1831 жылы өсімдік жасушаның ядросын анықтаған ғалым

Сабақ тақырыбы

Генетика және оның даму тарихы

Сабақтың мақсаты

Генетика ғылымы туралы жалпы мағлұмат беру және оның даму тарихына қатысты негізгі деректерді жинақтап тұжырымдау.

Сабақ типі

Жоба жасау арқылы жаңа білім беру (мәтін, слайд, сызба-нұсқа).

Сабақ түрі

Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

  • Білім алушыларға генетика ғылымының пайда болуы мен дамуы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Генетика саласындағы ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.
  • Генетикалық заңдылықтар туралы түсінік беру және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдысын дамыту.

Дамытушылық

  • Әртүрлі тапсырмалар арқылы ойлау, саралау қабілеттерін дамыту.
  • Ғаламтордағы ақпараттардың өзектісін іріктеп, жүйелеу дағдысын жетілдіру.
  • Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыру және мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Тақырып арқылы биология пәніне қызығушылықты арттыру.
  • Бірлескен жұмыс кезінде ұйымшылдықты және оқу үдерісіндегі қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
  • Топтық жұмыс арқылы бір-бірінің пікірін тыңдау және өз болжамдарын шығармашылықпен жеткізу қабілеттерін жетілдіру.

Әдістер мен ресурстар

Сабақ әдістері

Сұрақ–жауап Әңгімелесу Тест тапсырмалары Презентация жасау

Көрнекіліктер мен құралдар

Интерактивті тақта Үлестірмелі қағаз Ғаламтор Компьютер Принтер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1 минут

Оқытушының сөзі: «Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер және қонақтар!»

II. Топқа бөлу

2 минут

Қима қағаздарда жазылған сөздерді таңдау арқылы білім алушылар 4 топқа бөлінеді:

I топ

Жасуша

II топ

Цитология

III топ

Митоз

IV топ

Ядро

III. Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

Оқытушының сөзі: «Сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін алдарыңыздағы сөзжұмбақты шешіп көрейік. Сөзжұмбақта өткен тақырып бойынша сұрақтар берілген».

  1. 1. Алғаш рет қарапайым микроскоп жасап, жасушаларды анықтаған кім? Гук

  2. 2. 1945 жылы жасуша құрамында эндоплазмалық тордың (ЭПТ) бар екенін кім дәлелдеді? Портер

  3. 3. 1831 жылы өсімдік жасушасының ядросын анықтаған ғалым. Броун

  4. 4. XIX ғасырда жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымдарының бірі. Шлейден

  5. 5. Өсімдік әлемін зерттейтін биологияның бөлімі (қазіргі заманда жеке ғылым ретінде қалыптасқан). Ботаника

  6. 6. Ядролы жасушалардың бөліну тәсілі қалай аталады? Митоз

  7. 7. Тірі организмдердің табиғатпен және қоршаған орта жағдайларымен өзара күрделі байланысын, оларды қорғау, сақтау және тиімді пайдалану мәселелерін қандай ғылым зерттейді? Экология

  8. 8. Жасуша бөлінуінің бір фазасы: ядро көлемі ұлғайып, ядрошық пен ядро қабықшасы ыдырайды, хромосомалар ширатылып, айқындала бастайды. Профаза