Мұқағали МақатаевАпыр - ау, бір - ақ түнде қыс келген бе
Мұқағали Мақатаев
Апыр - ау, бір - ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір - ақ түнде керемет істелген бе?!
Жәйімен жапалақтап қар жауып тұр.
Үлгермей де қалдың - ау қамданып бір
Ыққа кеп қонақтаған көгершіндер,
Бұталарға қарайды таңданып құр.
Қар жауып тұр,
Жауып тұр, қар жауып тұр.
Заңды ғой, Заңды бәрі, талас бар ма,
Аққа оранған көшелер, ағаштар да.
Бар табиғат өзара жарасқан ба?
Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.
Қала жатыр оранып ақ тұманға,
(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да.)
Жығылған соң жалауы, жаз тығылды,
Қыс кіре алмас өмірі шахтыларға.
Қыт қытымыр.
Жайлы емес далаға онша.
(Малшыларға қиын - ау, дара қонса...)
Біледі өзі табиғат, қайтер едік,
Қыс ақ болмай, егерде қара болса?!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Кітап оқушылар конференциясы
Мақағали шығармалары мен аудармалары
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы отаншылдық рух
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
Қазақ поэзиясының көркемдік жүйесіндегі символдың атқаратын қызметін саралауда жекелеген ақындар шығармаларындағы символдың өзіндік ерекшеліктерін зерделеу
Мұқағали Мақатаев - мәңгі жыр
Абай Құнанбаев (1845-1904)
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау