Магдебург жарты шарлары
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
7
Тақырып
Атмосфералық қысым
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Атмосфералық қысымның пайда болу себебін түсіндіру.
- Атмосфералық қысымның ашылу тарихын таныстыру.
- Торричелли тәжірибесінің мәнін түсіндіру.
- Атмосфералық қысымның қолданылуы туралы мәлімет беру.
Тәрбиелік
- Танымдық және практикалық іс-әрекетте дұрыс әдіс-тәсіл таңдауға үйрету.
- Еңбекке ынталылыққа тәрбиелеу.
- Қиындықты жеңуде ұқыптылық пен табандылық қалыптастыру.
Дамытушылық
- Физикалық теориялар, ұғымдар, модельдер мен заңдарды қолдану дағдыларын дамыту.
- Қолдану шекаралары туралы түсінік қалыптастыру.
- Эксперимент жүргізу икемдерін жетілдіру.
Ресурстар мен ұйымдастыру
Техникалық құралдар
- Интерактивті тақта, интерактивті физика бағдарламасы.
- Электронды оқулық, слайдтар, флипчарт.
- Магдебург шарлары, Паскаль шары.
Көрнекіліктер және әдістер
- Компьютер, проектор, үлестірме қағаздар.
- Сабақ түрі: құрастырылған аралас сабақ.
- Технологиялар: АКТ, деңгейлеп оқыту, СТО.
- Пәнаралық байланыс: география, математика, информатика.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру
3 минут
- Сәлемдесу, түгендеу.
- Тазалық пен дайындықты тексеру.
- Назарды сабаққа аудару.
- Астрономия бойынша қысқа видео: аспан сферасының қозғалысы.
II. Үй тапсырмасы
5 минут
Слайдтар арқылы қайталау сұрақтары.
III. Жаңа тақырып
Түсіндіру
Мәселе қою және демонстрациялық тәжірибелер арқылы түсіндіру.
IV. Бекіту
35 минут
Бақылау есептерін шығару және білімді жан-жақты тексеру.
V. Қорытынды
1 минут
Жұмыстарды жинау, қысқа қорытынды.
Үй тапсырмасы
Тарауды қайталау, күнделікке жазу (1 минут).
Проблеманы қою: атмосфералық қысым қалай байқалады?
Сабақ атмосфералық қысымды көрсететін қарапайым тәжірибелерден басталады. Оқушылар бақылау жасап, өз ойларын айтып, құбылыстың себебін біртіндеп түсіндіреді.
1-тәжірибе: пипетка
Құралдар: су, стакан, пипетка.
Пипетканың резеңке бөлігін қысып, оны суға батырады. Қысымды жібергенде су пипетка бойымен жоғары көтеріледі.
2-тәжірибе: шприц
Құралдар: су, шприц, стакан.
Шприцты суға батырып, поршеньді суға жанасқанға дейін түсіреді, кейін поршеньді жоғары жылжытады. Поршеньмен ілесе су да жоғары көтеріле бастайды — бұл атмосфералық қысымның әсері.
3-тәжірибе: төңкерілген стакан
Құралдар: стакан, су, бір парақ қағаз.
Стаканға жартылай су құйып, бетін қағазбен жауып, қағазды басып тұрып стаканды төңкереді. Су төгілмейді. Бұл атмосфералық қысымның сырттан қағазға әсер ететінін көрсетеді.
Қорытынды идея: атмосфералық қысымды ауа туғызады.
Негізгі ұғымдар
Атмосфера дегеніміз не?
«Атмосфера» сөзі грек тіліндегі atmos (бу, ауа) және sphaira (шар) сөздерінен шыққан.
Паскаль заңы ауа қабаты үшін де орындалады, яғни атмосфера қысымы барлық бағытта беріледі.
Ауаның құрамы (шамамен)
- Азот 78%
- Оттегі 21%
- Көмірқышқыл газы 0,03%
- Басқа газдар өте аз
Атмосфералық қысымды дәлелдейтін тәжірибелер
4-тәжірибе: жұмыртқа және стақан
Идеясы: ішкі қысымды азайту.
Стақанның ішіне от жағып, ішкі қысымды төмендетеді. Содан кейін жұмыртқаны стақан аузына жақындатқанда, қысым айырмасынан жұмыртқа стақанның ішіне түсіп кетеді.
5-тәжірибе: Магдебург жарты шарлары
Тарихи дерек: 1654 жыл, Отто фон Герике.
Герике атмосфералық қысымның бар екенін көрсету үшін «Магдебург жарты шарлары» тәжірибесін жасады. Екі жарты шарды біріктіріп, ішіндегі ауаны сорып алады. Атмосфералық қысым оларды соншалықты берік қысып тұрады, ажырату үшін бірнеше жегулі аттар қажет болған.
6-тәжірибе: Торричелли тәжірибесі
Құралдар: ұзындығы 1 м, бір ұшы бітеу шыны түтік және сынап.
Түтікті сынаппен толтырып, аузын жауып төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Түтік аузын ашқанда сынаптың бір бөлігі төгіледі, бірақ түтіктің ішінде биіктігі шамамен 760 мм сынап бағаны қалады. Торричелли бұл бағанды атмосфералық қысым ұстап тұрады деген қорытындыға келді.
Маңызды бақылау
Торричелли атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғашқылардың бірі болып байқаған.
Өлшем бірліктері және түрлендіру
- Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша да өрнектеуге болады.
- 1 мм сын. бағ. = 133,3 Па
- 760 мм сын. бағ. × 133,3 Па ≈ 101 308 Па (≈ 1,01 × 105 Па)