) Айырдене
B) Тұщы су гидрасы
C) Бауырсорғыш
D) Құмқазар
E) Шұбалшаң
4. Үлкен қан айналым шеңбері дегеніміз -
A) Сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, сол жақ құлақшаға келу жолы.
B) ) Сол жақ құлакшадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, сол жақ қарыншаға келу жолы.
C) Оң жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы.
D) Сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға келу жолы.
E) Оң жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, сол жақ қарыншаға келу жолы.
5. Өт бөлетін без:
A) Сілекей без.
B) Бауыр.
C) Жыныс безі.
D) Ұйқы безі.
E) Ішек безі.
6. Жеміс қабы мен тұқымы бір - бірімен бітісіп кеткен бір тұқымды құрғақ жеміс.
A) Бидай
B) Күнбағыс
C) Үрмебұршақ
D) Шомыр
E) Көкнәр
7. Тек су бетінде қалқып өсетін шаңжапырақ
A) Хлорелла
B) Лианалар
C) Мүк
D) Спирогира
E) Сальвиния
8. Саңырауқұлақтың жемісті денесінің жіпшумақтан өсіп дамуы:
A) Ауа жетіспегенде.
B) Спорасы 20 - 25 см терең орналасқанда.
C) Топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда.
D) Ауа, ылғал, жылу жеткілікті болғанда.
E) Жылу жеткіліксіз болғанда.
9. Кесірткенің терісі:
A) тері безінен сұйық шырыш бөлініп тұрады
B) жалаңаш(жылтыр)
C) қабыршақты, құрғақ
D) дымқыл
E) тікенекті өскіншелі
10. Адам өкпе бөлігінің саны:
A) 5
B) 3
C) 2
D) 4
E) 1
11. Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі:
A) Өкпе
B) Бүйрек
C) Кеңірдек
D) Өңеш
E) Қарын
12. Бір - біріне ұқсас егіздер дамыған жасушаның саны:
A) Бір.
B) Екі.
C) Үш.
D) Көп.
E) Төрт.
13. Митоз жолымен бөлінетін бөлшектер
A) онтогенез
B) нерв түтігі
C) зигота
D) сарыуыз
E) гамета
14. Жердің геологиялық қабығы биосфера:
A) Газ тектес заттардан тұрады.
B) Қатты заттардан тұрады.
C) Топырақтан тұрады.
D) Сұйық заттардан тұрады.
E) Тірі организмдерден тұрады.
15. Тамыр қалемшесі арқылы көбейе алады
A) Тобылғы
B) Ақжелкен
C) Үйеңкі
D) Бидай
E) Топинамбур
16. Жазда жас балауса күйінде пайдаланатын орамжапырақ
A) Кольраби
B) Қызыл қауденді орамжапырақ
C) Ортан мерзімде пісетін
D) Ерте пісетін
E) Кеш пісетін
17. Құстарға зиян келтіретін бунақдене:
A) Сона.
B) Түкжегі.
C) Мамықжегі.
D) Құлық.
E) Біте.
18. Жүйке жасушаларында қажетсіз улы жасушыларды сіңіреді
A) митохондрий
B) қабықша
C) центросома
D) рибосома
E) лизосома
19. Заттар ыдырауынан пайда болатын өнімдеріне жатпайтынын анықтаңыз:
A) Тер.
B) Несеп.
C) Энергия.
D) Нәжіс.
E) Жас.
20. Шартты рефлекс
A) Емшек іздеу, ему
B) Жұтыну
C) Қорғану
D) Иіскеу
E) Дәрет сындыру
21. Хромосомалардың бар жері:
A) Рибосома.
B) Клетка орталығы.
C) Цитоплазма.
D) Ядро.
E) Лизосома.
22. Ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы:
A) филогенез
B) генотип
C) фенотип
D) генофонд
E) аллель
23. Австралопитектердің қаңқа қалдықтары табылған аймақ -
A) Оңтүстік Африка.
B) Ява аралы.
C) Шығыс Африка.
D) Европа.
E) Азия.
24. Көпшілік ағзаларға тән маусымдық өзгерістің негізгі себептері:
A) күннің ұзаруы
B) орта жағдайы
C) температура
D) ылғалдылық
E) қорек
25. Аш ішекте және өт жолында тіршілік ететін паразит қарапайым жәндік:
A) қантышқақ амебасы
B) трипоносома
C) лямблия
D) безгек паразиті
E) құртамыш
26. Ағзадағы мүше дегеніміз:
A) Белгілі құрылысы бар, үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі.
B) Әр - түрлі құрылысы бар дене бөлігі.
C) Әр - түрлі қызмет атқаратын бөлігі.
D) Белгілі құрылысы бар, әр - түрлі қызмет атқаратын дене бөлігі
E) Белгілі құрылысы бар, үйлесімсіз қызмет атқаратын дене бөлігі.
27. Бақалшақсыз былқылдақденелі жәндік.
A) Үлкен тоспа ұлуы.
B) Жүзім ұлуы.
C) Айқұлақ.
D) Каракатица.
E) Шалшықұлу.
28. Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне жататын -
A) Ми.
B) Парасимпатикалық жүйке.
C) Жұлын.
D) Аралас жүйкелер.
E) Жүйкелер мен жүйке түйіндері.
29. Бұлшық еттер сезгіш нейрондар арқылы қозуды өткізеді:
A) Терідегі, бұлшық еттердегі, сіңірлердегі рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне.
B) Бұлшық еттерден миға.
C) Орталық жүйке жүйесінен ішкі мүшелерге.
D) Жұлыннан үлкен ми сыңарларының қыртысына.
E) Жұлыннан бұлшық еттерге.
30. Көру мүшесінің көмекші бөлігіне жататындар
A) Қасаң қабықша.
B) Қабақ.
C) Шыны тәрізді дене.
D) Тор қабықша.
E) Көз бұршағы.

Дұрыс жауап кодын жүктеу
Тесттің толық нұсқасы



Ұқсас жұмыстар

Ащы ішектегі ас қорытылу үрдісі
Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту жүйесінің ағзалары
Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік
Асқорыту жүйесінің анатомиялық сипаттамасы
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Ішек-қарын жолдарының қызметінің реттелісі.
Сілекей бездерінің секрециясының фазалары
Балықтардың қаңқасы
Ас қорыту жүйесінің патологиясы
Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап
Ащы ішекке
Аналық жыныс безі (яичник)
Ішектің инфекциялық ауруларын емдеу принциптері
Мысқыл - шықшыт безі, жүйке жүйесі және басқа бездердің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру
 Бадамша безінің созылмалы қабынуы
Ішек қабықшалары
Ішек шикізатын өңдеу
Қай бездер жабын безі құстарда
Ішекқуыстылар типі қай деңгейдегі жануарлар