Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру

Сабақ туралы жалпы ақпарат

Сабақтың тақырыбы
§27. Литосфера және адам
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пән аралық байланыс
Әдебиет, экология, тарих, биология

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: пайдалы қазбаларды өндірудің ашық және жабық әдістері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: пайдалы қазбалардың адам үшін маңызын түсіндіру; ойды жүйелі жеткізуге, ізденуге, картамен зерттеу жұмыстарын орындауға дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: экологиялық мәдениетті қалыптастыру; еңбекке, білімге, адамгершілікке және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Әдістер мен жұмыс түрлері

  • Репродуктивті
  • Түсіндірмелі-көрнекілік
  • Ассоциация, ой қозғау
  • Картамен жұмыс
  • Графикалық бақылау
  • Тест
  • Үлестірме карточкалар

Көрнекіліктер

  • Физикалық карта, кестелер, суреттер
  • Геологиялық және пайдалы қазбалар картасы
  • Электрондық оқулық, интерактивті тақта
  • Минералдар коллекциясы

Негізгі ұғымдар

Ашық әдіспен өндіру Жабық әдіспен өндіру Тиімді

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру

    Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

    Бастау
  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    Алдыңғы тақырып бойынша білімді тексеру: «Литосфераның минералдық байлықтары».

    Жоспар

    1. 1) Минералдық байлықтардың түрлері
    2. 2) Рудалы пайдалы қазбалар
    3. 3) Жердегі отын байлықтары
    4. 4) Рудалы емес пайдалы қазбалар
    5. 5) Қорытынды

    Сұрақтар

    1. 1) Жердегі минералдық байлықтарды қандай топтарға бөлуге болады?
    2. 2) Түсті металдар алу үшін қандай рудалар пайдаланылады?
    3. 3) Қандай рудалар полиметалдық деп аталады?
    4. 4) Темірді таза күйінде неге пайдаланбайды?
    5. 5) Қорытпа дегеніміз не?
    6. 6) Неліктен көмір мен шымтезек отын ретінде мұнай мен газға қарағанда төмен қолданылады?
    7. 7) Саз, құм және малта тастан қандай құрылыс материалдары дайындалады?

    Мағынаны ажырату (үй тапсырмасын тексеру)

    Пайдалы қазбаларды отындық, рудалы, рудалы емес топтарына жіктеп, шартты белгісімен байланыстыру.

    Пайдалы қазба Тобы
    1 Мұнай Отындық
    2 Марганец Рудалы
    3 Титан Рудалы
    4 Алмаз Рудалы емес
    5 Күкірт Рудалы емес
    6 Көмір Отындық
    7 Ас тұзы Рудалы емес
    8 Графит Рудалы емес
    9 Никель Рудалы
    10 Сынап Рудалы
  3. III. Өткен сабақты қорытындылау

    Трек-сызба (схема) арқылы негізгі ұғымдарды жинақтау.

  4. IV. Жаңа сабақты түсіндіру

    Тақырып: §27. Литосфера және адам

    Жоспар

    1. 1) Литосфераның адам өміріндегі маңызы
    2. 2) Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру
    3. 3) Пайдалы қазбаларды жабық әдіспен өндіру
    4. 4) Қазақстанның пайдалы қазбалары
    5. 5) Адамның литосфераға әсері
    6. 6) Табиғи байлықтарды қорғау
    7. 7) Практикалық жұмыс №3
    8. 8) Қорытынды

    Ой қозғау

    Бейнематериалдар мен суреттер бойынша талқылау; мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

    • «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап»
    • «Байлық атасы – еңбек, анасы – жер»
    • «Күте білсең, жер жомарт»
    • «Жер – ырыстың кіндігі»
    • «Жер ана, ел бала»
    • «Туған жердің топырағы да ыстық»

    Назардағы идеялар

    • Өндіру тәсілдері: ашық және жабық әдістер.
    • Тиімділік ұғымы: қауіпсіздік, шығын, экологиялық әсер тұрғысынан талдау.
    • Литосфераға антропогендік ықпал және табиғи байлықтарды қорғау.
  5. V. Жаңа сабақты бекіту

    Графикалық бақылау: әр тұжырымға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беру.

