Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту

Информатика – ғасыр талабы

Бұл сабақ-зияткерлік ойын оқушылардың білімін жүйелеуге, практикалық дағдыларын нығайтуға және логикалық-абстрактілі ойлауын дамытуға бағытталған.

Сайыс сабақ Сұрақ-жауап Практикалық жұмыс Бейне әдіс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін жүйелеу, практикалық жұмыстар орындау кезінде біліктері мен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Ойлау мәдениетін қалыптастыру және әртүрлі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау дағдысын әрі қарай жетілдіруге ықпал ету.

Сабақтың форматы мен ресурстары

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Практикалық жұмыс
  • Бейне әдіс

Көрнекіліктер

  • Компьютерлер
  • Проектор
  • Практикалық тапсырмалар

Сабақ барысы зияткерлік ойын түрінде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуына және командамен жұмыс жасауына басымдық беріледі.

Сабақтың барысы: жүргізуші сөзі

Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі информатика пәнінен өткізілетін «Информатика – ғасыр талабы» атты зияткерлік ойынымызға қош келдіңіздер!

Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды,
Информатика озады бар ғасырды.
Ой түйіндеп, жетелейді адамды,
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы.

Осы сөздермен бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын шарты

Командалар

«Информатика – ғасыр талабы» сайысына 8 «А» және 8 «Б» сыныбының оқушыларынан құралған екі команда қатысады. Әр командада 6 ойыншы бар.

Құрылымы

Ойын 6 турдан тұрады. Әр тур білімді жылдам қолдануды, логикалық ойлауды және практикалық дағдыларды талап етеді.

Турлар тізімі

  1. 1 I тур: Таныстыру
  2. 2 II тур: Қас-қағым сәт
  3. 3 III тур: Қисынды ойлай білейік
  4. 4 IV тур: Көркем сурет
  5. 5 V тур: 1001 мақал
  6. 6 VI тур: Сиқырлы пернелер