Алтын жұмыртқа туралы
Мақсат пен міндеттер
Мақсат: балаларға үстел үсті театры арқылы ертегіні баяндап айтуға үйрету, сұрақ-жауап әдісімен балалардың сөйлеу дағдыларын дамытып, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аударта отырып, мәтінді түсінуге, қабылдауға және сезінуге жетелеу. Мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Ғажайып сәт
- Психологиялық тренинг
- Ой қозғау
- Түсіндіру, көрсету
- Сұрақ-жауап
- Ойын-жаттығу
Көрнекілік және сөздік жұмыс
Көрнекілігі
Ертегі кейіпкерлерінің макеттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс
Оқу іс-әрекетінің типі
Жаңа материалды игерту.
Оқу іс-әрекетінің түрі
Дәстүрлі емес.
Сабақ барысы
Психологиялық тренинг: жақсы тілектер
Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату доспыз. Достығымызды нығайту үшін бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
- 1 Күніміз жарық болсын!
- 2 Аспанымыз ашық болсын!
- 3 Деніміз сау болсын!
- 4 Елімізде тыныштық болсын!
Әңгімелесу: көктем
Сұрақ
Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап
Көктем мезгілі.
Сұрақ
Көктемде қандай өзгерістер байқайсыңдар?
Жауап
Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар қайта келеді.
Сұрақ
Қандай мерекелерді тойладық?
Жауап
Аналар мерекесі мен Наурыз мейрамын тойладық.
Тақырыпқа шығу: құстар мен жұмыртқа
Иә, көктемде тіршілік оянып, жан-жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан басады. Қандай құстарды білесіңдер?
Тауық — үй құсы.
Тауық не шығарады?
Жауап: Жұмыртқа шығарады.
Ендеше, “Алтын жұмыртқа” ертегісін тыңдайық.
Ертегі үстел үсті театры арқылы көрсетіліп, әңгімеленеді.
Ертегіні талқылау
Сұрақ
Ертегі не туралы?
Жауап
Алтын жұмыртқа туралы.
Сұрақ
Қандай кейіпкерлер бар?
Жауап
Ата, әже, тышқан, тауық.
Қимыл-қозғалыс сәті
Бір сәт балапандарға ұқсап қимыл жасайық. “Шөжелер” әніне қимыл-қозғалыс орындалады.
Жұмыртқаны сипаттау
Сұрақ
Жұмыртқаның пішіні қандай?
Жауап
Пішіні сопақша.
Сұрақ
Түсі қандай?
Жауап
Түсі ақ.
Ғажайып сәт: тауықтың келуі
Тыңдалым
Осы кезде тауықтың дауысы естіледі. “Қыт-қыт-қыт...”
Сұрақ
Балалар, тыңдаңдаршы: ненің дауысы естілді?
Тауық топқа кіреді
— Қыт-қыт-қыт, сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай әдемі балалар!
— Балалар, бұл біздің ертегідегі тауық емес пе?
— Иә. Менің көп жұмыртқамды тышқан жарып кетіпті. Соны құрастыруға көмектесесіңдер ме?
Балалардың жауабы: Иә, көмектесеміз.
Ойын: “Бөлігін тап”
Балалар жұмыртқаның бөліктерін тауып, құрастырады.
— Рахмет сендерге, балалар! Қуанып қалдым.
Тәрбиеші балалардың көмектескеніне назар аударып, олардың мейірімді әрі ақылды екенін атап өтеді.
Енді тауықпен бірге серуенге шығып, “Балапандар” ойынын ойнайық.
Күтілетін нәтиже
Білуі
Ертегінің мазмұнын және кейіпкерлердің іс-әрекетін мағыналы түсінеді.
Меңгеруі
Тілдің дыбыстық мәдениетін, сөздік қорын және сөйлеу белсенділігін дамытады.
Жасай алуы
Бөліктерден бүтін құрастыра алады.