Сандардың көршілерін ата
Интеллектуалды ойын: «Жұлдызды сәт» (презентациямен)
Бұл іс-шара оқушылардың алған білімін сарапқа салып, өзара бәсекелестік арқылы ойлау жылдамдығын, логикалық қабілетін және қиыннан мүдірмей шешім таба білу дағдысын дамытуға бағытталған.
Мақсаты мен күтілетін нәтиже
- Оқушылардың білімін тексеру және нақтылау.
- Өзара бәсекелестік мәдениетін қалыптастыру.
- Логикалық ойлау мен жылдам шешім қабылдауды дамыту.
- Білімнің өмірдегі маңызы мен пайдасын ұғындыру.
Сайыстың барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Ел болашағын білімді ұрпақ бастайтынын еске сала отырып, әрбір баланың өз «жұлдызы» жарқырауына жол ашу — бәрімізге ортақ міндет. Әрбір жұлдыз өмірден лайықты өз орнын таба білуі тиіс.
Құрметті оқушылар мен қонақтар, «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынның мақсаты — өз білімдеріңіздің нәтижесін көрсету және білімнің адам өміріндегі құндылығын дәлелдеу.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де — сіз, Кішіге де — сіз. Барша адамды құрметтеп, Бас иеміз біз.
Хор: «Мектебім»
«Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма? Бұл бәйге — білім бәйгесі, кім жүйрік ойға — сол алда!» — деп сайысымызды бастаймыз.
Қатысушылар мен жанкүйерлер
Сайысқа қатысушы оқушылар таныстырылады. Жанкүйерлер тобы да белгіленеді.
Жанкүйерлер 1
______________________________
Жанкүйерлер 2
______________________________
Жанкүйерлер 3
______________________________
Жанкүйерлер 4
______________________________
Сайыс бағдарламасы
1-айналым
«Математика — ғылымның данасы»
2-айналым
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
3-айналым
«Табиғатты танып біл»
4-айналым
«Бала тілі — бал»
Оқушыларға пәндер бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі. Ең көп жұлдызша жинаған оқушы — жеңімпаз.
1-айналым: Математика
- Сандардың көршілерін ата: 1, 6.
- 1 аптада неше күн бар?
- Бұтақта 7 торғай отырды. 3 торғай ұшып кетті. Неше торғай қалды?
- Берілген фигуралар қалай аталады?
- Жазылмаған сандарды тап:
1 + … = 27 − … = 56 − 1 = …3 + 1 = ………
- Шаршымен салыстырғанда қай фигура артық, қай фигура кем?
- Асқарда 4 машина болды. Оған тағы 2 машина сыйлады. Барлығы неше машина болды?
- Азайғыш — 4, азайтқыш — 2. Айырманың мәні қандай?
- Қосылғыш — 3, қосылғыш — 1. Қосындының мәні қандай?
- Салыстыр:
6 см □ 5 см1 см □ 3 см10 см □ 8 см
- Сандарды өсу ретімен ата.
- Сандарды кему ретімен ата.
2-айналым: Сауат ашу
- Сөйлеу не үшін қажет?
- Адамдар қалай және не арқылы сөйлеседі?
- Мақалды жалғастыр: «Тіл қаруы — сөз. Сөз қаруы — …»
- Дыбыстар мен әріптерді қалай түсінеміз? Ережесін айт.
- Суреттегі заттардың атын ата.
- Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, мағыналы сөз жаса:
лім…ғатбі…лекса…бақ…рліклақ
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп)
- Неше дауысты және неше дауыссыз дыбыс бар? (15 дауысты, 25 дауыссыз)
- Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата: а, о, ұ, ы; ә, е, ө, ү, і.
- Буын дегеніміз не? (Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: кен, ә-же, ке-ре-ге.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.
- Тасымал дегеніміз не? (Жолға сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады; тасымалданған бөліктен кейін дефис қойылады: ұс-таз, мек-теп.)
Сергіту сәті
Күнге қарап қол созамыз — 1, 2, 3, Қызғалдақтай ырғаламыз — 1, 2, 3. Дөңгеленіп би билейміз — 1, 2, 3, Үлкен болып біз өсеміз — 1, 2, 3.
3-айналым: «Табиғатты танып біл» (дүниетану)
- Табиғаттың жансыз денелеріне нелер жатады? (Күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз.)
- Табиғаттың жанды денелерін ата. (Өсімдіктер, жануарлар, адамдар.)
- Табиғат құбылыстары деген не? (Табиғатта болып тұратын өзгерістер.)
- Ауа райын қалай түсінесің? (Суық, жылы, жел, бұлттылық, ашық, ала бұлтты, жауын-шашын т.б.)
- Көкжиек тұстары қалай ажыратылады? (Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс.)
- Бақшада нелер өседі? (Картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз т.б. — көкөністер.)
- Аңдарды ата. (Қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, жолбарыс т.б.)
- Құстарды ата. (Қарлығаш, көкек, сауысқан, көгершін, торғай.)
- Өсімдіктердің өсуіне не қажет? (Топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі.)
- Жабайы аңдарды қалай атайды?
- Үй жануарларына нелер жатады?
- Туған күн деп нені айтамыз?
4-айналым: «Бала тілі — бал»
Бұл кезеңде жанкүйер оқушылар кезекпен мағыналы сөздер айтады. Қатысушылар сол сөздерге байланысты сұрақтарға жауап береді. Соңында жанкүйерлермен қысқа ойын ұйымдастырылады.
Хор: «Достық әні»
Қорытынды
Мұғалімнің қорытынды сөзі
«Білдім» деме, балам, Білмейтінің көп шығар. Бәрін білген адам Дүниеде жоқ шығар. Көп білуге ұмтылған Көз жұмғанша оқиды. Көз жұмғанша оқыған Көп нәрсені тоқиды».
Өтебай Тұрманжанов жырлағандай, оқудан және білім алудан ешқашан жалықпайық.
Қорытынды кезең: жеңімпазды анықтау.
Марапаттау: сыйлықтарды табыстау.