Монғол мемлекетінің әкімшілік билігі

5 ТАРАУ. 13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Конспект
1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен әкімшілік билікке бөлінді. Әскери аумағы жағынан мемлекет үш әскери әкімшілік аймақтан тұрды. Олар – барунгар (оң қанат), жоңғар (сол қанат) және кул (орталық қанат). Мемлекеттің басты заңы “Жасақ” деп аталды. Оның бірінші бөлімінде Шыңғысханның нақыл сөздері мен ел басқарудағы шешімдері болған. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар мен жазалау ережелерінен құралды. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды.
1207 - 1208 жылдары Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулап алды. Ал 1207 - 1209 жылдары Шыңғысхан таңғұттарды, Тұрфан кінәздігін, ұйғырларды бағындырды. 1211 - 1215 жылдар арасында Шыңғысхан Қытай жерін басып алды. 1217 жылы Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. Монғолдар 1218 жылы Жетісу жеріне енді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылды. Оның басты себебі “Отырар опаты” болған. 1219 - 1220 жылдары Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшті. Жетісу аймағында монғол шапқыншылығына дейін 200 - ден астам елді мекен болған. Ал 13 - 14 ғасырларда 20 - ға жуық қала қалған. Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Ең бастысы, халықтардың этникалық құрамы мүлдем бұзылды. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзақ жылға кешеуілдеді. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін төрт баласына бөліп берді. Қазақстан жерінде Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары пайда болды. Төле Монғолия жерін биледі.
Конспект сұрақтар
1. Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашудағы басты себеп:
2. Отырарды қоршауға алды:
3. Отырар қаласы монғолдарға қанша уақыт бойы қарсы тұрды:
4. Жошы бастаған әскерлер аттанды:
5. Сыр бойындағы қалалар монғолдардың иелігіне көшті:
6. Жетісу аймағындағы монғол шапқыншылығынан кейінгі қала саны:
7. Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуын ұзақ жылға кешеуілдеткен жағдай:
8. Жошы ұлысының аумағы:
9. Қазақстан жеріндегі монғол ұлыстары:
10. Құрамына Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс Қазақстан аумағы кірген ұлыс:
11. Үгедей ұлысының аумағы:
12. Ұлы хан Мөңке қайтыс болды:
13. Монғолдардың Жетісуға енген жылы:
14. 1217 жылы Жетісуды басып алуға аттанды:
15. Шыңғысхан Қытай жерін басып алды:
16. Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын жаулады:
17. Өкімет билігінің жоғарғы органы:
18. Мемлекеттің басты заңы:
19. Ханның жеке басын қорғайтын жасауыл:
20. Монғолияның әскери - әкімшілік аймақтары:
21. Монғол мемлекетінің әкімшілік билігі:
22. Шыңғысханның туған жылы:
23. Монғол империясы құрылған мерзім:
24. Тимучиннің (Шыңғысхан) ел билеген жылдарын көрсетіңіз:
25. Қай жылдары Хорезм шахы Мұхамед Текеш Отырар қаласында теңге соқтырған:
26. Қандай оқиғаға байланысты қыпшақтар мен Хорезм мемлекетінің Сыр бойындағы қалалар үшін күресі тоқтатылды:
27. Шыңғысханның қай заңы бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды:
28. Қай жылдары Ұрыс хан өз атынан Сығанақта теңге соқтырған:
Тақырыптың тесті

13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы. жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Юань империясының әлеуметтік жағдайы
X-XV ғ. феодалдық Корея
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері
Әбілхайыр хандығы
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Әбілхайыр ханның билікке келуі
ХҮ -ХҮ ғ.ғ. Дешті Қыпшақтағы хандық биліктің өзгеріске ұшырауы
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҰЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ. АЛТЫН ОРДА
Көшпелі өзбектер мемлекетінің күшеюі
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар
Классикалық - әкімшілік баскару мектебі
Әкімшілік-қуқықтық қатынастар
Әкімшілік құқық
СССР-ДІҢ САЯСИ-ӘКІМШІЛІК КАРТАСЫ
Қостанай - Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы
Күлтегін және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, көк түркінің көк семсері атанған атақты батыры
Монғолдар шапқыншылығының Қазақсатан экономикасына әсері
Қарахан мемлекетінің құрылуы