    Тұжырым Жауап
    1 Жыл сайын жер қойнауынан 10 млрд тоннадан артық пайдалы қазба өндіріледі. Иә / Жоқ
    2 Ашық әдіспен өндіру тиімсіз. Иә / Жоқ
    3 Минералдарды жер астынан өндіру жабық әдіс деп аталады. Иә / Жоқ
    4 Мұнаймен салыстырғанда көмірді пайдалану тиімді әрі арзан. Иә / Жоқ
    5 Ғалымдардың есебі бойынша өндірілген мұнайдың 20%-ы жер қойнауында қалып қояды. Иә / Жоқ
    6 Ғалымдардың есебі бойынша өндірілген газ бен металдардың 20%-ы жер қойнауында қалып қояды. Иә / Жоқ
    7 Пайдалы қазбалар ешқашан таусылмайды. Иә / Жоқ
    8 Жер қыртысын шектен тыс бұрғылап-қазу жер қыртысының қозғалысына әсер етпейді. Иә / Жоқ
    9 Қазақстанның жер бедері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай биіктейді. Иә / Жоқ
    10 Дүние жүзіндегі ең биік шың — Килиманджаро (5895 м). Иә / Жоқ

    Бағалау шкаласы

    • 1–3 дұрыс → «2»
    • 4–6 дұрыс → «3»
    • 7–8 дұрыс → «4»
    • 9–10 дұрыс → «5»
  6. Практикалық жұмыс №3

    Контурлық карта және анықтамалық материалдармен жұмыс.

    1. 1) Жарты шарлар контурлық картасына дүниежүзінің ірі таулы аймақтары мен жазықтарын белгілеңдер.
    2. 2) Қазақстан рельефінің ерекшеліктерін көрсетіңдер: таулар мен жазықтардың, ойпаттар мен биік таулардың орналасуы; қай бағытта аласарып немесе биіктейтіні.
    3. 3) Қазақстан жеріндегі рудалы және рудасыз кен байлықтарына қысқаша сипаттама жазыңдар.
    4. 4) Килиманджаро, Ключи шоқысы, Фудзияма, Хан Тәңірі, Джомолунгма (Эверест) шыңдарының биіктігін және координаталарын анықтаңдар.
    5. 5) Мариана шұңғымасының тереңдігін және координатасын анықтаңдар.
  7. VI. Жаңа сабақты қорытындылау

    Трек-сызба арқылы тақырыптың негізгі ойларын жинақтау: литосфераның маңызы, өндіру әдістері, адамның әсері және табиғи ресурстарды қорғау.

  8. VII. Үй тапсырмасы

    Оқу: §27. «Литосфера және адам»

    Орындау: сұрақтар мен тапсырмаларды орындау; зертханалық жұмысты толықтырып аяқтау.

  9. VIII. Бағалау

    Оқушылардың оқу жетістігі сабақ барысындағы жауаптары, графикалық бақылау нәтижесі және практикалық жұмыстың орындалуына қарай бағаланады.

Үлестірме материалдар (карточкалар)

Төмендегі тапсырмалар оқушының картамен жұмыс, жіктеу және координата анықтау дағдыларын тексеруге бағытталған.

№1 үлестірме

Оқушының аты-жөні:

1) Жыныстарды ажыратып жаз

Магмалық

Гранит, базальт, вулкандық туф

Шөгінді

Тас тұз, әктас, ізбестас, шымтезек, сазтас, тас көмір, құм

Метаморфты

Кварцит, кристалды тақтатас, гнейс

2) Байқоңыр қаласы мен Астананың арақашықтығы қанша км?

3) Байқоңырдың координатасын анықта

№2 үлестірме

Оқушының аты-жөні:

1) Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін жаз

Атауы Шартты белгісі
Тас көмір
Шымтезек
Мұнай
Табиғи газ
Темір
Марганец
Алюминий
Хром
Полиметалл
Мәрмәр
Құрылыс тас

2) Астана мен Мәскеудің арақашықтығын анықта

3) Мәскеудің координатасын анықта

№3 үлестірме

Оқушының аты-жөні:

1) Пайдалы қазбалардың атын жаз

  1. 1) ____________________
  2. 2) ____________________

2) Астана мен Париждің арақашықтығын анықта

3) Париждің координатасын анықта