Ала сөзін қатыстырып сөйлем ойла

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — У дыбысы мен әрпіне қатысты берілген сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру және оқушылардың дыбыстық талдау дағдыларын дамыту.

Міндеттері

  • Оқу дағдысын қалыптастыру: У, у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру және У дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз болатынын түсіндіру.
  • Адамгершілік тәрбие: оқушының қарым-қатынас мәдениетін, ұқыптылығын, жауапкершілігін қолдау.
  • Танымдық даму: сана-сезімін, ойлау қабілетін және тілдік талдау мәдениетін дамыту.

Көрнекіліктер

  • кеспе әріптер
  • кеспе буындар
  • суреттер

Оқыту әдістері

  • көрсету
  • түсіндіру
  • топтық жұмыс
  • сұрақ–жауап
  • ойын
  • тақтамен жұмыс
  • сигналдық карточка

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Партаға дұрыс отыру ережесін еске түсіру.
  • Сабаққа зейінін аударту.

II. Кеспе әріптермен жұмыс

Практика

Мақсаты — оқушыларға жеке әріптерден буын құрауды үйрету. Кеспе әріптерден а, т, ғ, н, п, р, л әріптерін пайдаланып, буын және сөз құрату. Құраған сөздерге дыбыстық талдау жасату.

А дыбысы

ашық, жуан, дауысты

Т дыбысы

қатаң, дауыссыз

А дыбысы

ашық, жуан, дауысты

III. Өткен сабақты еске түсіру

1) «Л» дыбысы бойынша қайталау

  • Л дыбысы қандай дыбыс?
  • Л дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?
  • Л әрпіне берілген сөздерді оқыту.
  • «Ала» сөзін қатыстырып сөйлем құрау, сөйлемді сызба арқылы көрсету.

2) Бір буынды сөздерді табу

Мысалдар: тал, тар.

IV. Ойын: «Жасырынған буынды тап»

Мақсаты — осы уақытқа дейін меңгерілген білімді тексеру және қалып қойған буындарды табу арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Тапсырма үлгілері

… – ға
… – на
Па – …
та – …
Ар – …
пар – …

V. Мағынаны тану (жаңа сабақ)

Бұл бөлімде У, у дыбысының кейде дауысты, кейде дауыссыз болып кездесетіні түсіндіріледі.

Жұмыс түрлері

  • У дыбысын оқушыларға 3 рет хормен айтқызу.
  • «ауа, ау, науа, тау» сөздерін айтып, У дыбысының орнын анықтату.
  • У дыбысының емлесіне түсінік беру.

Ереже

  • Дауыстыдан кейін

    У дыбысы дауыссыз болады: а-у, та-у.

  • Дауыссыздан кейін

    У дыбысы дауысты болады: н-у, т-у.

VI. Оқулықпен жұмыс

Мақсаты — оқулықтағы сөздерді дұрыс оқуға, буынға бөлуге және қатесіз оқуға дағдыландыру, оқу дағдыларын қалыптастыру.

1) Сурет бойынша жұмыс

  • Берілген суреттерге байланысты сөйлем құрату.
  • Сөйлемді сызба арқылы көрсету.
  • Сөйлем неше сөзден тұратынын анықтау.

2) Сөздерді тізбектей оқу

а-уа ау ну на-уа тау ту

VII. Тақтамен жұмыс

Мақсаты — көркем әрі сауатты жазу дағдыларын дамыту.

  • «Ауа, науа, тау, Алатау» сөздерін тақтаға жатқа жаздыру.
  • Сөздердегі дыбыстарды дауысты және дауыссыз дыбыстарға ажыраттыру.
  • Сөздерді буынға бөлдіру.

VIII. Сергіту сәті

Жел уледі, Құйын келіп биледі. Қатты-қатты жел соқты, Жапырақтар қол соқты.

IX. Дәптермен жұмыс

Мақсаты — У, у әрпінің элементтерін жазуға үйрету, басқа әріптермен байланысын меңгерту және сауатты жазу дағдыларын дамыту.

Жаттығулар

  1. У, у әрпінің бас және кіші әріптерін ауада жазу.
  2. Бас әріп элементтерін жазып үйрену.
  3. Кіші әріп элементтерін жазып үйрену.

Буындық диктант

уа ау ауа тау анау ну ту туу науа

X. Кері байланыс: сигналдық карточка

Оқушылар жаңа сабақты қандай деңгейде түсінгенін сигналдық карточка арқылы көрсетеді.

Жасыл

Түсіндім.

Сары

Әлі де мағлұмат керек.

Қызыл

Түсінген жоқпын.

XI. Топтық жұмыс

Жасыл деңгей

Құрамында У, у дыбысы дауысты болатын сөздерді тауып, жазу.

Сары деңгей

Құрамында У дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жазу.

Қызыл деңгей

  • У дыбысы бар сөздер айтқызу.
  • У дыбысының орнын анықтату.
  • У дыбысының алдындағы дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін анықтату.
  • У дыбысының ерекшелігін түсіндіру.

XII. Жаңа сабақты бекіту

Мақсаты — У, у дыбысы туралы алған білімді жинақтау және бекіту.

  • У дыбысы қандай дыбыс?
  • Ерекшелігі неде?
  • У дыбысы соңында келетін сөздерді ата.
  • У дыбысы дауыссыз болатын сөздерді ата.
  • У дыбысы басында келетін қандай сөздерді білесің?

Қорытынды: оқушыларды мадақтау.

Автор туралы мәлімет

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясы, бастауыш сынып мұғалімі — Базарбаева Мөлдір Талғатқызы.