Қазақ халқының дәстүрлеріне қызығушылықты қолдау және құрметтеуді дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті туралы мәлімет
- Орны
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай-балабақшасы
- Педагог
- Садықова Жадыра
- Білім беру саласы
- Әлеуметтік орта
- Бөлімі
- Қоршаған ортамен танысу
- Тақырыбы
- «Әжеме қонаққа келдім» (киіз үйге)
- Қостілділік
- Киіз үй — юрта
Мақсаты
- Балаларға қазақ халқының ежелгі баспанасы — киіз үй туралы түсінік беру, оның құрылымымен таныстыру.
- Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, ұлттық өнер мен салт-дәстүр туралы білімін кеңейту.
- Бір-бірін сыйлауға, достықты қадірлеуге және елжандылыққа тәрбиелеу.
- 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні туралы түсінік қалыптастыру.
Қолданылатын құралдар мен тәсілдер
Көрнекілігі
Киіз үй жасаулары, киіз үй макеті
Әдіс-тәсілдері
Саяхат, сұрақ-жауап, түсіндіру, ән-би
Алдын ала жұмыс
Әже туралы, достық туралы ән жаттау
Салалық байланыс
Музыка, көркем әдебиет
Сөздік жұмыс
Сабақтың барысы: «Әжеме қонаққа келдім»
Қонақ күту және танысу
Әже мен ата қонақтарды қарсы алып, төрге шақырады. Олар балаларға еліміздің көпұлтты екендігін айтып, әр халықты құшақ жая қарсы алатынымызды түсіндіреді.
Қонақтар өздерін таныстырады. Дәстүр бойынша «қонақ кәде» сұралады.
Раиан
Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Анель
Дети в садике живут,
Здесь играют и поют.
Здесь друзей себе находят,
На прогулку с ними ходят.
Хор
«Әжем менің тамаша»
Киіз үй туралы әңгіме
Әже балаларға киіз үйдің көшіп-қонуға қолайлы, тез жиналып, шапшаң тігілетін баспана екенін түсіндіреді. Қазақ халқы ертеде қыста қыстауға, жазда жайлауға көшкендіктен, осындай ыңғайлы үй жасаған.
Киіз үй қыста жылы, жазда салқын болады. Негізі ағаштан құрастырылып, сыртынан киізбен жабылады. Сондықтан «киіз үй» деп аталады.
Қостілділік: Киіз үй — юрта.
Киіз үйдің негізгі бөліктері
- Кереге — қабырғалық тор
- Уық — кереге мен шаңырақты жалғайтын ағаш
- Шаңырақ — киіз үйдің төбесі, тірегі
- Сықырлауық есік — киіз үйдің есігі
Тілек-ұғым (мәні)
«Керегең кең болсын, шаңырағың биік болсын, уығың көп болсын, есігің достарыңа әрдайым ашық болсын» деген тілек — береке, бірлік және кеңпейілдіктің белгісі.
Рәміздермен байланыс
Балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атайды: Ту, Елтаңба, Әнұран. Әже шаңырақ бейнесі Елтаңбада бейнеленетінін түсіндіреді — бұл еліміздің шаңырағының биік, бірлігінің берік екенін меңзейді.
Әшекейлеу және қолөнер
Киіз үйді сәндеу үшін бау-басқұрлар және әртүрлі ұлттық қолөнер бұйымдары қолданылады. Олар үйге ерекше көрік беріп, ұлттық нақышты айқындайды.
Балалар киіз үй жабдықтарын қолдарымен ұстап көріп, атауларын қайталайды.
Шығармашылық бөлім: ән мен би
Балалар әжеге алғыс айтып, көңілін көтеру үшін қазақша, орысша, өзбекше папури биін билейді.
Рефлексия: сұрақ-жауап
Сұрақ
Бүгін сендер қайда келдіңдер?
Жауап
Атамыз бен әжеміздің үйіне.
Сұрақ
Әже сендерге не туралы айтты?
Жауап
Киіз үй туралы.
Сұрақ
Киіз үйдің қандай бөліктері бар?
Жауап
Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық есік.
Тапсырма
Кереге, шаңырақ, уық және сықырлауық есікті көрсетіп беріңдер.
Топтық әрекет: киіз үйді бірге «құрастыру»
Балалар ортаға шығып, киіз үйді символдық түрде құрастырады: ата шаңырақты көтереді, ал балалар уықтарды «тігеді» және кереге болып тұрады. Әр бала бір уықты алып, жақсы тілек айтады.
Айтылатын тілектер
- Еліміз тыныш болсын.
- Аспанымыз ашық болсын.
- Шаңырағымыз биік болсын.
- Керегеміз кең болсын.
- Мейірімді әжелер көп болсын.
- Атамыз ауырмасын.
- Ата-анамыз аман болсын.
- Ынтымағымыз арта берсін.
- Жүзіміз жарқын болсын.
Балалар шаңыраққа байланған ленталарды алып, тілектерін кезекпен айтады.
Әже балаларға ризашылығын білдіреді: біз көпұлтты елміз, барлық халықтармен татумыз. Алда келе жатқан бірлік мерекесіне орай орыс, өзбек, татар ұлтының өкілдері қонаққа келгенін атап өтеді. Бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін.
Қорытынды ән
Хор: «Дос болайық бәріміз»
Күтілетін нәтиже
Білуі
Балалар қазақ халқының ежелгі баспанасы — киіз үй туралы жалпы мәліметті біледі.
Меңгеруі
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алудың маңызын түсінеді.
Игеруі
Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық қолөнерін құрметтеуді және дәріптеуді үйренеді.