Электролиттік диссоциация негізінқалағанкім
9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан электролиттердің қасиеттері
Қатысқан оқушылар
—
Қатыспаған оқушылар
—
Мектеп
№ 83 А. Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Химиялық формула мен теңдеу құрастыру, есеп шығару дағдыларын дамыту; оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге, өз білімін бағалап, тексеруге үйрету.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар
- Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
- Сабақ барысында тыңдаушылардың назарын өзіне аудара алады.
Кейбір оқушылар
- Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері туралы білімін жүйелейді және тереңдетеді.
Тілдік мақсат
Оқушылардың электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттері жөніндегі білімін жүйелеу, тереңдету және қорытындылау.
Негізгі ұғымдар мен тіркестер
Сыныптағы диалог пен жазылымға арналған тілдік бірліктер
Диалог үшін
Негізгі тірек ұғым: электролиттік диссоциация.
Ұсыныс: жауапты анықтамамен бастап, кейін мысалмен нақтылау.
Жазылым бойынша
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың, негіздердің және тұздардың қасиеттерін жазбаша түрде сипаттау.
Ұсыныс: терминдерді дұрыс қолдану және қысқа қорытынды жазу.
Талқылауға арналған бағыттар
- Электролиттік диссоциация тұрғысынан қышқылдардың қасиеттері.
- Электролиттік диссоциация тұрғысынан негіздердің қасиеттері.
- Электролиттік диссоциация тұрғысынан тұздардың қасиеттері.
Сабақтың басталуы
Ұзақтығы: 10 минут
1) Бағалау парақшасы
Оқушыларды бағалау парақшасымен таныстыру.
2) Топтарға бөлу
Себетке салынған кәмпиттер арқылы топқа бөлу: әр оқушы бір кәмпит алады, түріне қарай өз тобына отырады.
- 1-топ Сары кәмпиттер
- 2-топ Көк кәмпиттер
- 3-топ Қызыл кәмпиттер
3) Психологиялық ахуал
Қысқа сергіту: «Қызыл гүлім — ай би».
Білімді өзектендіру
«Сұрақтары бар қорапша» әдісі
Мақсаты: негізгі ұғымдарды еске түсіру және нақтылау
- Электролиттік диссоциациялану процесі дегеніміз не?
- Электролиттік диссоциация теориясының негізін қалаған кім?
- Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан негіздердің анықтамасын айтыңыз.
- Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдардың анықтамасын айтыңыз.
- Ион алмасу реакциясы қай уақытта соңына дейін жүреді?
- Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздардың анықтамасын айтыңыз.
Мұғалім туралы мәлімет
Мұғалім
Қуандықова А.
Материал
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан электролиттердің қасиеттері