Балық өнеркәсібі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі
География және экология пәнінің мұғалімі: Сабиров Ербол Амангелдіұлы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, өнім сапасы және таралу аймақтары туралы жүйелі білім беру.
Дамытушылық
Ізденіс пен шығармашылық жұмысқа баулу; кесте және картамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Ысырапқа жол бермеуге, үнемшілдікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдістері
- Слайд арқылы түсіндіру
- Болжам (тапсырма) жасау
- Сұрақ–жауап
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Презентация
- Қазақстан картасы, атлас
- Тірек сызбалар, плакаттар
- Үлестірмелі тапсырмалар
- Интерактивті тақта, компьютер, оқулық
- Қазақстанның ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі карталары
- Суреттер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындалады. Мұғалім жағымды көңіл күй қалыптастырып, белсенді қатысуға шақырады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Қазақстанның мал шаруашылығы (1-қосымша).
1-оқушы
Қой шаруашылығы
2-оқушы
Жылқы шаруашылығы
3-оқушы
Ірі қара шаруашылығы
4-оқушы
Құс шаруашылығы
III. Жаңа сабақ: Тамақ өнеркәсібі
Жоспар
- 1Тамақ өнеркәсібін кластер стратегиясы бойынша топтастыру
- 2Болжамдарды орындау және талдау
- 3Өндіру орталықтарын анықтау
- 4Қосымша материалдар
- 5Оқулықпен жұмыс
Орналасу факторлары
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының орналасуы көбіне тұтынушыға жақындық, шикізат базасы және екі фактордың үйлесімі арқылы анықталады.
Тұтынушыға жақын
- Наубайхана
- Макарон өндірісі
- Кондитер өндірісі
- Шәй қаптау/өңдеу
Шикізат көзіне жақын
- Қант өндірісі
- Консерві өндірісі
- Май шайқау (май өндірісі)
- Балық өңдеу
Шикізатқа да, тұтынушыға да жақын
- Ет өнеркәсібі
- Сүт өнеркәсібі
- Ұн тарту
- Шарап жасау
Болжам тапсырмалары
1-болжам
Тамақ өнеркәсібінің негізгі салаларын атау және топтастыру:
2-болжам
Ет, сүт, қант және ұн өнеркәсібі өнімдерін жіктеу (2-қосымша).
3-болжам
Кәсіпорындардың өнімдерін анықтау (3-қосымша): Рахат, Сұлтан, Баян сұлу, Мартин, Фудмастер, Кублей, Атыраубалық, УКМЗ.
Өндіру орталықтарын анықтау
Кондитер өнімдері
«Рахат» (Алматы), «Баян сұлу» (Қостанай).
Ет комбинаттары
Семей, Орал.
Ұн тарту кәсіпорындары
Орал, Петропавл.
Балық өңдеу кәсіпорындары
Атырау, Балқаш, Арал.
Өсімдік майы
Күнбағыс майы — Өскемен; мақта майы — Шымкент.
Қант өндірісі
Алматы, Тараз.
Маргарин өндірісі
Алматы.
Қосымша айдар: «Сен білесің бе?»
Қызықты деректер мен қосымша ақпарат (қосымша материал) арқылы тақырыпты бекіту.
Оқулықпен жұмыс: тапсырмалар
1-тапсырма
126-сурет бойынша балық өнеркәсібінің орналасуын анықта: балық өңдеу зауыттары қай жерлерде шоғырланған? Қай су қоймалары оларды шикізатпен қамтамасыз етеді?
2-тапсырма
«Орташа» қазақстандық қалай тамақтанады? 14-кесте бойынша талдау жаса.
3-тапсырма
Тест сұрақтары: 250-бет.
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Сабақтағы белсенділік, тапсырмаларды орындау сапасы және талдау деңгейі бойынша бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
№35 тақырып: «Тамақ өнеркәсібі». Кескін картамен жұмыс.