Қазақтың ханы

Сабақ тақырыбы

Тұманбай Молдағалиев: «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі және «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтіні.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңімен және «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру.
  • Желтоқсан көтерілісінің сипатын түсіндіре отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Қайрат Рысқұлбековтің портреті, Т. Молдағалиевтің портреті
  • Сөзжұмбақ, «Желтоқсан желі» әні
  • Мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақ мақсатын қысқаша хабарлау.

II. «Шаттық шеңбері»

Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.

Көк аспанда күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.

III. Үй тапсырмасын пысықтау: «Жокей мен жылқы» стратегиясы

Оқушыларға карточкалар таратылады: біреуінде сұрақ, екіншісінде сол сұрақтың жауабы. Әр оқушы өз сұрағына сәйкес жауапты табады да, жұп болып тақтаға жапсырады.

Сұрақтар мен жауаптар

  1. 1. Қазір қай мезгіл? — Қазір қыс мезгілі.
  2. 2. Қар қалай жауды? — Қар көптеп жауды.
  3. 3. Өзен-көл не істеді? — Өзен-көлді мұз қаптады.
  4. 4. Қыста үй жануарларын қалай күтеміз? — Жылы қораға қамап, шөп салып, бағып-қағамыз.
  5. 5. Адамдар суықтан қалай қорғанады? — Жылы киінеді, үйлеріне от жағады.
  6. 6. Қыста күн жылы бола ма? — Қыста суық, аяз, үскірік боран болады.
  7. 7. Аяз қыста қандай болады? — Қыста аяз күшейеді.

Қосымша сұрақтар

  1. 8. Жылқышыларға қыста жылқы бағу оңай ма? — Өте қиын.
  2. 9. «Жалтаң аяз» дегеніміз не? — Үскірік, ызғарлы суық.
  3. 10. «Бапсыз» дегенді қалай түсінесің? — Жайсыз, қолайсыз.
  4. 11. Міржақып Дулатов қайда туған? — Қостанай өңірінде.
  5. 12. М. Дулатов кім? — Ақын, жазушы.
  6. 13. Қандай кітап жазған? — «Оян, қазақ».

Қыс айларын атайық: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Желтоқсанда болатын ерекше мерекелердің бірін анықтау үшін сөзжұмбақ шешеміз.

IV. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ тапсырмасы

Төмендегі ұғымдарға сәйкес сөздерді табыңдар:

  1. 1) Рәміз
  2. 2) Қазақтың ханы
  3. 3) Жыл басы
  4. 4) Киелі сан
  5. 5) Бұрынғы астана
  6. 6) Ресей халқы
  7. 7) Алып жануар
  8. 8) Қасиетті ай
  9. 9) Мұз айдыны
  10. 10) Жыртқыш құс
  11. 11) Қазақстан қаласы

Ерекше торкөзден шыққан сөз: Тәуелсіздік.

Негізгі ұғым: тәуелсіздік

Тәуелсіздік — еркіндік, өз тағдырын өзі шешу құқығы.

Талқылау сұрақтары

  • Біз қандай мемлекетпіз?
  • Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? 1991 жылы 16 желтоқсанда.
  • Бұрынғы заман мен қазіргі заманда қандай айырмашылықтар бар?
  • Білім мен ғылым саласында қандай өзгерістер байқалады?
  • Биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын атап өтеміз? 25 жыл.

Тәуелсіздік пен егемендік тақырыбына көптеген ақын-жазушылар өлең арнаған. Бүгінгі сабақта елдің дамуға қалай және қашан жеткенін осы мәтіндер арқылы айқындаймыз.

Автор туралы: Тұманбай Молдағалиев

Өмірбаяны

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу совхозында дүниеге келген.

Шығармашылығы

Көптеген ән мәтіндерінің авторы, қазақтың көрнекті ақыны.

Мұрасы

Ақын 2011 жылы 10 қазанда дүниеден өтті.

Өлеңмен жұмыс: «Он алтыншы желтоқсан»

Он алтыншы желтоқсан —
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.

Талдау сұрақтары

  • Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
  • Бұл күн қандай мереке?

Сөздік жұмысы

Тәуелсіздік
— еркіндік.
Ерекше
— дара, бөлек.
Мәңгілік
— өмір бойы.
Жадымызда
— есімізде.

Тарихи негіз: Желтоқсан оқиғасы

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. 1986 жылы Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Бұл оқиға ұлттық рухты оятқан, ел жадында мәңгі қалған кезең ретінде бағаланады.

Есіңе сақта

Қайрат Рысқұлбеков — Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ.

  • 1966 жылы 13 наурыз — Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында туған.
  • 1988 жылы 21 мамыр — дүниеден өткен.
  • 1996 жылы — «Халық Қаһарманы» атағы берілген.

Желтоқсан құрбандары

Тәуелсіздік пен егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты. Желтоқсан оқиғасының құрбандарының қатарында: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамбетжанова, Ләззат.

V. Мәтінмен жұмыс: «Қайраттың жазу дәптерінен»

Қайраттың түрмеде отырған кезде ішкі жан сырын қағаз бетіне түсірген жазбаларынан үзінді ұсынылады. Мәтінді «Ойлан — жұптас — бөліс» әдісі арқылы меңгертеміз:

1) Ойлан

Мәтінді іштей оқып, негізгі ойды белгілеу.

2) Жұптас

Жұппен дауыстап оқып, мазмұнын бір-біріне түсіндіру.

3) Бөліс

Сынып болып талдап, қорытынды пікір айту.

Талқылау

Қ. Рысқұлбековтің «асыл міндет» деп отырғаны не? Оқушылардың жауабы негізінде: Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өмірлік мақсат, асыл міндет етіп қойған.

VI. Жаңа сабақты бекіту

Шығармашылық тапсырма

Тәуелсіздік күніне арнап өлең жолдарын толықтырыңдар:

Егемен ____________, ____________ ойлаған.
Тәуелсіз ____________, ______________ ____________!

Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру

Тақтада берілген Отан туралы мақал-мәтелдерді дұрыс жұптастырыңдар:

Басы

  • Отан —
  • Ел —
  • Туған елдей ел болмас,
  • Отансыз адам —
  • Туған жердей жер болмас —
  • Ел іші —

Жалғасы

  • алтын бесік.
  • ердің анасы.
  • елдің анасы.
  • отбасынан басталады.
  • Туған жердей жер болмас.
  • ормансыз бұлбұл.

Ескерту: Бұл бөлімде тақтадағы нұсқалар әртүрлі берілгендіктен, мұғалім сынып деңгейіне қарай ең дұрыс әрі тұрақты нұсқасын таңдауды ұсынады.

VII. Рефлексия және қорытынды

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға Блум түймедағы бойынша сұрақтар ұсынылады:

Қарапайым сұрақ

Мәтін кім туралы? Не туралы? Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

Жауап: 1991 жылы 16 желтоқсанда.

Интерпретациялық сұрақ

Неге қорқақтық тек қорқу, сескену емес? Неге 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі деп аталады?

Түсіндірме: 1986 жылы осы күні жастар алаңға шыққан Желтоқсан оқиғасы болды.

Нақтылау сұрағы

«Мен дұрыс түсінсем, ...»

Шығармашылық сұрақ

«Егер мен Қайрат ағамыздың орнында болсам, ...»

Бағамдау сұрағы

Бүгінгі тақырып туралы пікірің қандай?

Тәжірибелік сұрақ

Бүгінгі сабақта мен ... үйрендім.

VIII. Үй тапсырмасы

  • Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау.
  • «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнын айту.

Бастауыш сынып мұғалімі

Ерғалиева А.С.