Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
Сабақтың тақырыбы: Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Бұл жоспар Моңғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, Қазақстан аумағын жаулап алу барысы, оның салдары және ұлыстардың қалыптасуы тақырыптарын жүйелі түрде меңгертуге арналған.
Сабақтың мақсаты
Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы туралы нақты түсінік қалыптастыру.
Білімділік
Қазақстан аумағында Моңғол империясының үстемдік етуі, басқыншылық саясаты және оның зардаптары туралы толық мағлұмат беру.
Тәрбиелік
Тарихи оқиға арқылы патриоттыққа, елжандылыққа және саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Белсенді ойлау қабілетін дамыту, білімді тәжірибеде қолдану, өз бетінше қорытынды жасау дағдысын қалыптастыру.
Ұйымдастыру-әдістемелік мәлімет
- Сабақтың типі
- Жаңа ұғым беру
- Сабақтың түрі
- Дәріс сабақ
- Сабақтың әдісі
- Түсіндірмелі баяндау
- Көрнекілігі
- ҚР картасы, слайд, тірек-сызба, «Аңыз адам» журналы
- Пәнаралық байланыс
- География, құқық, әдебиет
- Технологиясы
- Тірек-сызба арқылы оқыту
- Өзекті мәселе
- Тарих сабағын туған өлке тарихымен байланыстыру
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу
- Оқу құралдарын тексеру
- Назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру (жедел сұрақтар)
- 1. Махмұд Қашқаридің үш кітаптан тұратын еңбегі қалай аталады?
- 2. «Сөздің көркі — мақал», «Жастықта бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» мақалдарының авторы кім?
- 3. Ахмет Иүгінекидің бізге жеткен еңбегі қалай аталады?
- 4. Түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған, адамды даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа үндейтін Қожа Ахмет Ясауиден қалған мұра қалай аталады?
- 5. Әбу Наср әл-Фараби араб тілін қай қалаларда меңгерген?
- 6. Ортағасырлық Оңтүстік Қазақстанда дамыған қалаларды атаңыз.
- 7. X–XII ғасырларда қалаларда мұсылман дінінің енуіне байланысты құрылыстың қандай жаңа түрі пайда болды?
- 8. Ташнау дегеніміз не?
- 9. Мұсылман дінінің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат қалай аталады?
- 10. Христиандық таңбалар салынған кірпіштер қай қаланың жұртынан табылған?
III. Жаңа сабақ (актуалдандыру)
Тақырып 1
Моңғол империясының құрылуы
Тақырып 2
Моңғол империясының қоғамдық құрылысы
Тақырып 3
Моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы
Тақырып 4
Жаулап алудың зардаптары
Тақырып 5
Ұлыстардың құрылуы
V. Дамыту: Шыңғыс хан — тарихи тұлға
Картамен жұмыс
- Шыңғыс ханның басып алған аумақтарын картадан белгілеу
- Басты шайқастар өткен орындарды белгілеу
«Сандар әлеміне саяхат»
Кезең
1207–1208 жж.
Кезең
1207–1209 жж.
Кезең
1211–1215 жж.
Жыл
1218 ж.
Жыл
1219 ж.
Кезең
1219–1220 жж.
Кезең
1219–1224 жж.
Жыл
1227 ж.
Венн диаграммасы
Тақырыптарды салыстыру және ортақ/ерекше белгілерін анықтау арқылы қорытынды жасау.
VI. Бекіту: тест тапсырмалары
1) Қай жылы Моңғол империясы құрылды?
- а) 1202
- ә) 1207
- б) 1206
- в) 1209
2) Моңғол империясы неше әкімшілікке бөлінді?
- а) 59
- ә) 80
- б) 95
- в) 102
3) «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы қайсы?
- а) Жеті жарғы
- ә) Жасақ
- б) Жарғы
- в) Жарлық
4) Шыңғыс хан үшінші ұлы Үгедейге бөліп берген ұлыс:
- а) Шығысы Ертістен басталып Еуропа жеріне дейінгі аумақ; Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығысы қарады
- ә) Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Орта Азия жерлері қарады
- б) Батыс Моңғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер
- в) Моңғолия жерлері
5) Отырарды қоршауға Шыңғыс ханның қай ұлдары аттанды?
- а) Төле мен Үгедей
- ә) Шағатай мен Үгедей
- б) Жошы мен Төле
- в) Жошы мен Үгедей
6) Шыңғыс хан жіберген сауда керуенінің құрамында қанша адам және қанша түйе болды?
- а) 350 адам, 500 түйе
- ә) 500 адам, 350 түйе
- б) 450 адам, 550 түйе
- в) 450 адам, 500 түйе
7) Моңғол шапқыншылығына дейін Жетісу аймағында шамамен қанша елді мекен болған?
- а) 20-ға жуық
- ә) 200-ге жуық
- б) 300-ге жуық
- в) 400-ге жуық
Үй тапсырмасы
§21
Шыңғыс хан туралы қосымша материал жинақтау.
Қосымша тапсырма
Сөзтізбек (кроссворд) шешу.