Қарапайым тілік орындау

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым тілік орындау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік мақсаты

Оқушылардың тілік туралы түсінігін қалыптастырып, графикалық білімдерін толықтыру.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, білімін және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

  • Сызба мәдениетін қалыптастыру.
  • Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
  • Еңбекке баулу.
  • Эстетикалық тәрбие беру және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Тәжірибелік.

Қолданылатын әдістер

  • Көрнекілік әдіс
  • Баяндау
  • Іздену

Көрнекілік құралдар

  • Kompas 3D бағдарламасы
  • Слайд-презентациялар
  • Интерактивті тақта
  • Сызбалар және карточкалар
  • Оқулықтар
  • Сызу аспаптары мен құралдары

Пәнаралық байланыс

Техникалық механика, материалтану, математика.

Сабақтың жоспары

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Графикалық жұмыс №7
  4. Бекіту
  5. Сабақты қорытындылау
  6. Үй тапсырмасы

Сабақтың мазмұны

I. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгелдеу және журналды толтыру.
  3. Жұмыс құралдарын тексеру, кезекшіні тағайындау.
  4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру (Графикалық жұмыс №6)

Үй тапсырмасын тексеру кезінде негізгі ұғымдарды қайталап, тест тапсырмалары арқылы бекіту ұсынылады.

Қайталау сұрақтары

  1. Проекция дегеніміз не?
  2. Проекциялау дегеніміз не?
  3. Конустың проекциясы қандай болады?
  4. Тікбұрышты изометрияда осьтер қалай орналасады?
  5. Аксонометрия дегеніміз не?

Қосымша тапсырмалар

  • Геометриялық денелер бойынша слайд материалын талдау.
  • Тестпен жұмыс: сызбада әдейі жіберілген қателерді табу.

III. Графикалық жұмыс №7

Тапсырма

Берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу және қарапайым (фронталь) тілікті орындау.

Түсіндірме: тіліктер

Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің) кескіні тілік деп аталады. Тілікте қиюшы жазықтықтың өзінде және оның ар жағында орналасқан бөліктер кескінделіп көрсетіледі.

Егер заттың құрылымын түсіну үшін қиюшы жазықтықтың ар жағындағы барлық элементтерді көрсету қажет болмаса, оларды көрсетпеуге болады.

Заттың қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы) тілікте шартты түрде штрихтау арқылы беріледі. Әртүрлі материалдардың графикалық белгіленуі МЕСТ 2.306–68 стандартына сәйкес алынады.

Қиюшы жазықтықты белгілеу талаптары

  • Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді және жуан үзік сызықпен көрсетіледі.
  • Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлері де жуан үзік сызықпен белгіленеді.
  • Нұсқалар (көрсеткіштер) қима сызығының сыртқы шетінен 2–3 мм қашықтықта орналасуы тиіс.