Жаттығу жұмысын орындау

Қазақ тілі • 4-сынып

Тақырып: Біріккен сөздер

Бұл сабақта оқушылар біріккен сөздер туралы түсінік алып, олардың екі не одан да көп сөздің бірігуі арқылы жасалатынын байқайды.

Мақсаты

Біріккен сөздер туралы түсінік беру және оның сөздердің бірігуі арқылы жасалатынын ұғындыру.

Міндеттері

  • Біріккен сөздер ұғымымен таныстырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу.
  • Ойындар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
  • Топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу, адамгершілік құндылықтарды сіңіру және патриоттық тәрбие беру.

Сабақ құрылымы мен тапсырмалар

Өткенді еске түсіру арқылы жаңа білімді бекіту, сабақ барысын Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру.

Миға шабуыл

Өткен тақырыптарды еске түсіріп, жаңа білімге көпір жасау.

Блум таксономиясы бойынша жұмыс

  1. 1 Білім: біріккен сөздер ұғымын таныстыру.
  2. 2 Түсіну: ережелерді жаттау, қайталау; сөздік жұмысын жүргізу.
  3. 3 Қолдану: жаттығу жұмыстарын орындау.
  4. 4 Талдау (анализ): өз ойын дәлелдей білу.
  5. 5 Жинақтау (синтез): шығармашылық жұмыстар жүргізу.
  6. 6 Бағалау: жолдасының еңбегін әділ бағалай білу.
  7. 7 Коррекция: түзету жұмыстарын жүргізу.

Оқу нәтижесі, бағалау және кері байланыс

Оқу нәтижесі

Оқушылар біріккен сөздер туралы түсінік алады.

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау, топтық бағалау және мұғалімнің бағалауы.

Кері байланыс

«Алма ағашы» әдісі.

I. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут Сыныппен байланыс орнату

Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.

Психологиялық дайындық (өлең-жаттығу)

Мұғалім оқушыларға орындарынан тұруды ұсынып, бір-біріне жылы жүзбен қарап, мейіріммен күнге қол созуды өтінеді.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да.

Сәлем деймін достарға,
Сәлем барша ұстазға.
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!

Үй тапсырмасын тексеру

3 минут Өткен сабақты еске түсіру

Пысықтау

Өткен сабақта танысқан күрделі сөздер бойынша слайд арқылы ауызша сұрақтар қойып, білімді бекіту.

Күрделі сөздердің түрлері

Біріккен сөз Күрделі сөз Қос сөз Тіркесті сөздер Қысқарған сөз

Мәлімет

Білім беру ұйымы

Приозерск қаласы, №2 мектеп-балабақша кешені (КММ)

Сынып жетекшісі

Ержанова П. Қ.

Тақырып

Біріккен сөздер