Маркетинг тобына
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы: Еңбек ақы есебі.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ.
Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, ақпарат беру, лекция элементтері, сұрақ–жауап, пысықтау және бекіту, қайталау, дамыту ойындары, өзіндік жұмыс, көрнекілік.
Қолданылатын көрнекіліктер: тарату материалдары, интерактивті тақта, флипчарт, электронды оқулық, бейнематериал, оқулық.
Пәнаралық байланыс: қаржылық есепті талдау, экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты
Білімділік
- Еңбек ақы және оның есебі туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсіну.
- Еңбек ақыны есептеу тәртібін меңгеру және шоттар корреспонденциясын құра білу.
- Түсінік пен ілімдерді жағдаяттарды шешуге қолдану, болжам ұсыну дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Өз бетімен жұмыс істеуді және мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру.
- Тұлғаның адамгершілік қасиеттерін және ғылыми көзқарасын дамыту.
- Эстетикалық көзқарасты, тәжірибелік әрекет етуге дайындықты арттыру; ҒТП-ның негізгі бағыттарымен таныстыру.
Дамытушылық
- Есте сақтау, ойлау, қабылдау және сөйлеу мәнерін дамыту.
- Пәнге қызығушылықты күшейту, қорытынды жасай білуге үйрету.
- Шығармашылық ізденіс элементтерін қалыптастыру.
- Проблеманы байқау және шешу жолдарын табу дағдысын дамыту.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Дәрісхананың тазалығын тексеру. Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топтан сарапшы сайлау.
II. Сұрақтар (мамандықтарды атау)
Оқытушы бухгалтерлік есеп бойынша сұрақтар қояды.
Менеджерлер тобы
Өнеркәсіп өндірісі жұмысшыларының мамандықтарын атаңыздар:
- темір ұстасы
- ағаш ұстасы
- болат қорытушы
- газбен пісіруші
Маркетинг тобы
Қызмет көрсету саласының мамандықтарын атаңыздар:
- жүргізуші
- телефонист
- шаштараз
III. Өндірістік жағдаяттар
Әр топ берілген жағдайға шешім ұсынады және рәсімдеу тәртібін түсіндіреді.
Маркетинг тобы
Қаржылық бухгалтерияда іссапарда жүрген менеджер К. Р. Есалиевтің қызы әкесінің еңбекақысын сұрап, өтініш білдірді. Қалай рәсімделеді?
Менеджерлер тобы
Кәсіпорын күзетшісіне мереке күндері жасаған жұмысы үшін ақы төленбеген. Неліктен төленбегенін анықтау үшін қай лауазымды тұлғалар айналысуы керек және төлеу тәртібі қандай?
IV. Компьютерлік тапсырма
Әр топтан бір оқушы компьютерде жұмыс уақытының есебі бойынша табель сызады (есте сақтау жаттығуы).
V. Карточка бойынша тапсырма (терминдер)
Берілген сөздерді орыс–қазақ–ағылшын тілдерінде сәйкестендіріп орналастырыңыздар.
| Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|
| Еңбекақы | заработная плата | salary |
| Оклад | оклад | rate of salary |
| Табельдік нөмір | табельный номер | timesheet number |
| Кезекті демалыс ақысы | отпускные | vacation pay |
| Зейнетақы қоры | пенсионный фонд | Pension Fund |
| Күндер | дни | days |
| Сағаттар | часы | hours |
| Баға (расценка) | расценка | rates |
VI. Мақал-мәтелдер бойынша шоттарды атау
Әр топқа мақал-мәтел беріледі. Тапсырма: сәйкес шоттарды көрсету.
Маркетинг тобы
- «Рахаттың түбі — кеңіс, еңбектің түбі — жеміс»
- Шот: 1320
- «Ақша ақшаға келеді»
- Шоттар: 1010, 1040, 1050
- «Еңбек етсең емерсің»
- Шот: 3350
Менеджерлер тобы
- «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей»
- Шот: 3350
- «Базары жақын байымас»
- Шот: 7110
- «Шығысы шықпай, кірісі кірмейді»
- Шот: 7010
VII. Корреспонденция бойынша сұрақтар
Жылдам сұрақ–жауап арқылы өткізбелерді бекіту.
