Қасым Аманжолов Көктем Сабақтың мақсаты

Сабақ жоспары Бастауыш сынып Әдебиеттік оқу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өңір / аудан / ауыл
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Кетебай ауылы
Мектеп
Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі
Мұғалім
Изтурганова Жадыра Жолдасқызы (бастауыш сынып мұғалімі)
Тақырып
Қасым Аманжолов — «Көктем»

Сабақтың мақсаты

Топтық жұмысты жандандыру арқылы өздігінен реттелетін оқудың түрлерін (эмоциялық, танымдық, әлеуметтік және ынталандырушылық) дамыту. Қасым Аманжолов туралы мәлімет алып, «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, негізгі ойды ашып, қорытынды жасай білуге үйрету. Оқушылардың аудио-визуалды қабылдауын, елестетуін және зейінін дамыту.

Міндеттері

  • Топтық жұмыстағы ынтымақтастықты кеңейту.

Табыс критерийлері

  • Көктемнің жыл мезгілі екенін біледі.
  • Көктемде болатын табиғат өзгерістерін, адам тіршілігі мен еңбегін әңгімелей алады.

Күтілетін нәтиже

Өлеңді мәнерлеп оқиды және түсінігін жеткізеді; көктем айларын атайды; көктем туралы бір шумақ өлең құрастырады.

Тапсырмаларды сеніммен орындайды; құрдастарымен мәселені талқылап, сұрақ қояды және жауап береді; топ ішінде мақсат қойып, жоспарлайды.

Негізгі идея

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өздігінен реттелетін оқуды жүйелі түрде жалғастыру.

Ресурстар мен құралдар

Қима суреттер АКТ Постер Маркер Смайликтер Бейнеролик

Сабақ барысы (уақытымен)

Кіріспе: ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру: оқушылар қол ұстасып тұрып, көршісіне күлімсіреп, бір-біріне табыс тілейді.

Тану: топқа бөліну

3 минут

Оқушыларға әртүрлі суреттер таратылады. Сол суреттерге сәйкес төрт топқа бөлінеді: Күн, Гүл, Жапырақтар, Құстар.

Түсіну: үй тапсырмасын пысықтау (Джигсо)

8 минут

Мұғалім оқушыларға гүл ұсынып, «Гүлдер» өлеңін бір жолдан жатқа айтқызады. Бір оқушы соңғы жолын аяқтаған соң, келесі оқушы жалғастырады.

Таныстырылым: ой тастау және қолдану

5 минут

Жаңа сабаққа кіріспе: топ атаулары (күн, гүл, жапырақтар, құстар) қай жыл мезгілімен байланысты екенін анықтау.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Көктем мезгілі туралы не білеміз?
  • Көктем мезгілі неше кезеңнен тұрады?
  • Ерте көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Орта көктемде қандай өзгерістер байқалады?
  • Жай көктемде қандай өзгерістер болады?

Оқушылардың жауаптарын жинақтап, ойды жүйелеу үшін проектордан көктемге қатысты бейнеролик көрсетіледі.

Негізгі бөлім: талдау

8 минут

«Пікірлер ағашы» ойыны

Оқушылар Қасым Аманжолов туралы білетінін қағазға жазып, ағашқа (постерге) жапсырады.

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұнын өздеріне талдату, негізгі ойды табуға бағыттау.

«Сөзбен сурет салу»

Өлең мазмұнына сәйкес сурет салғызу: әр топ суретін салып, тақырып қойып, қорғайды. Талқылау: әр шумақта нені бейнелеуге болады?

Жинақтау: шығармашылық тапсырмалар (топтық жұмыс)

15 минут

1-топ

«Табиғатқа хат»

2-топ

Көктем туралы эссе

3-топ

«Көктем» тақырыбында 5 жолды өлең

4-топ

Мақал-мәтелдер

Әр топтан белсенді оқушылар жұмыстарын қорғайды. Сабақ соңында оқушылар бүгін алған білімін қорытындылайды.

Үй тапсырмасы

2 минут
  • «Көктем» өлеңін жаттау.
  • Қасым Аманжоловтың басқа шығармаларымен танысу.

Кері байланыс

2 минут

Оқушылар бүгінгі сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын қысқаша жазып, кері байланыс береді.

Ескерту: сабаққа қатысты презентация материалдары кейін жүктеледі.