Қағазды бүктеу тәсілдер

Сабақ тақырыбы

Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру.
  • Қағазды бүктеу тәсілдерін үйрету; бүктелген үшбұрыштарды құрастырып, бейнеге айналдыру барысында икемділік пен шеберлікті дамыту.
  • Эстетикалық талғамды қалыптастырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер

Дайын бұйымдар, нұсқау карта, мақал-мәтелдер, суреттер.

Керекті құрал-жабдықтар

Екі түсті қағаз (A4) Қайшы Дәптер

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру.
  2. 2 Үй тапсырмасын тексеру.
  3. 3 Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар жасау. Ең алдымен, қайшымен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі ережелерін еске түсірейік.

Негізгі мақсат

Қағазды тең бөліктерге бөліп, бүктеп, құрастырып бұйым жасау.

Қағазды бүктеп, бейнеге айналдыру өнері оригами деп аталады. Бұл өнер Жапонияда пайда болған. Жапон халқы қағазды қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тапқан.

Қағазды қолдану жолдары

  • Жазу жазу
  • Бүктеу арқылы бұйым жасау
  • Кескіндеме салу
  • Ыдыс-аяқ жасау

Оригами өнерінің ерекшелігі — қағаз парағын желім қолданбай, тек бүктеу арқылы бейнеге айналдыру. Бұл әдісті меңгерсеңіз, түрлі пішіндер мен композициялар құрастыруға болады.

Қағаздан жасалатын бұйымдар үлгілері

Торт, аққу, айдаһар, шырша, Аяз ата, қоян, үкі. Мұндай бұйымдарды мерекелерде сувенир ретінде сыйға тартуға болады.

Сарамандық жұмыс: үкінің бейнесін құрастыру

Сызбалар

  • I сызба: қағазды бүктеу тәсілдері
  • II сызба: құрастыру тәсілдері

Материал және көлем

Жұмысқа екі түсті қағаз қолданылады. Барлығы 430 үшбұрыш дайындалады.

Үшбұрышты дайындау реті

  1. 1 Қағазды көлденеңінен ортасынан екіге бүктейміз.
  2. 2 Тігінен ортасынан екіге бүктейміз.
  3. 3 Екі бұрышын ортаға қарай бүктейміз.
  4. 4 Қағаздың төменгі екі қапталын (аяқ жағын) жоғары қарай бүктейміз.
  5. 5 Екі бұрышын бүктеп бекітеміз.
  6. 6 Үшбұрыш дайын.

Үшбұрыштарды алдын ала дайындап аламыз. Үкіні құрастыру үшін 1-қатарға 20 немесе 30 үшбұрыш қажет. 2-қатардан бастап әр қатарға 1 ақ үшбұрыш қосылады. Келесі қатарлар осы тәртіппен жалғасады. Дайын бұйымды ортаға қоямыз.

Сергіту сәті

Мақал-мәтелдердің ұйқасын табу.

Жұмысты жалғастыру

Мұғалім әр оқушыға жекелей көмек көрсетіп, жұмыс барысын бақылап отырады.

Бекіту сұрақтары

  1. 1 Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті?
  2. 2 Оригами өнері дегеніміз не?
  3. 3 Бұл өнер қай елде пайда болған?
  4. 4 Қағаздан тағы қандай бұйымдар жасауға болады?

Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үй тапсырмасы

Жұмысты аяқтау.