Қайырлы таң, апайлар

Білім беру саласы және оқу іс-әрекеті

Таным Шығармашылық Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бағыты — информатика. Тақырып: «Әлем бала көзімен».

Мақсаты

  • Балалардың информатикадан шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Компьютерге қызығушылығын арттыра отырып, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету.
  • Білімдерін тиянақтап, адамгершілікке және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Слайд тақта

Тақырыпты көрнекі түрде түсіндіру және назарды шоғырландыру.

Paint редакторының суреті

Цифрлық сурет салу құралдарымен таныстыру.

Қылқаламның суреті

Шығармашылық жұмысқа қызығушылық ояту.

Оқу іс-әрекетінің барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жылы амандасу, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын. Сендермен қайта кездескеніме қуаныштымын.

Қараңдаршы, бүгін сендердің көңіл күйің көтеріңкі. Бір-біріңе күліп қарап, жайдарлы да ақжарқын болып тұрсыңдар. Жүздеріңнен жылылық, мейірімділік, қайырымдылық және бір-біріңе деген сүйіспеншілік сезіледі — қандай тамаша!

Назарға ой

Адамдар бір-біріне жақсы сөз айтса, көңілдері көтеріліп қалады. Ендеше, алдымен қоршаған ортамен, содан соң бір-бірімізбен амандасайық.

Өлең жолдары арқылы амандасу

Ақбота атты бақшаның
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен қонақпен
Амандасып алады.

Арайланып таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!

Ұйымдастыру және қауіпсіздік

Иә, балалар, осындай жақсы көңіл күймен орындарымызға жайғасайық. Енді оқу іс-әрекетін бастамас бұрын, қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік.

СҰРАҚ

Қане, кім айтады?