Әже әні

Кіріспе

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы «Балауса» балабақшасы. Тәрбиеші: Мансурова Амина Шакиртовна.

Ертеңгілік: «Аяулы анашым».

Мақсат

8 наурыз мерекесіне арналған ән-сазды бағдарлама арқылы аналар мен әжелерге құрмет көрсету.

Қатысушылар

Балалар, аналар, әжелер, қонақтар және кейіпкерлер (Көктем, Карлсон).

Сахналық басталу

Ән ырғағымен балалар ән-күй залына кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.

Жүргізуші

Тойлаймыз біз бүгін,
Мерекесін біздердің.
Айтыңдаршы, балалар,
Ойланбай-ақ, балалар!

Балалар

Ана! Ана! Ана!

Құттықтау сөзі

Қош келдіңіздер, аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, қыздар! Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз! Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіздер! Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты балалардың шағын ән-сазды тамашасын көріңіздер.

Тақпақтар: «Анаға арнау»

Сабина

Айналайын ана, мерекеңмен,
Сыйлайыншы саған дала гүлін мен.
Мерекелі күнің қандай тамаша,
Кеудеңдегі гүлің қандай жараса!

Айғаным

Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.

Рахат

Көктем келді қуантып,
Күн шуағы нұрланды.
Аналарға келеміз,
Құшақ-құшақ гүл алып.

Кристина

Алақаның — ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнім батса да,
Өзің — күнсің балаға.

Жансая

Айбат анам, ай анам,
«Ботам» деген даусыңнан
Мәз-мәз болып оянам,
Айналайын ақ мамам.

Аяла

«Бала, бала, бала» деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.

Илияс

Алақай-ау, алақай,
Үйге келді мамамыз.
Сол сәт барлық балақай
Мәз-мейрам боп қаламыз.

Әсел

Қадірлі аналар көңілді,
Көктемдей жайнап гүл ашты.
Бақытқа толып өмірі,
Шаттыққа шаттық ұлассын.

Шырай

Ана — біздің күніміз,
Ананың біз — гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән

«Айналайын, мама»

Кейіпкердің келуі: Көктем

Көктем

Сәлеметсіздер ме, аналар, әжелер, балалар, қыздар! Мен — көгілдір Көктеммін.
Былтыр келіп кеткенмін, орманда бұл-бұл сайраған, көптен күткен Көктеммін.
Әлемдегі ең әдемі аналарды құттықтауға келдім. Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.

Мен осында көбелектерімді көріп тұрмын ғой. Олардың билерін сағындым. Билеп бересіңдер ме?

Би

«Көбелек биі»

Көктем: Билерің өте тамаша екен. Рахмет сендерге!

Менің Карлсон деген досым бар. Оған сендердің көмектерің керек: ол өз әжесін іздеп жүр. Көмектесеміз бе? Олай болса, бәріміз Карлсонды шақырайық!

Балалар

Карлсон! Карлсон!

Оқиға желісі: Карлсон әжесін іздейді

Карлсон

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым — Карлсон. Мерекелеріңіз құтты болсын, аналар мен қыздар! Мен де өз әжемді құттықтайын десем, жоғалтып алдым. Табылмай қойды… Маған көмектесіңдерші!

Жүргізуші

Карлсон, қазір бізде әжелеріміз биге шығады. Мүмкін, солардың ішінде сенің әжең де бар шығар. Тамашала!

Би

«Әжелер биі»

Карлсон: Жоқ, бұл әжелердің ішінде менің әжем жоқ екен…

Балалар, сиқырлы кемеге мініп, бәріміз бірге әжемді іздейік. Кемемізді тербетейікші!

Жүргізуші

Балалар, Карлсон әжесін қатты сағыныпты. Олай болса, әжелеріміз туралы тақпақтар айтайық!

Тақпақтар: «Әжеге арнау»

Ақсезім

Мен әжемді сүйемін,
Киімді өзім киемін.
Ақылыңа көнемін,
Өлең айтып беремін.

Шыңғыс

Менің әжем — ақ әжем,
Менің әжем — жыр әжем.
Ұл мен қыздың бағы — әжем,
Шуағы мол нұр әжем.

Саян

Ойнап келсем, «күнім» деп,
Қарсы алады күлімдеп.
Мен сабақты оқимын,
Әжем кілем тоқиды.

Іңкәр

Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.

Көрініс

  • Әжені іздеу.
  • Сиқырлы кемемен тербелу.

Қозғалыс сәттері мен билер

Жүргізуші

Балалар, бәріміз шаршадық. Олай болса, шаршағанымызды басып, бір өлең айтып жіберейік: «Аяқпенен топ-топ».

Би

«Сәбилер биі»

Көрініс

Кеменің қозғалысы (іздеу жалғасады).

Тәрбиелік сәт

Балалар, біз аналарымызды тыңдаймыз ба? Жалқау болмаймыз ба? Олай болса, қазір «Жалқаубек» биін тамашалайық.

Шарықтау: Әже табылды

Карлсон: Әжені іздейікші… Мына кісі менің әжеме ұқсайды екен. Әже! Әже!

(Карлсон әжесімен құшақтасып көріседі.)

Балалар, менің әжеме арнап өлең білесіңдер ме?

Ән

«Әже әні»

Ойын: «Мен және менің анам»

Шарты: анасы мен қызы немесе баласы бірге өнер көрсетеді: өлең айту, би билеу немесе сән өнерін таныстыру.

Қорытынды: Сиқырлы сыйлық және жалпы би

Карлсонның әжесі

Балалар, менің сендерге алып келген сыйым бар. Мына кәмпитті қараңдаршы!

Карлсон: Әже, ол балаларға жетпейді ғой…

Әжесі: Бұл жай кәмпит емес — сиқырлы кәмпит.

(Кәмпиттің қаптамасын ашып, ішінен көп кәмпит шығарады.)

Финал

Жалпы би.