Жаңа білімді игеру сабағы, сайыс сабақ

11-сынып Жаңа білім Сайыс сабақ

Сабақтың тақырыбы

Алкиндер және олардың гомологтық қатары (ацетилен қатары).

Негізгі идея

Алкиндер — құрамында бір үш еселі байланысы бар, жалпы формуласы CnH2n−2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

Сабақтың форматы

  • Жаңа білімді меңгеру
  • Сайыс элементтері бар сабақ

Жалпы мақсат

Білімділік

  • Ацетилен және оның гомологтарымен танысу.
  • Басқа қанықпаған көмірсутектермен салыстырып, құрылысы мен қасиеттеріндегі ұқсастық және айырмашылық себептерін түсіндіру.
  • Алкиндердің изомерлерін қарастырып, формула құрастыру және атау ережелерін меңгеру.

Дамытушылық

  • Қанықпаған көмірсутектер туралы білімді жүйелі түрде тереңдету.
  • Өзіндік жұмыс арқылы ойлау, шығармашылық және мәселені шешу дағдыларын дамыту.
  • Диалог жүргізу, тыңдай білу және топ ішінде көшбасшылыққа ұмтылу қабілеттерін жетілдіру.
  • Табиғаттағы заттарды танып-білуге бағытталған ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Ерікті түрде еңбек етуге және жауапкершілік алуға тәрбиелеу.
  • Ой-өрісті кеңейту және өз ойын сауатты жеткізе білу мәдениетін дамыту.

Күтілетін нәтиже

  1. 1 Оқушыларда алкиндер туралы жүйелі түсінік қалыптасады.
  2. 2 Алкиндердің гомологтары мен изомерлерінің формулаларын құрастыра алады.
  3. 3 Ацетилен қатарына жататын көмірсутектердің формулаларын құрастырып, атауын дұрыс қолданады.

Әдіс-тәсілдер

Сабақтағы жұмыс түрлері

  • Сергіту сәті
  • АКТ қолдану (интерактивті тапсырмалар, жас ерекшелігіне сай сұрақтар)
  • INSERT әдісі
  • Топтық жұмыс, жұптық/жеке жұмыс
  • Диалогтік оқыту

Құрал-жабдықтар

  • Интерактивті тақта және PowerPoint таныстырылымы
  • Флипчарт, маркерлер, қарындаштар
  • Слайдтар және таратпа дидактикалық материалдар
  • Шарөзекті модельдер және ермексаз

Ұйымдастыру кезеңі

I кезең 2 минут Сергіту сәті (әуен)

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
  • Сыныпты 3 топқа бөлу.

Топқа бөліну тәсілі

Оқушылар тақтадағы органикалық қосылыстардың формулаларының бірін таңдап, соған сәйкес №1 тапсырма арқылы «Алкандар», «Алкендер», «Алкадиендер» топтарына бөлінеді.