Мұнай өнеркәсібінің негізгі базалары, мұнайдың әлемдік қордағы үлесі

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — елдің шаруашылығына жан-жақты сипаттама беру және отын-энергетика салалары туралы мәліметтерді талдау арқылы білім негіздерін меңгерту. Мұнай, газ, көмір сияқты энергетикалық ресурстар қорының игерілуі мен олардың кәсіптік маңызына баға беріледі.

Сонымен қатар оқушылардың көріп, естіп, білгенін саралап қабылдау дағдысын қалыптастыру, біліктілігін дамыту, интернет ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған орта мен адам арасындағы үйлесімділікті сезіну және оны сақтауға тәрбиелеу көзделеді.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Технология

СТО, жобалап оқыту

Көрнекілік

Интерактивті тақта, бейнефильм, суреттер, сызбалар, дүние жүзінің саяси картасы, плакаттар

Кіріспе бөлім

  1. Саяси картадан Ресейдің шектесетін елдерін көрсету.
  2. Тақтаға «шаруашылық» сөзіне кластер құру.
  3. Өндірістік және өндірістік емес сфера ұғымдарына ассоциация жасау.

Негізгі бөлім: Мағынаны тану

Жаңа тақырыпты өз бетінше оқып шығуға 5 минут уақыт беріледі. Оқып болған соң, мазмұн «Кубизм» стратегиясы арқылы ашылады. Оқушылар слайдтармен, интерактивті тақтадағы кестелермен, сызбалармен және карталармен жұмыс істейді.

Кубизм стратегиясы

1) Шаруашылық салалары

Зерттеу

2) Отын-энергетика

Сипаттау

3) Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі

Талдау

4) Электр энергетикасы

Салыстыру

1) Шаруашылық салалары

Шаруашылық салаларына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, сауда, байланыс, білім беру және денсаулық сақтау жатады. Шаруашылық екі ірі сфераға бөлінеді:

  • Өндірістік сфера — нақты өнім өндіреді.
  • Өндірістік емес сфера — өнім өндірмесе де қоғам үшін маңызды қызмет көрсетеді.

2) Отын-энергетика кешені

Отын-энергетика кешені отын өндіруді, оны өңдеуді, электр энергиясын алуды, тасымалдауды және энергияны таратуды қамтитын өзара байланысқан процестер жүйесі.

Ресейдің үлесі: әлемдік энергетикалық ресурстардың шамамен 25%, газдың 45%, мұнайдың 13%, уранның 14%.

3) Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі

  • Табиғи газ қоры әлемдік қордың шамамен 40%, өндіру көлемі 35%.
  • Газды өңдеу бойынша дүние жүзінде алдыңғы орында.
  • Көмір қоры жөнінен бірінші орында, өндіру жөнінен бесінші орында.
  • Мұнайдың 70%-ы Батыс Сібірде өндіріледі.

4) Электр энергетикасы

Ресейде 11 атом электр станциясы жұмыс істейді. Негізгілері: Курск, Смоленск, Ростов, Тверь, Белояр, Кола.

Ірі су электр станциялары Енисей және Ангара өзендерінде салынған. Жылу электр станцияларының ірілері: Сургут, Кострома, Рефтинск.

Мағынаны дамыту

Қосымша ақпаратпен жұмыс

Оқушылар өткен сабақта берілген тапсырмалар бойынша интернеттен алынған көмір, мұнай, газ және электр энергетикалық ресурстар туралы қосымша деректерді оқып, қысқаша мазмұндайды.

Білімді тексеру: жуан және жіңішке сұрақтар

Интерактивті тақтада берілген сұрақтар кезекпен оқылады, оқушылар жауап береді:

  1. Ресей елінің шаруашылығы қалай жіктеледі?
  2. Ел жалпы ішкі өнім өндіруден дүние жүзінде нешінші орында?
  3. Шаруашылық салаларындағы жетекші сала ретінде өнеркәсіпті атаңдар.
  4. Отын-энергетика кешені қандай процестерді қамтиды?
  5. Елдің отын балансының құрылымы қандай?
  6. Мұнай өнеркәсібінің негізгі базалары қандай және мұнайдың әлемдік қордағы үлесі қанша?
  7. Елдегі мұнайдың неше пайызы экспортталады?
  8. Негізгі көмір базаларын атаңдар. Қоры жөнінен нешінші орында?
  9. Су электр станциялары қандай өзендерде салынған және энергияның неше пайызын құрайды?
  10. Елдегі газ қандай елдерге шығарылады? Өндіру базаларын картадан көрсетіңдер.
  11. Қазақстан көршілес Ресейден қандай тауарлар сатып алады?

Жазылым тапсырмасы

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған ойларын жинақтау үшін дәптерге бес сөйлемнен тұратын тұжырымдама жазып, сынып алдында оқиды.

Қорытынды бөлім: Ой-толғаныс

Интерактивті тақтадан Ресейдің ірі кәсіпорындары туралы бейнефильм көрсетіледі. Бұл материал кейін жазылатын жобаға тірек ретінде пайдаланылады.

Жоба тақырыбы

«Отын өнеркәсібі және қоршаған орта» (шағын жоба қорғау)

Үй тапсырмасы

Мәтінді мазмұндап оқу, жобаны аяқтап келу.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен жұмыс нәтижелері бойынша бағаланады.