- 1) Алғашқы бухгалтердің фамилиясын атаңыздар: Штехер.
- 2) Жұмысшыларға еңбекақы берілді: Дт 3350 — Кт 1010.
- 3) Жабдықтаушыларға талап қойылды: Дт 1280 — Кт 3310.
- 4) Директорға еңбекақы есептелді: Дт 7210 — Кт 3350.
- 5) Қоймадағы ТМҚ есебі қандай өлшеммен жүргізіледі? Сандық өлшеммен.
VIII. Бухгалтерлік есеп тарихынан
Менеджерлер тобы
Суретте қандай бухгалтерлік есеп әдісі көрсетілген?
Маркетинг тобы
Осы есептің шығу тарихын қысқаша баяндаңыз.
IX. Сөзжұмбақ құрастыру
Екі топ та берілген анықтамалар бойынша сөзжұмбақ құрастырады.
Көлденеңінен
- Мекеменің есеп бөлімінің қызметкері — бухгалтер.
- Өнімді/тауарды тұтынушыға таныстыру — жарнама.
- Отандық тауарды басқа елдерге шығару — экспорт.
- Клиенттің қаржылық жағдайын және есеп құжаттарын тәуелсіз тексеретін тұлға — аудитор.
- Тауардың қабымен бірге өлшенгендегі салмағы — брутто.
- Кәсіпорын/мекеме/оқу орнының басшысы — директор.
Тігінен
- Банктің мекемеге беретін хабарламасы — авизо.
- Сату–сатып алу процесін реттеп, бақылап отыратын мекеме — биржа.
- Тауар мен қызметтің ақшалай бағасы — құн.
- Тауарларды сатуға және сақтауға арналған орын — қойма.
- Ресми құжат — акт.
- Нарыққа сатылатын өнім — тауар.
- Өз атынан және өз есебінен тауарды қайта сатумен айналысатын адам/фирма — дилер.
X. Еңбекақыны есептеу тапсырмалары
Әр топ есеп шығарып, шешімін дәлелдейді.
Менеджерлер тобы
Кесімді жұмысшы С. К. Жұбановтың еңбекақысын есептеңіз.
- 16.11 — 400 бірлік (1 бірлік — 2,20)
- 17.11 — 360 бірлік (1 бірлік — 2,30)
- 18.11 — 290 бірлік (1 бірлік — 2,50)
Маркетинг тобы
Инженер А. Б. Хамитовтің еңбекақысын есептеңіз: 23 күн жұмыс істеді, айдағы жұмыс күні — 26, айлығы — 22 200. Еңбекақыдан 15% сыйақыны және жалпы еңбекақыны анықтаңыз.
XI. Өткізбелерді таңдау (тест)
Тақырып бойынша дұрыс корреспонденцияны таңдаңыздар.
Менеджерлер тобы
Еңбекақы депоненттелді. Қай өткізбе дұрыс?
- A) Дт 3350 — Кт 3370
- B) Дт 3370 — Кт 1060
- C) Дт 3310 — Кт 3350
- D) Дт 3385 — Кт 1010
- E) Дт 3350 — Кт 1010
Маркетинг тобы
Әкімшілікке еңбекақы есептелді. Қай өткізбе дұрыс?
- A) Дт 3350 — Кт 7210
- B) Дт 1040 — Кт 7210
- C) Дт 7210 — Кт 3350
- D) Дт 8012 — Кт 3350
- E) Дт 3350 — Кт 1010
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың жұмысын бағалау және нәтижесін хабарлау. Тәжірибелік тапсырмалар бойынша қорытынды жасап, бекіту.
Үй тапсырмасы
1) Бақылау сұрақтарына жазбаша жауап дайындау.