Сүт тағамдарын ата
6-сынып
Сабақ тақырыбы: Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Сабақтың типі
Қайталау сабағы
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес сабақ. Оқыта үйрету ойыны.
Сабақтың әдісі
Модульдік технология.
Ұжымдастыру формасы
Топтық жұмыс.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Қазақтың ұлттық тағамдары тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру.
- Оқушылардың тілін дамыту.
- Тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету.
- Грамматиканы қайталау.
2) Дамытушылық
- Қисынды ойлау қабілетін дамыту.
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренуге тұрақты қызығушылық қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
- Ұлттық тағамдар және олардың пайдасы туралы түсіндіру.
- Мәдениеттілікке баулу.
Көрнекілік
1) Интерактивті тақта
Тапсырмалар, мәтіндер, дыбыстық талдау.
2) Шашу кәмпиті
Сұрақ-жауапқа ынталандыру.
3) Ортақ бағалау парағы
Фишкалар бойынша ұпай есептеу.
4) Фишкалар
Ойын кезеңдеріндегі ұпай белгісі.
5) Конкурс тапсырмалары
Карточкалар, шариктерге жапсырылған сұрақтар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіңдер ме? Отырыңдар.
Шашу
Біздің әр сабағымыз — қуаныш. Қуанышта халқымыз шашу шашады. Шашу — тілек пен берекенің белгісі. Береке тілеп, шашу шашайық.
Кәмпитті жай ғана жемей, сұрақтарға жауап беріңдер: бүгін кім кезекші, сыныпта кім жоқ, бүгін нешесі, аптаның қай күні?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Топқа бөлу және ойын шарты
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Сусындар» және «Тағамдар». Сабақ ойын форматында өтеді: «Бақытты сәт».
I гейм — Бой сергіту
Дайындық: 1 минут • Дұрыс жауапқа фишка
«Сусындар» командасы
- Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар. (шұжық, бесбармақ, қазы, қарта т.б.)
- Шұжық қандай еттен жасалады? (қой, сиыр, түйе, жылқы етінен)
- Сенің сүйікті тағамың қандай?
- Қазақтың басты ұлттық тағамы қандай? (ет)
- Қымыз қандай сүттен жасалады? (биенің сүтінен)
- Сүт тағамдарын атаңдар. (шұбат, айран, қымыз)
«Тағамдар» командасы
- Айран қандай сүттен жасалады? (сиыр сүтінен)
- Қазы, қарта, жая қандай еттен жасалады? (жылқы етінен)
- Бесбармаққа қандай ет салады? (жылқы, сиыр, қой, түйе еті)
- Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? (ет қатпайды, май тоңазымайды)
- Құрт неден жасалады? (сүттен)
- Сенің сүйікті тағамың қандай?
II гейм — Шашылған бауырсақтар
Шариктерге жапсырылған карточкалар • Таңдау арқылы орындау
Сөз тіркестері
Мәтіннен сызба бойынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар және аударыңдар:
- Зат есім + етістік
- Сан есім + зат есім
- Сан есім + сан есім
Карточка тапсырмалары
- Мына сөйлемді аудар: Из мясо конины готовят казы, карта, жал. Жауабы: Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды.
- Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді? Кім? Не? деген сұрақтарға жауап береді.
- Мына сөйлемді аудар: Творог, курт, масло — молочные блюда. Жауабы: Сүт тағамдары — ірімшік, құрт, май.
- Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт: Когда в семье лад, все вкусно подряд. Тату үйдің тамағы тәтті.
- Мақал-мәтелді аяқта: Ат — адамның қанаты, ас — адамның қуаты.
- Сөйлем мүшелерін атаңдар. Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
- Бастауыш пен баяндауыш қандай сөйлем мүшелері? Тұрлаулы мүшелер.
- Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері? Тұрлаусыз мүшелер.
- Қазақтың ұлттық дастарқанында тағамдардың негізгі үш түрі бар. Оларды атаңдар. Ет, сүт, нан тағамдары.
-
Мына сөздерді аудар:
еда, пища — дәм
не попробовав — ауыз тимей
гость — қонақ
гостеприимство — қонақжайлылық
- Қазақ тілінде неше шақ бар? Оларды атаңдар. Өткен шақ, келер шақ, осы шақ.
- Мына сөйлемді аудар: В Казахстане есть санаторий, где лечат кумысом. Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар.
III гейм — Фонетика әлемінде
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды толықтыру
«Сусындар» командасы
- Қаза... та ұлт... ық та... амдар ал... ан түрлі.
- Дастар... андағы д... м, та... амнан а... ыз тимей кетуге болмайды.
«Тағамдар» командасы
- Тамақ ішуге шақыр... анда, тама... ты к... п күтт... руге болмайды.
- Қазақта дастар... аннан, д... мнен үлкен н... рсе жоқ.
IV гейм — Сен маған, мен саған
Үй тапсырмасы:
Үйден ас туралы 3 мақал жаттап келу.
Сабақта оқушылар мақалдарды бір-біріне айтып, аудармасын тыңдайды және бір-біріне сыйлайды.
V гейм — «Не дәмді?» ой толғауы
Оқушылар ұлттық тағамдардың дәмі, пайдасы және дастарқан мәдениеті туралы қысқаша ой бөліседі.
Үй жұмысы
Диалог құру: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша.
Қорытынды және рефлексия
Қайталау сұрақтары
- Ет тағамдарын атаңдар.
- Сүт тағамдарын атаңдар.
- Нан тағамдарын атаңдар.
- Жылқы, сиыр, түйе не береді?
- Шұжық неден жасалады?
- Ұлттық тағамдарды атаңдар.
Бағалау
Ортақ бағалау парағы бойынша әр топ жиналған фишкалар санына қарай өз нәтижесін бағалайды.
Назарда
Бағалау өлшемдері: белсенділік, дәл жауап, топтық жұмыс, сөйлеу мәдениеті.