Әліппеден басталар

Мәлімет

Аймақ / Аудан

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы

Мектеп

Благодарное орта мектебі

Лауазым

Бастауыш сынып мұғалімі

Мұғалім

Сыдыкова Сайраш Ныгыметқызы

Тақырып

“Әліппе”, саған мың алғыс!

Мақсаты

  • Әліппеден өткен 42 әріпті еске түсіру.
  • Жатқа айту дағдыларын, еркін сөйлеуді және тез ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Отанын сүюге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Іс-шараның барысы

Ашылуы

Ертеңгілік Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылады.

Мұғалімнің сұрағы

Балалар, естеріңде ме, алғаш мектеп табалдырығын аттап, сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?

Хормен

1 қыркүйек.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

1-оқушы

Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Өсті білім сан санат!

Хормен

Құтты болсын тойымыз!

2-оқушы

Күмбір, күмбір қоңырау,
Сағынған ай — қыркүйек.
Қалам ұстап қолыма,
Жазылған ай — қыркүйек.

Алғашқы кітап туралы сұхбат

Мұғалім

Балалар, бұдан соң қызықтап, қолымызға алғаш ұстаған кітабымыз қандай кітап?

Хормен

Әліппе кітабы.

Мұғалім

Ал енді осы Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғысөз жазылған және оны кім жазды?

3-оқушы

Айналайын! Қолыңдағы әсем кітап — Әліппе. Ол аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!

4-оқушы

Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

5-оқушы

Бұл алғысөзді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жазған.

“Әліппе” қонаққа шақырылады

Мұғалім

Қымбатты балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы Әліппе кітаптарыңды ортаға шақырайық!

Хормен

Әліппе, әліппе, әліппе!

Әліппе

Армысыңдар, жас достар,
Армысың, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажаптың
Әліпбиін меңгерген.
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.

6-оқушы

Мынау сенің Әліппең, балақай — түк жалықпа!
Үйреніп әріптен, ұстаз да, ғалым да, алып та.

7-оқушы

Үздік болам десең сен, үзбей оқы сен оны.
Әліппе саған төселсең, білім нәрін береді.

8-оқушы

Барша-барша ғылымың Әліппеден басталар.
Жалғастырған білімін — жақсы бала дос болар.